Ұшақ апаты: Дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

Ұшақ апаты: Дәрігерлер бара жатқан жүкті әйелдің жағдайы белгілі болды

Санавиация ұшып бармақшы болған әйел жасанды тыныс алдыру аппаратымен жатыр. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Шымкенттегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цай хабарлады.

Әйел босанған соң Түркістаннан Шымкент ауруханасына 2 қазанда түскен. Сәбиді 16 қыркүйекте босанған. Бірақ осы уақыт бойы түркістандық дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін әрекет етіп келген.

Облыстық аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Вячеслав Цайдың айтуынша, әйел оларға өте ауыр жағдайда келіп түскен. "Республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақыру - тәжірибеде бар іс, мұндай жағдай науқас ауыр жағдайда жатқанда сала мамандарының кеңесі қажет болғанда жасалады. Мұндай жағдайларда уақыт факторы аса маңызды. Қазір біз республикалық санавиациямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз және олар борт тағы да ұшып келе ме, ұшып келсе қайдан келетінін анықтап жатырмыз", - деді Вячеслав Цай.

Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста