Сүзбе - айранды қайнатқанда пайда болатын ақуызды қышқылсүтті тағам. Сүзбе құрамындағы майдың көлеміне қарай үшке бөлінеді: майлы (18 %), жартылай майлы (9 %) және майсыз ( 3 % көп емес). Жартылай майлы сүзбе қатарына жұмсақ диеталық сүзбе де жатады.
Сүзбенің пайдалы қасиеттері:
Сүзбе сүттен дайындалған, кальций мол керемет тағам. Онда 14-тен 18 пайызға дейін ақуыз мөлшері кездеседі. Сүзбеде жасұнық құрылымы мүлде жоқ. Сондықтан, ет, құс еті және балықтағы ақуыз көздерінен ерекшеленеді. Сүзбе жеңіл қабылданады және толығымен қорытылады.
Сүзбеде майдың көлемі 20 пайызға дейін жетуі мүмкін, бірақ диеталық майсыздандырылған түрлері де бар. Сүзбенің майсыздандырылған түрлері аминқышқылының алмастырылмайтын түрі метионинге бай. Ол ағзадағы холестерин көлемін азайтып, бауыр майлануының алдын алады. Ал бауырдың майлануы ағзаға токсиндерді немесе түрлі дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүрлейді.
Тұқым қуалау арқылы келетін бұлшық ет дистрофийін емдеу кезінде ауырған адамға анаболикалық стероидттердің көп дозасын береді. Осылайша, стероидтардың бауырға әсер етуінің алдын алу үшін ауырған адам міндетті түрле күніне 300 грамм сүзбе жеуі тиіс.
Алмастырылмайтын амин қышқылдарынан бөлек (ақуыз) сүзбе дәрумендерге (әсіресе, А, Е, Р, В2, В6 және В12 ), фоли қышқылына, кальций тұзына, темірге, натрий, магний, меди, цинк, фтор және фосфорға бай. Осындай құнды заттардың қосындысынан соң, сүзбе жақсы қорытылады.
Аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдер кальций мен басқа да микроэлементтерге бай сүзбені жиі қолданғаны жөн. 5-7 айлық сәбиге де сүзбе беруге болады. Балалар үшін сүттен жасалған, ұзақ уақыт қайнатылмаған майсыз сүзбе тиімді. Сүзбе ағзадағы ұлпаның өсуіне және қалыпқа келуіне жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесі мен қан айналым және жүрек қызметіне пайдалы.
Сүзбе тек қана балалар үшін ғана емес, егде адамдарға да аса қажет. Ол бауырды, атеросклерозды және гипертониялық ауруларды емдеу кешінде диета құрамына кіреді.
Сүзбе асқазандағы және ұлтабардағы жараны, созылмалы гастритті, өт қабындағы созылмалы ауруларды, панкреатитті, ішек ауруларын емдеуге көмектеседі. Сүзбе кез келген диета құрамына енеді.
Құрамындағы кальций тұзы мен фосфордың көлемі және екеуінің физиологиялық тұрғыдағы жақсы қатынасының әсерінен сүзбе өзге тағамдардан ерекшеленеді: шамамен 0,4 %. Атап өту керек, сүзбедегі кальцийдің молдығы туберкулез кезінде, сүйек сынғанда, рахит кезінде, бүйрек пен жүрек ауырғанда жақсы әсер етеді. Ал сүзбені дайындау аса қиын емес. Көптеген ғасырлар бұрынғы үрдіс бойынша дайындалады.
Түйіршікті сүзбе ұзақ сақталады, көлемі жөнінен майлыдан да үлкен. Диеталық сүзбе қант диабетімен ауыратындарға, әлсіреген адамдарға, жарақат алып, күйік шалған, жүрегі ауыратын адамдарға аса қажет.
Емдік құрамының әсерінен сүзбенің емдік қасиеті де мол. Сүзбе құрамындағы казеин жануарлардаға ақуызды алмастырып, тойымдылығымен ерекшеленеді. Емдік қасиетінің арқасында сүзбе сүйек тканін қатайтады, атеросклероздан қорғайды. Сүзбе көптеген диеталарадың құрамына енеді. Сүзбе жүйке жүйесін нығайтып, сүйек тканін қалпына келтіретін қасиетімен де ерекше.
Асқазан-ішек ауруларында сүзбе емдік мақсатпен қолданылады. Өйткені, қорытылуы тез, жеңіл қабылданады. Мұндай аурулар кезінде майсыздандырылған, диеталық сүзбе немесе қаймаққа ұқсас, ең бастысы қышқылдығы төмен сүзбе қолданған жөн. Әдеттегі сүзбенің қышқылдығы асқазан жарасы немесе гастритпен ауыратындар үшін де жоғары саналады. Мұндай сырқаты бар адамдарға тығыз сүзбені ұсынамыз. Сүзбенің бұл түрін үй жағдайында дайындаған да оңай. 1,5 литр қайнаған сүтке жарты литр айран қосамыз. Дайындалған қоспаны сүзгіден өткізіп алыңыз, сүзбе дайын. Мұндай сүзбені қаймақпен араластырып жеуге де болады.
Халықтық медицинада сүзбені пайдаланды. Әсіресе, өкпе қабынуы мен бронхиттті емдейді. Ол үшін қышқыл сүзбеден компресс дайындайды: 200 грамм сүзбені бір ас қасық балмен араластырады. Алынған қоспаны тегістеп матаға жағады да, жоғарыдан жабады. Компрестті арқаға қойып, таза қағазбен жабады. Мұны әдетте түн мезгілінде істейді.
Сүзбенің қауіпті жақтары
Сүзбені төзуге болмайтын ауру кезінде қолданбайды. Сонымен қатар, бүйрек ауырған кезде де қауіпті. Өйткені, сүзбе қатарында ақуыз көп. Одан бөлек, майлылығы жоғары сүзбе қандағы холестерин мөлшерін көбейтеді және мұның нәтижесі семіру мен атеросклерозға әкелуі мүмкін.
Уақыты өтіп кеткен, бұзылған сүзбені қолдануға болмайды (үй сүзбесінің мерзімі 36 сағат, ал дүкеннен сатып алынған сүзбе 5 күнге дейін шыдайды). Өйткені, бұл ішек инфекциясын тудыруы мүмкін.
ҚазАқпарат