Рактың емін қазақтар ежелден білген...

Қазақ дүниетанымындағы ырым-тыйым мен Симончини зерттеулерінің қандай қатысы бар?

Өткен ғасырдың 80-жылдары Тулио Симончини деген италиялық онколог, иммунолог дәрігер рак ауруының неден пайда болатыны туралы сенсациялық болжамын жариялады. Оны айтуынша рак - ағзада өздігінен пайда болатын ісік емес, кандидоз деп аталатын ашытқы саңырауқұлақтарының микробы әсерінен пайда болатын ауру.

Кандидоз немесе молочница микробтары адамдардың 80 пайызында кездеседі екен. Ағза иммунитеті бұл микробтарды үнмеі бақылап отырады екен, бірақ иммунды жүйе әлсіресе дереу күшейіп, бір жерге жиналып әлсіз мүшені зақымдауға кіріседі дейді. Препараттарға өте төзімді, тез мутацияланады. Сол микробтар ағзаны бір мүшесін ақыры раккқа айналдырады, химиялық терапияның да әсері шамалы дейді, себебі кандидоз микробтары бүкіл ағзада болғаннан кейін қатерлі ісі шыққан жерді химиялық терапиямен емдесе ол оп-оңай екінші жерге көшіп кете береді екен.

Осылайша Тулио Симончини рак ауруы адамға кәдімгі микроб арқылы жұғатыны туралы болжам айтқан.

Ал енді қазақтарда "түнде судың бетін ашық тастауға болмайды" деген тыйым бар. Тыйымға сәйкес, жылдың бір күнінде бүкіл жамандық атаулы көшетін бір түн бар екен... Ол түннің қай түн екенін ешкім білмейді. Сондықтан, әр күні судың, су ғана емес, барлық тамақ салынған ыдыстың беті жабық тұруға тиіс. Тіпті тамағы жоқ ыдыс та беті ашық тұрмауы керек. Ал егер, сол түні кімде-кім су тұрған ыдыстың бетін ашық қалдырса сол суға әлгі жамандық шөгеді екен. Ислам дінінде ашық тұрған ыдыстан шайтан тамақтанады деп айтылады. Қазіргі заманғы ислам ғұламасы Фетхулла Гулен тіпті ракты шайтан деп айтқан екен. Адамның бір мүшесіне барып орнығып алып, ақыры өлімге душар етеді дегенге келтірген.

Содан сол судан ішкен адам жаман ауруға (ракқа) ұшырайды екен. Қазақ емшілігі рак ауруының пайда болуын осылай түсіндіреді. Яғни қазақ дүниетанымы бойынша рак - ағзаның ішінде өзінен-өзі пайда болатын, ешкім сырын білмейтін, қалай пайда болатынын ешкім білмейтін ісік емес, қоздырғышы сырттан келетін микробты ауру.

Сонда Симончинидің айтып тұрғанын қазақтар бұрыннан білген бе?

Әлқисса, Симончини рак ауруының қоздырғышын тапқан соң оны емдеуге кіріседі. Қалай? Ол үшін кандидоз микробының неден қашатынын зерттеуге кіріседі. Сөйтсе, кандидоз кәдімгі ас содасынан қорқады екен. Ғылымда "натрий бикарбонаты" деп аталатын ас содасымен дәрігер бірнеше адамды рактан емдеп жазады. Қатерлі ісік пайда болған аймақты ас содасын енгізгенде рактың қай стадиясында керемет нәтиже берген... Бірақ кейін бір пациенттің өлімінен соң, дәрігерлер қауымдастығы тарапынан"алаяқтық жасады" деп айыпталып, түрмеге түседі... Симончинидің айтуынша, рак ауруының емі бар - ол ас содасы. Бірақ ДДСҰ оны жариялауға мүдделі емес, өйткені қымбат препараттар мен қымбат терапиялар - үлкееен бизнес...

Осы ас содасының керемет қасиетін қазақтар бұрыннан білген бе деймін. Менің естуімше, Маңғыстаудың сорлы жерінен алынатын қара тұз өлімнен басқа аурудың бәріне ем деп айтылатын... Халық емшілері осы соданың тумаласы ас тұзының күшімен небір жазылмайтын ауруларды жазып келген ғой... Қара тұздың ем болмайтын, шипа болмайтын ауруы жоқ, тіпті рак ауруына да шипа болады дегенді бір жерден оқып едім, бірақ ұмытып қалдым.

Жалпы, қазақ арасында рак ауруы сирек кездескен емес пе, негізінен рактың ішінде халық арасында "қылтамақ" аталатын өңеш рагі мен өкпе рагімен ғана ауырған. Осының өзі тұрмыс жағдайына байланысты болса керек.

Өткенде осы Симончинидің еңбегін оқып отырып, миыма сарт ете түсті, осы рактың емін қазақтар білген бе?

Олай болса, осы бағытта еңбектеніп жатқан ғалымдар, дәрігерлер бар ма екен?

Уайс Ерсайынұлы
(ФБ парақшасынан)

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста