Қызылордада ауруханалардың бірінде төртінші қабаттың балконынан пациент құлап қайтыс болды. Көз жұмған әйел - 61 жаста, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап.
Егде жастағы әйел облыс орталығындағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатқан. 6 тамыз күні ол белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Қызылорданың полиция департаменті әйелдің өлімін растады.
"Аталған факті полицияда тіркелді, Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 1-тармағы бойынша "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz