Қыс мезгілінде де кенеден сақтану қажет

Жалпы табиғатта, иксод кенелері өзінің белсенділігін, өсуін сыртқы ауа температурасы 10 градустан төмен болса, немесе 45,0 гдадустан жоғары болса олар азайтады, немесе тоқтатады. Алайда соңғы жылдары тұрғындар арасында қыс мезгілінде де кене шағу жағдайлары орын алып жүр. Өйткені кенелер қыс айларында мал қораларда қалып, тіршілігін жалғастыра береді. Адамдарға аса қауіп төндіретіні H.asiaticum деп аталатын кене түрі.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында Конго Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағы болып табылады. Сондықтан аталмыш аймақтар көктем, күз айларында қауіп жоғары. Алайда, бұл өңірлерде кене шағу жағдайлары жыл бойына жалғасуда. Соңғы жылдары тіркелген ауруларды сараптағанда науқастардың 63,6%-ын кене шақпағаны, бірақ үйлеріндегі малдарды күтумен айналысқаны анықталды және олардың 27,2% қараша-желтоқсан айларында тіркелген. Бұл айларда кенелер табиғатта өте сирек кездеседі. Соған қарамастан кенеден келер қауіп жойылмай тұр. Оның басты себебі - вирусты кенелердің елді мекендерде мал қораларда болуы.
Елімізде, жыл сайын қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. 2013-2014 жылдары залалсыздандыру жұмыстарына, сәйкесінше, 744,4-793,4 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.
«Осыншама қаржы бөлінсе де неге ауру тіркелу тоқтамайды?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Оған айтарымыз, табиғаттағы кенені толықтай құртып жіберу мүмкін емес, негізгі мақсатымыз елді мекендердегі кененің санын азайтып, оның қораларда өсіп өнуіне жол бермеу. 2014 жылы осы мақсатта 280 елді-мекенге санитарлық қорғаныш аумағы жасалынып, 1060 елді-мекеннің мал қоралары және 6 млн. астам мал басы кенеге қарсы залалсыздандырылды. Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, тұрғындар арасында ауру тіркелу қауіпі азаймауда. Себебі - тұрғындардың мал қораларының толықтай тазартылмауы, малдармен қарым қатынаста болғанда жеке бас гигенасын сақтамауы, жеке малдардың кенеленуіне жол берілуі. Жергілікті әкімшілік, ветеринария қызметкерлері осы жұмыс барысында тұрғындармен жеткілікті түрде жұмыс жасамауда. Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуші мекемелер өздерінің жұмыстарына үстіртін қарап, жұмыстарын бақылаусыз жасайтындығын айта кету керек.

Сонда жалпы не істеуіміз керек?

- Біз, Конго Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарда тұратынымызды ұмытпауымыз керек, сондықтан ауылшаруашылық малдарының кенеленуіне жол бермей, мал қораларын жүйелі түрде тазартып отыруымыз қажет.
- Вирусты кенеден адамға жұқтырмау шарасы, әсіресе табиғатқа шыққанда кене шақпау үшін сақтандыру киімін қолдану (жеңі ұзын жейде, шалбар); кенені тез табуға көмек беретін ақшыл түсті киімді кию; кенеге қарсы препаратты қолдану; кененің бар екенін тексеріп өзді-өздерін қарау; малдардың кенеленбеу жолдарын қарастыру, кенеге қарсы қолданылатын препараттарды қолдану; кенесі көп аудандарда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
- Малдан адамға жұқтырмау шараларын қарастыру, жануарларға күтім жасағанда (баққан, сауған кезде және т.б.), жануарларды мүшелеген, сойған, тасымалдаған және өткізген кезде олардың қанымен, терісімен, жанасқанда сақтандыру киімдерін пайдалану;
- Адамнан адамға жұғу қаупін азайту;
- Аурудың белгілері білінсе (дене қызуының көтерілуі, мұрынынан қан кету, бөртпелер пайда болу, бас және бұлшық еттерінің ауыруы, жүрек айну, лоқсу, іші өту) дереу медицина мекемелеріне қаралу.

Қыраубаев Кәкімжан

ҚР ТҚҚК санитарлық-эпидемиологиялық
сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық
орталығының жоғары санатты дәрігер эпидемиологы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста