Қазақстандық дәрігерлер болашақта туберкулезге анализ жасау кезінде флюорографиядан бас тартуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сілтеме жасап.
"Біз алғаш рет туберкулезді қан арқылы анықтап көрдік. Өздеріңіз білетіндей, қазір көп елде бұл ауру флюораграфия арқылы анықталады. Біз қан арқылы анализ жасау жолын көп іздеп, нәтижесінде кәрістермен келісімшарт жасастық. Олар бізге қондырғылар әкелді, оны екі емханада тексеруден өткізіп жатырмыз. Егер бұл тәжірибе сәтті шықса, онда біз анализді қан арқылы жасайтын боламыз", - деді Байжүнісов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана медициналық қоғамы өкілдерімен кездесуі барысында.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, қан арқылы туберкулезге анализ жасау: біріншіден, адамда туберкулездің бар-жоғын нақты анықтауға, екіншіден, адамның антибиотикке сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді.
kaz.tengrinews.kz