Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы елорданың онкологиялық орталығында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау бойынша бірлескен брифинг өткізді.
Шара барысында қатерлік ісіктерді емдеуде мульти дисциплинарлық әдісті одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.
Астанада қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеуде жаңа технологиялар қазірдің өзінде қолданылуда, атап айтқанда, онкологиялық орталық жаңа заманауи жабдықтар сатып алды.
«Арнайы компьютерлік томографтың бақылауымен 6 түр бойынша қатерлі ісіктің ерте диагностикасы мен скринигтерінің жаңа әдістері енгізілуде. Тексерулер мемлекеттік бюджет есебінен тегін жүргізіледі», - деп атап көрсетті Астана қ. Онкологтар, радиологтар қауымдастығының төрағасы, онкоорталықтың бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев.
2016 жылы ісікті емханаға дейінгі кезеңде анықтау үшін стереотаксикалық биопсия, және ешбір тыртықсыз, хирургиялық косметикалық әсерлердің көмегімен УДЗ бақылауымен кіші көлемдегі ісіктерді кесіп алып тастауға болатын вакуумдық аспирациондық биопсия қолданыла бастады.
Жаңа технологияларды енгізудің арқасында ауруды ерте кезеңде анықтау жағдайлары артты, мысалы, скрининг арқылы рактың анықталуы 100% құрады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200,6 болды, 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мыңға 198,4 болған. Науқастарда қатерлі ісіктердің анықталу көрсеткішінің артуы скринингтік бағдарламалардың енгізілуімен және өзге өңірлерден келетін пациенттердің көбеюіне байланысты.
«Астана қ. Онкологиялық орталығында республикада алғаш рет бас және мойындағы ісіктер кезінде микрохирургиялық қалпына келтіру операциялары - тіл, төменгі жақ пластикасы, кеуде қуысының, кіші жамбас, құрсақ қуысы органдарына эндовидеохирургиялық операциялар енгізілді», - деді онколог дәрігер Мұхтар Есенжанұлы.