Бейнеу ауданында тұратын 15 жастағы қыздың асқазанында шаш 30х12 сантиметр болып жиналып қалыпты. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, қызға көмек көрсетті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасындағы видеоэндоскопиялық бөлімінің меңгерушісі Талғат Мұқантаев айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lada басылымына сілтеме жасап.
Екі апта бұрын жасөспірім қыз тамақ жеп болған соң құса бастаған. Дәрегерге жүгініп, тексерілгеннен кейін асқазанына шаштың жиналып қалған түйіні табылды.
«Шаш үйіндісі соншалық көп, тіпті асқазанда бос орын қалмапты. Бізге үш жылда бір рет осындай жағдаймен келіп жатады. Бірақ мұндай үлкен көлемдегі түйінді бірінші рет көріп тұрмыз. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Бір аптадан кейін ауруханадан шығарамыз», - деді Талғат Мұқантаев.