Аз қимылдайтын егде жастағы әйелдер өмірінің 8 жылын жоғалтады деп хабарлайды lenta.ru. Мұндай қорытындыны Сан-Диегодағы Калифорния университеті Медицина мектебінің ғалымдары жасады.
Зерттеуге 64-тен 95 жас аралығындағы 1500 әйел қатысты. Олардың оң жамбасына акселерометр орнатылды. Ол арқылы зерттеуге қатысып жатқан әйелдің физикалық белсенділігін 7 күн бойы бақылайды. Акселерометр күндіз де, түндеде жұмыс істейді. Одан кейін ғалымдар адамның қартаюуына байланысты теломерлер – хромосомалардың соңғы бөлшектерінің ұзындығын өлшеді. Күніне 30 минут болса да физикалық жаттығу жасайтын әйелдердің теломерлері аз қимылдайтын әйелдерге қарағанда ұзынырақ екені белгілі болды. Яғни соңғылары тез қартаяды. Белсенді емес өмір салты рак және қант диабеті секілді ауруларға шалдығу қатерін ұлғайтады. Теломерлер қайталанатын ретті ДНҚ-лардан тұрады. Олар көбейетін хромосомоларды зақымдануынан қорғайды. Алайда әрбір бөліс кезінде клеткалар қысқарады. Бұл процесс қартаюмен байланысты жүреді. Теломерлері қысқа клеткалар өз қызметін атқара алмай нәтижесінде өледі.