Еркектерді естен тандыратын белсіздікті дер кезінде емдеуге болады

Соңғы кездері еркектердің жыныс мүшесіне қатысты дендеп кеткен дерттің бірі – белсіздік пен ұрықсыз қалу. Асқынған аурулар қатарына жатпағанмен, бұл дерт жігіттердің жүйкесін жұқартады. Өзінің күш-қуатының төмендегенін сезінген ерлер урологтар мен андролог мамандарға дер кезінде қаралса, аталған қасіреттен құтылуға болады.

Сонымен, бүгінгі әңгімеміз белсіздік төңірегінде болмақ. Сіздерге кеңес беретін Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институты урология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Болат Уахитұлы Шәлекенов.

Белсіздік – көп факторлы: оған әсер ететін қуықасты безінің ауруы; буын тамырларындағы кінәраттар; еркек гормондарының жетіспеуі, оның жұмыртқада ұйып қалуы. Гормондар төмендеуінің әсері күшті. ПРОСТАТИТ болғаннан кейін қуықасты безі қабынғанда, ұрық көп бөлінбейді. Екіншіден, ұрық сыртқа шықпаған соң, ол без ішінде жиналып, бездегі бұлшық еттердің тартылуынан ұрықты сыртқа қарай күшпен айдай алмайды. Мәселен, бір ай шамасында іссапарда болған жігіттер әйелдермен жа-қындаспаса, жыныс мүшесі қызметінде белгілі бір өзгерістер болады. Демек, ұзақ уақыт жыныс қатынасына бармаған жігіттердің денсаулығы сыр беруі әбден мүмкін. Олар үзілістен соң әйелдермен жақындасқанда ұрықты тез жіберіп қояды. Соның салдарынан өзі де, төсекте бірге жатқан нәзік жыныстылар да ойдағыдай қанағат алмайды. Содан соң… ер азаматтардың көпшілігі осыны ойға алып, жүйкесін жұқартады. Тіпті әйелге жақындасудан жүрексініп, тартыншақтап жүреді.

Қабынудан соң бездің шығаратын гормон секілді ферменттерінің бірі – ингибин уақытысында бөлінбейді (Оны кәдімгі мотордағы ұшқынмен салыстыруға болады. Де-мек, ол қанды айдап, кәдімгі жыныс мүшесінің барлық ішкі қозғалысын реттейді. Одан адамда қозу процесі басталады). Қабыну кезінде ингибин аз бөлінеді немесе үнемі бөліне бермейді. Сондықтан байланыс гормондары бір-бірімен байланысын үзеді. Олардың қайта жиналуы өте қиын. Жыныс мүшесі буындарының әлсіздігі өз қызметінің әлсірегендігін байқатады. Одан эрекцияның пайда болғанын сезінуге болады.

Тестесторондардың жетіспеушілігі мен белсенділіктің төмендеуінің де белгілі бір жағдайда кері әсері бар. Әсіресе, ол 50 жастан соң айқын байқалады. Жас ұлғайған сайын еркектер тарапынан әйелдің ыстық демін жұтуға құлшынысы төмендейді. Ол соншалықты қорқынышты ауру емес, ол жаспен байланысты гипогонодизмнің бас-талуы. Сондықтан әр жігіт төсек белсенділігін жоғалта бастағанда, ұялмай-ақ бірден дәрігерге қаралуы тиіс. Егер тосыннан келетін белсіздіктің басталуына бірден шара қол-данылса, белсенділікті біраз уақытқа дейін жоғалтып алмауға болады.

Жалпы, белсіздіктің басталуына төрт фактор ықпал етеді. Дегенмен басты ескеретін мәселе – жастың ұлғаюымен тестестерондардың азаюы, оның салдары адамды дертке ұшыратады. Бұған әсер ететін жағдайлар жұмыстан айырылып қаламын деген күдік, қызметке тұру мен ауысу, тұрмыс тауқыметі тағы басқа жағдайлар. Жүйкеге тиетін осындай қиындықтар ағзадағы тепе-теңдікті бұзады. Өкінішке қарай, тіршілік тауқыметі осы дерттердің күрт төмендеуіне ықпал етпеуде. Алайда белсіздікке қатысты емдеу ша-ралары барысында «науқастар» қатарының өспегенін де айта кеткеніміз дұрыс.

Енді «төсек белсенділігін арттыруға шет елдерден келіп жатқан дәрі-дәрмектер көмектесе ме» деген сұраққа тоқталар болсақ, оның барлығы да көмектеседі. Белсенділікті бірден арттыратын дәрілер бар. Мәселен, «Виагра», «Сиализ»… Алайда олардың барлығы уақытша көмектеседі. Сондықтан оларды үсті-үстіне қолданудың қажеті жоқ, әрі күнде пайдалануға да болмайды. Гипертониялық, басы ауыратын аза-маттар оны қолдану арқылы денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Ал ағзаны қалпына келтіруге арналған дәрілер арқылы аурухана жағдайында емдеуге болады.

Қалалардағы «Отбасы және неке» орталықтарында да андролог мамандар жігіттердің жанына әсер ететін «аурулардан» айығуға көмектесе алады.

aikarakoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста