Емнің қарапайым түрі дұға оқу екен

«Ауырмаңыз!» газеті арқылы өзімнің басымнан өткен артрит деген буын ауруынан қалай құтылғанымды жазуды жөн көрдім.

Жас кезде қызмет бабымен жүріп аурудың қандай азап беретінін сезбеппін. Әйтеуір тұмауратып қалғанда дәрі-дәрмек ішіп алып, жұмыста жүре беретінбіз. Міне, енді зейнетке шыққаннан кейін ауру шындап тиісті.

2000-шы жылы қант диабеті деген ауру пайда болды. Облыстық эндокринологиялық диспансерге есепке тұрып, ем-дом алып жүре бердім. Кейінірек екі иығым мен тізем ауырып, жүріп-тұруым қиындады. Учаскелік дәрігерге көрініп, дәрі ішіп, ине салдырып әлек болдым. Одан сәл дұрыс болғаныммен бір-екі айдан соң қайта мазалайтын.

Бір күндері денсаулық туралы бір газеттен дұғалардың шипасы туралы оқыдым. Ол жерде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) күнде ұйқыға жатар алдында және таңертең ояна салысымен дәрет алып, «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін оқып, аяқ-қолдарын, денесін сипап, үшкіретіні баяндалыпты. Содан мен де 2014-ші жылдан бастап күнде таңертең және кешке осы дұғаларды оқитын болдым. Бір ай өткен соң дерт мені дәрі-дәрмексіз-ақ мазалауын доғарды. Қақсап, сыздап ауыратын жерлерім де ұмытыла бастады.

2014-ші жылы күзде ауруханаға жатып, ем алдым. Сол 10 күнде дұға оқуды тоқтатып қойған едім. Үйге қайтарда тізем қайтадан ауыра бастады. «Ауруханадан жазылып шығамын ба десем, ауру қайтадан мазалай бастағаны қалай?» – деген ой мазалады. Үйге келген соң қайтадан өзімнің қалыптасқан тәртібім бойынша дұғаларды оқуды қолға алдым. Үш күннен кейін денедегі ауырсынуды ұмыта бастадым.

2015-ші жылы қыста созылмалы жүрек жетіспеушілігі деген диагнозбен облыстық аурухананың кардиология бөлімінде ем алдым. Сол кездері тағы да Құран аяттарын оқуды тоқтатқам. Он күннен кейін үйге қайтқанда тізелерім ауыра бастады. Маған: «Неге ауруханадан емделіп шықсам да артрит мазалай береді?» – де­ген ой келді. Дұғаларды оқуды қайта жалғастырдым. Яғни өзіме-өзім дем саламын. Екі-үш күннен кейін тізелерімнің ауырғаны басылды.

Өткен жылы көктемде кезекті рет ауруханада жатып ем алдым. Бұл жолы он күн бойы жатқанда да, үйде де Құран аяттарын оқуды тоқтатқан жоқпын. Міне, енді бүгінгі күнге дейін артрит деген ауру мазалаған жоқ. Содан бастап мен де дұға оқуды үзген емеспін.

Теріге түскен ақтаңдақты кетірудің де осындай бір керемет тәсілін таптым. Бір газеттен ақтөбелік шипагер Ордабай Сандыбайұлының: «Құрандағы мағынасы Алланың өзіне ғана аян болып табылатын, 29-шы сүренің басындағы 14 әріп арқылы оқылатын, тікелей Алланың нұр сәулесіне негізделген «Хуруф-ул Мухатта-а»-ны жүйелі түрде оқып тұрса, шипасы керемет», – деп жазған екен. Осыны мен де күнде таңертең және кешке үзбей оқып жүрмін. Себебі менің қолдарымның үстінде және саусақ араларында ақ дақтар пайда болған. Cоны қлай кетіремін деп мазам кетуші еді. Екі жыл бұрын ол дақтар осы дұғаның арқасында ізсіз жойылды. Мен витилигоға ешқандай дәрі қолданған емеспін.

Қан тазарту мен қан қысымын тұрақтандыруға арналған «Әлиф-ләәәәм-миииим-ра. Нууун. То-сиииин-мии-иим» деп күнде бірнеше рет қайталаймын. Бұл шипалы дыбыстарды желкедегі шұқыршақты сұқ саусақпен басып тұрып дауыстап оқу керек. Оны жүйелі оқу мишық пен жұлынға әсер етіп, қан қысымын тұрақтандырады делінген. Мен осылайша күнде өзіме дем саламын. Құдайға шүкір, бас ауруы басылып, қан қысымым қалыпқа келді. Бас ауырғанда оқыса 10-15 минуттан кейін басылатынына көзім жетіп жүр. Бұрындары түнімен ауырып, таңертең ауру мен ұйқы қанбауынан мең-зең болып жүруші едім. Үш жылдай болды, ол аурулар туралы мүлде ұмыттым.

Тағы бір таңқаларлық жағдай: күзде менің астыңғы азу тісім ауырып, маза бермеді. Жылы тисе де, салқын нәрсе тисе де зырылдап, тамақ іше алмай қиналдым. Сонымен өзім ем алатын Ішкі істер емханасына бардым. (Мен осы саланың зейнеткерімін). Онда стоматолог та бар. Дәрігер тісімді көріп, тескілеп, шұқылап, «пломба» қойып берді. Екі сағаттан кейін тісім қақсап, қызуым көтерілді. Қайта барып едім, тісімді жұлу керек деді. Оған қарсы болдым. Ал ауырсынуды басатын дәрі ішсем, күші кеткен соң тіс қайта мазалайды. Сол мезетте әлгі дұға есіме түсті. «Қалай әсер етер екен, – деген оймен үш қайтара оқыдым. Екі сағаттан соң тағы қайталадым. Қысқасы, сол түні тісім мазалаған жоқ. Тыныш ұйықтадым. Содан бұл дұғаның әсеріне көзім жетіп, оны да күнделікті оқитын болдым. Көп ұзамай босап, қимылдап тұрған тіс түбі бекіп қалды.

Бұл менің өз басымнан өткен оқиғалар. Дерт қинаған өзге жандарға көмегі болып қалар деген оймен дұғалардың кереметі жайлы көпші­лікпен бөлісуді жөн көрдім.

Әбдіқадыр СӘПИЕВ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста