Дәрігерлер құрамында есірткі бар дәрі-дәрмекті қолдану аясын кеңітуді сұрап отыр

Қазақстанда жыл сайын 30 мың адамғақатерлі ісік диагнозы қойылады. Еліміз бойынша қатерлі ісікке шалдыққандардың жартысына жуығын емдеу мүмкін емес. Осы адамдардың 50%-ы өздерінің ауруларын адам төзгісіз немесе жан түршігерлік деп бағалайды. Сондықтанда қазақстандық онкологтар құрамында апиын бар ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді қолдану аясын кеңейту қажет деп санайды. Осы жайында Астанада өткен «Менің азабымды тоқтатыңыз!» атты халықаралық конференцияда айтылды деп жазады Baq.kz тілшісі.

Қоғамдағы өткір мәселердің бірі – ауырсынуды басатын анельгетиктерді қолдану мәселесі. Жансыздандыру проблемасы бүгінге дейін мемлекеттік органдар деңгейінде қаралып, оны шешу жолында біраз қадамдар жасалды. Дегенменде, мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар жан-жақты күш салып жатса да, ауырсынуды басатын дәрілер қазақстандық емделушілер үшін қол жетімсіз болып отыр. Осыған байланысты Қазақстанның паллиативтік көмек көрсету ассоциациясының президенті Гүлнар Жайлығалиқызы Күнірова былай дейді:

«17 млн. 852 мың адам тұратын Қазақстанға біз жыл сайын 14-15 келі морфин әкелеміз. Бұл бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) ұсынған нормадан бірнеше есе аз. БДҰ-ның зерттеуі бойынша Қазақстанға жылына шамамен 82,6 келі морфин баламасындағы препарат енгізілуі қажет. Осыдан-ақ еліміздегі аталған дәрінің жетіспеушілігін байқауға болады».

Елімізде апиынды дәрілер тек инъекция мен жапсырғыш (пластырь) түрінде қолданылады. Онкологтардың айтуынша, инъекция түріндегі бұл дәрілер онсызда әлсіз организмге ауыр тиеді. Сондықтанда дәрігерлер таблетка, спрей немесе гель формасындағы түрлерін қолдануды ұсынады.

«Шетелде бұл препараттардың таблетка, спрей, гель формасындағы түрлері қолданылады. Ал, Қазақстанда қолданыста тек инъекция мен пластырь. Жапсырманың (пластырь) өзіне квота аз бөлінгендіктен, елімізге аз мөлшерде әкелінеді. Және де емделушілердің қажеттілігінің орнын толтыра алмайды», - деді Қазақстанның онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Қазақстанның паллиативтік көмек көрсету ассоциациясының президенті Гүлнар Күнірованың айтуынша, халық арасында морфинді ұзақ қолданған адам нашақорға айналады деген түсінік қалыптасқан.

«Елімізде апиынды дәрілерді қолдану жайындағы пікірді өзгертуіміз қажет. Тіпті, дәрігерлердің өзі де апиынды дәрілерді тағайындаудан қорқып жатады. Бұл дұрыс емес. Апиынды құмарлық үшін қолданатын нашақорлар мен ауырсынуды басу үшін анальгетикалық дәрілерге тәуелді болатын адамдардың арасындағы алшақтықты халыққа түсіндіруіміз қажет. Иә, ауырсынуды басатын дәрілерді қолданатын адамдар уақыт өте дәріге тәуелді болады, бірақ бұл олардың нашақорға айналғандығы емес», - деп түсіндірді Гүлнар Жайлығалиқызы.

Г.Күнірова елдегі жеке меншік дәріханалардың есірткілік анальгетиктерді сатудан бас тартатындығын тілге тиек етті. Мемлекеттік құрылымдар бұндай дәрі-дәрмек сататын дәріханаларды жиі тексереді. ІІМ бекіткен норма бойынша, апиынды дәрі сататын дәріханалар міндетті түрде арнайы жабдықталуы қажет. Ассоцияция президентінің айтуынша, осы мәселелерге байланысты дәріханалар аталған препараттарды сатқысы келмейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста