Repurposing Drugs in Oncology (ReDO) компаниясы диклофенак деген белгілі дәрінің обырға қарсы емін тапты, - деп хабарлайды N+1 порталы.
ReDO қызметкерлері диклофенактың ісікке қарсы әсерін зерттеуге бағытталған метасараптамалар жүргізіпті. Қорытындысында дәрінің әсері айтарлықтай ем болатын қасиетке ие екендігі анықталды. Препараттың фармокинетикасының жақсы зерттелгенін, салыстырмалы түрде уытының аздығын және қымбат болмауын есепке ала отырып, ғалымдар оны химиотерапия құралы ретінде қолдануға үміткер деп атады.
Диклофенак ауырсынуды басатын және онкологиялық аурулар кезінде отадан кейін қолданылатындықтан, науқастардың бірі осы дәріні қабылдап, ал бірі қабылдамай емделуінің қорытындылары салыстырылған бірнеше зерттеу жүргізілді. Сөйтсе, препаратты қолдану науқастарды қашықтықтан метастаздау және кеуде, өкпе және бүйрек ісігінен қайтыс болу қаупін азайтады, сонымен қатар, аурудың таралуын баяулатады деген шешім жасалған.
Ғалымдардың пікірінше, диклофенактың ісікке қарсы әсері бірінші кезекте циклоксигеназ ингибитор ретінде эффект беруімен байланысты. Диклофенак ғалымдары онкологиялық аурулардың алдын алу құралы ретінде көп уақыт бойы қызықтырып келген, стероид емес ісікке қарсы препаратқа жатады. Дәрі 1973 жылы жасалып, қазіргі уақытта Novartis концерніне кіретін Ciba-Geigy компаниясы шығарған өнім. Препарат түрлі ауырсыну, ревматоид аурулары және қимыл-тірек аппаратының зақымдалған кезінде қолданылады.
kaz.tengrinews.kz