Аштықпен емделу адам ағзасына қаншалықты пайдалы?

 Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Оны сонау көне заманнан бері барлық халықтар қолданып келеді. Айталық, бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиад та қолданған. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген екен.

Ашығу емін қабылдау ережесінің айтарлықтай қиындығы жоқ. Бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті. Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған (буландыру әдісімен) су қабылданады. Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда, ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда.

Сондай-ақ, ұзақ мерзімді ашығу кезінде артық қимылға бармаған жөн. Көбіне төсекте жатып тынығып, теледидар мен радиодан бас тарту керек, тіпті әңгімелесудің де қажеті аз. Бірақ бұл бойдағы күш-қуатты үнемдеу мақсатында болмаса, бар тірліктен бас тартып жатып алмау қажет. Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада көп жүру, жылы ванна қабылдау мен тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.

Аштықпен емдеу профилактикалық құрал ретінде көптеген аурулардың алдын алады. Ағзамыздағы қан айналымының қалыпты жұмыс істеуіне, сондай-ақ, қанның тазарып отыруына бауыр мүшесі ерекше қызмет етеді. Біз дұрыс тамақтанбасақ, бауырдың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреміз.Ал,ашқұрсақ жүргенімізде асқазанымыз тынығумен бірге, жасушаларымыз да жаңара түседі. Тек асқазанымыз емес, бауыр, ішек құрылыстары, ас қорыту ферменттері мен өт жолдары, ұйқы безі мүшелеріміз де тынығады. Тіпті, жүректің қан қысымы қалыпты жағдайға түсіп, қан айналымы жақсара түседі. Ас қорыту жүйесінің тынығуымен денеміз токсиндерден, яғни зиянды заттар мен қалдықтардан тазарады.

Дәрігерлер,жасы 60-тан асқан адамдарға, дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда аштықпен емделуге тыйым салады. Сонымен қатар,өткір құрт ауруына, бақшаңкөз, қан аурулары, жұқпалы полиартритке шалдыққан адамдар бұл емдеу түрімен емделмеген дұрыс.

 

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста