Астаналық дәрігерлер марганцовка ішіп қойған 3 жасар баланың өмірі үшін күресуде
Елордада 3 жасар бала марганцовканы ішіп қойып, жазым бола жаздады. Қазір, дәрігерлер оның өміріне араша түсуде. Мамандар темір-терсек жұтып қойған 3 айлық баланың өмірі үшін де жанталасты.
Мұндай оқиғалардың жиілеп кеткені соншалық, ауруханаға күн сайын 2-3 сәби түседі екен. Дәрігерлер химиялық заттардан уланудан бөлек, сәбилердің ішінен тиын, ине, магнит, батарейка, полиэтилендік пакеттер де тауып алған. Тіпті, өткен жылмен салыстырғанда, ішекке түскен бөгде заттардың кесірінен пышақ астына түскен балғындардың саны артқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Балалардың ішек-асқазан жолдарынан табылған заттардың сиқы осы. Мынадай магниттер, кілт, тіпті көз бен тілден сақтайтын түйрегіш. Дәрігерлер инені баланың денсаулығына ең қауіптісі дейді. Инені рентгенге салсақ, ол бронханы тесіп, өкпеге барып қадалады екен. Ал мынау магниттер бір-біріне жиналып, ішектің өтімсіздігіне әкеп соғады. Ал үшінші мынау батарейкалар, ол ішекті күйдіріп қана қоймай, оны тесіп шығарады.
Соңғы төрт айда елордадағы балалар ауруханасына түрлі заттарды жұтып қойған
60-қа жуық бала түскен. Ал, 28 сәуір күні марганцовка ішіп қойған үш жасар сәби ауыр хәлде жеткізілген. Оның ауыз қуысы толықтай күйіп қалыпты. Қазіргі таңда ақ халаттылар оның өмірі үшін арпалысуда. Дәрігерлер мұндай жазатайым оқиғалардың саны көбейіп барады дейді. Мәселен, тек былтырдың өзінде 154 баланың анасы дәрігерлер көмегіне жүгініп, оларлың ағзаларынан неше түрлі бөгде заттар табылған.
«Өте көп, жылдан жылға көбейіп бара жатыр десек болады. Ең қорқыныштысы – балалар химиялық заттарды жұтуда, сұйықтықтарды қазан, плиткаларды тазалайтын. Тыныс жолдарына келетін болсақ, мынадай стомотологиялық бұрғы десек болады. Баланың тісін тазалап жатқан кезде тісіне қойып қойған, бала жұтып қойған» – дейді №2 қалалық балалар ауруханасының хирургі Серікжан Нұржанов.
Хирург Серікжан Нұржановтың бұл салада жүргеніне 10 жылдан асқан. Айтуынша, ол сәбилердің ішкі ағзаларынан шегелер, полиэтелендік пакет, 5 сантиметр магнитті де алып шығарған. Ата-анансынан салғырттығынан 3 айлық шақалақтың ішінен де ұсақ-түйек заттар табылып жатады екен.
Ал алматылық дәрігерлер бүлдіршіндердің ішінен шыққан темір-терсек бұйымдардан кәдімгідей үлкен стэнд жасап қойған. Байқасаңыз, мұнда бөгде заттардың қалай асқазанға, өкпеге, өңешге тұрып қалатынын ашық көрсетіліпті. Бәрі де ата-ананың назарын аударту үшін!
“Жемейтін, ішпейтін, жұтпайтын нәрселері жоқ! Бәрі бар мына жерде: ручканың қалпақтары, кілттер, неше түрлі ойыншықтардың бөлшектері, заколкалар, барлық заттар бар бұл жерде”.
Мамандар, он жыл бұрын ішкі құрылысы күйген балалардың 80 пайызын өлім аузынан аман алып қалу қиынның қиыны еді дейді. Бүгінде медицинаның қарыштап дамуына сәйкес, ондай жағдайға тап болған бүлдіршіндердің өмірін сақтау қалуға мүмкіндік көп екен. Десе де, ол ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігін ең төмендетпеуі тиіс дейді мамандар.
«Біз емдейміз, әрине! Бірақ, негізгі қиналатын балалар. Өңешті кеңейтетін арнайы пластикалары бар. Бірақ, ол бәрі бірде балаға ауыр. Сол сепбепті ата-аналарға мұқият болған дұрыс» – дейді «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК бөлім меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Осылайша, ақ халатты абзал жандар химиялық заттарды мейілінше баланың көзінен таса жерге қоюды әдетке айналдырған жөн дейді. Ал бесіктегі баланың жан-жағын қауіпсіз заттармен қамтамасыз еткен дұрыс. Әйтпесе, бір ғана қателік сәбиіңіздің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін.