Алматыда Медицинадағы өзекті мәселелерге арналған ашық есік күні өтті

Қазіргі кезде дертіне шипа таба алмай, емханалардың табалдырығын тоздырып жүрген жандар аз емес. Күнделікті күйбең тірліктен қолдары тимей, ауырса да, дәрігерге көрінбей жүре беретіндер де жетерлік. Ал енді біреулер ауырған баласын қандай дәрігерге қарату керектігін нақты біле алмай, жетектеп алып, түрлі медициналық мекемелердің дәлізінде кезек күтіп жүреді. Сөйтіп жүріп дерттерін асқындырып алатындар да жоқ емес. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры құрылғалы осындай дерттері дендеген талай науқастың айығуына, дұрыс ем алуына, еліміздегі бірнеше медициналық мекеменің қажетті құрылғылармен жабдықталуына жағдай жасады. Ал бұл жолы қор қызметкерлері медицинаның түрлі саласы бойынша дәрігер мамандардың басын қосып, Алматыдағы «Ас-ай» компаниясының ғимаратында Ашық есік күнін өткізді.


Қазан айының 21-і күні Алматы қаласындағы «Ас-ай» компаниясының ғимаратында Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Медицинадағы өзекті мәселе» деген тақырыпта қайырымдылық ашық есік күні өтті. Игілікті шараға Ақсай университеттік клиникасы, «Мақсат медикал» орталығы, «Шығыс медицина орталығы», «Ел аман мед», «Интермед-М» және тағы басқа да орталықтардан білікті дәрігерлер, мен мамандар шақырылды. Қаладағы түрлі медициналық мекемелер мен орталықтардан келген дәрігерлер 40-тан астам науқасты қабылдап, тегін кеңестер берді, өз қабылдауларына шақырып, ары қарай ем алуларына мүмкіндік жасады.

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдоллақызының айтуынша, медицинаның түрлі саласындағы мамандардың басын қосып, бір жерге жинаудағы мақсат – дәрігерлік көмек қажет болып жүрген жандарға жеңілдік жасау. Яғни, осындай Ашық есік күніне келген адам бірнеше дәрігерге қаралып, кеңес алуына мүмкіндігі бар.
Невропотолог маманға қаралуға келген Айжан атты бойжеткен өзінің жол апатынан кейін басы жиі ауыратынын, аяқ-қолы ұйып қалатынын айтты. Оны невропотолог маман Асқар Дәкенұлы мұқият тексеріп, қажетті дәрі-дәрмектерін жазып, кеңестерін берді. Сондай-ақ Айжанның анасы мен әпкесі де бірге келіп, аллерголог, гинеколог мамандарының қабылдауында болды.


Ашық есік күніне Алматыдағы Ақсай университеттік клиникасынан да біраз маман келді. Солардың ішінде білікті отолоринголог Айгүл Рахманқызы балаларды қабылдап, қазіргі күз кезіндегі тұмау ауруларының асқынуына, мұрын, тамақ, құлақ ауруларының алдын алуға қатысты құнды кеңестерімен бөлісті.
Қайырымдылық қоры ұйымдастырған ашық есік күніне «Ел аман мед» орталығынан біраз мамандар келді. Сондай-ақ Шығыс медицинасымен емдейтін Ерлан Қазезұлы, Мақсат Әбдіқадір – медицина ғылымдарының магистрі, ҚХР инемен емдеу қоғамының мүшесі, Ересектер және балалар невропотологі, жоғары санатты дәрігер, Разбай Дастан, терапевт, Сейт Жәмилә – УДЗ маманы, Асқар Дәкенұлы – невропотолог, буын, остеохондроз ауруларын емдейтін жоғары санатты дәрігер, Патигул Утай – проктолог, Ыдырыс Нұртау – ревматолог, Қауан Айгүл – гинеколог мамандар науқастарды қабылдап, әрқайсысы өз саласына қатысты кеңестер берді.


Жоғары санатты невропотолог маман Асқар Дәкенұлының айтуынша, қазір неврологиялық күрделі аурулардың ең көп кездесетін түрі – ми қан-тамырлары ауруы, яғни инсульт, инфаркқа шалдығушылар саны қазір жиілеп кетті. Оның салдары өте қиын, мұндайда адамдардың өліп кетуі де мүмкін немесе сал болып қалады, отбасына көп ауыртпалық салып жатады, медициналық жағынан біршама шығындарға алып келеді. Осындай аурулар жылдан жылға көбейіп келеді әрі жасарып барады. Мұндай ауруларға шалдығуға негізгі себептердің бірі дұрыс тамақтанбау, майлы, тәтті, зиянды тағамдарды жиі пайдалану, қан тамырларының бітеліп қалуына, май басуына, тамырлардың эластикалық күйінің бұзылуына алып келеді. Инсульт, инфаркты қоздыратын гипертензия, қант диабеті секілді аурулар. Осы аурулар өте қауіпті, айталық қант диабеті қан тамырларын талқандайды, жіңішке қан тамырлары бітеліп қалады. Білікті маман Патигүл Утай Ашық есік күніне келгендердің біразының қант мөлшерін, қант қысымын өлшеп, анықтап берді. Сондай-ақ ол қант диабеті, гипертензия, басқа да дерттердің алдын алу үшін не істеу керек, аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде дер кезінде қандай ем қабылдау қажет екенін де бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді.


Тағы бір айта кетерлігі, дәрігерлердің айтуынша, біздің елімізде аса қатерлі емес аурулардың ішінде омыртқа аурулары кейінгі кезде жиі кездеседі екен. Әсіресе, белдегі, мойындағы грыжа, протрузия секілді аурулар жас талғамай үлкен адамдарда да, жастарда да, тіпті оқушыларда да кездеседі. Адамдардың ауыр көтергенде омыртқаларына, беліне күш түсіруі, шалт қимылдағанда сүйектеріне зиян келтіруі бұған себеп болып жатады. Мысалы, жүк тиеуші боп жұмыс істейтіндер беліне арнайы корсеттерді кимей, зақымдап алады. Сондай-ақ үнемі қозғалыссыз отырып жұмыс істейтіндерде, кейібр жүкті әйелдерде осы аурулардың белгілері жиі байқалады.
Асқар Дәкенұлы, невропотолог, буын, остеохондроз ауруларын емдейтін жоғары санатты дәрігер: – Қазір жаңа туған нәрестелерге, жалпы кішкене балаларға бас сүйек ішінің қысымы деген диагноз өте жиі қойлады. Бірақ меніңше, екінің біріне бұл диагнозды қоя беру дұрыс емес және бәріне бірдей дәрелерді де жазып беріп жатады. Бірақ дәрілердің көбінің пайдасы аз. Сондықтан осы диагнозды қою үшін елімізде бір стандарт керек. Бүгінде дәрігерлер басқа диагнозды нақты анықтай алмаса, балалардың бәріне бас сүйек ішінің қысымы деп жазып беруін дұрыс деп есептемеймін. Сондай-ақ қазіргі кезде балалар арасында ДЦП, яғни сал ауруы, өте жиі кездеседі. Бұл ДЦП-ның негізгі себебі – инфекция. Басқа да факторлар бар. Туыт кезінде балаға зақым келуі. Дегенмен әйел адам жүктілікке дейін инфекцияның бар-жоғын анықтап, емделіп, жүктілікті жоспарлағаны жөн. Жалпы неврологиялық аурулардың бүгінде түрі де, себебі де өте көп. Сондықтан сақ болу керек, баланы уатамыз деп қатты шайқауға болмайды. Осындай қарапайым ережелерді ұстанған да артықтық етпейді.
Өз кезегінде гинеколог маман Айгүл Қауан да бірнеше қыз-келіншекті тексеріп, кеңестерін айтып, білгенімен бөлісті. Бүгінде елімізде бала сүйе алмай жүрген әйелдердің саны күн санап көбейіп кеткені рас. Айгүл ханымның айтуынша, әйел де, ер адам да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарағанда ғана дені сау ұрпақты дүниеге әкеле алмақ. Қытайда білім алып, сол жақта тәжірибе жинақтаған маманның Қазақстанға келгеніне 3 жылдан астам уақыт ішінде 18 келіншек Айгүл ханымнан ем алып, бала сүю бақытына ие болды.


Қайырымдылық мақсатта өткен Ашық есік күні медицина қызметкерлеріне біраз адам көкейінде жүрген сұрақтарды қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараны жиі өткізіп тұрудың медицина орталықтары үшін де, ең бастысы қарапайым адамдар үшін де аса маңызы зор. Болашақта мұндай игі шара әлі де жалғасын таппақ. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры үнемі игілікті істердің бастамашысы болып жүреді. Мұқтаж жандарға мейірім шапағатын төгіп жүрген қор қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Осынау жиынға арнайы келген ақ халатты абзал жандар марқұм Асқар Жакулиннің жары Жайна Жакулинаға, қор директоры Гүлнар Сейдоллақызы бастаған ұжымға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Естеріңізге сала кетейік, белгілі меценат, қазақтың ардақты азаматы Асқар Әнуарұлы Жакулин 2016 жылдың ақпан айында ауыр дерттен көз жұмған еді. Марқұмның соңында жары мен екі баласы қалды. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорын жары Жайна Жакулина құрған болатын. Осы уақытқа дейін қайырымдылық қоры қыруар іс атқарып келеді.

Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста