Алматыда коронавирустың стелс-омикрон штамы тіркелді

COVID-19 жұқтырғандар саны артып келеді. Соңғы тәулікте 77 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, стелс- омикрон штамының тіркелуіне байлансты, індет жұқтырғандар саны артты.

 

«Маусымның 23 күні референс-зертханаға ПЦР нәтижесі оң болған 74 сынама жеткізілді, соның нәтижесі бойынша 58 (78,4%) сынама стелс-мутацияның, 16 сынама (22%) омикрон-мутацияның ықтималын көрсетті (толық-геномдық секвенирлік зерттеу жалғасып, растау күтілуде). Бұл нәтижелер бүгінгі таңда орын алып жатқан COVID-19 оқиғаларының өршуінің себепкері вирустың стелс-омикрон түрі екенін анықтады»,- деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

 

Бүгінгі таңға қалыптасқан қарқынмен COVID-19 ауруы жалғаса берсе, Алматы қаласы ДСМ коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының сары аймағына (белгілі шектеулерді қолдануға мәжбүрлейтін) көп ұзамай, 100 мың тұрғындық көрсеткіш 25,0–ге жеткенде, өтуі әбден мүмкін.

 

Осы жағдайдың алдын алу, болдырмау мақсатында қала тұрғындарын вакцинациялау мен ревакцинациялау қажет, әсіресе мүлдем вакцина алмағандарды.

 

Ведомстводан атап өткендей, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы «жасыл аймақта» тұр, маусым айында барлығы 497 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың көпшілігі, яғни бұл 275 адам, мүлдем екпе алмаған, 112-сі толық екпе алған, бірақ жарты жылдан кейін тиісті ревакцинациядан өтпеген.

 

«Жалпы иммунитеті әлсірегендер мен жоқтар ауруға шалдыққандардың 84%-ын құрады. Бұл жағдай вакцинация мен ревакцинация алмағандар стелс-омикронына шалдығып жатқанына дәлел»,- деп қосты департамент өкілдері.

 

Сондай-ақ вакцинаны бір жылдан астам уақыт бұрын алғандардың да вирус жұқтыруы мүмкін. Стелс -омикронның әлсіреген иммунитетті бұзып, ағзаға енетін қабілеті жоғары.

 

«Бүгінгі таңға қалыптасқан қарқынмен COVID-19 ауруы жалғаса берсе, Алматы қаласы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасының сары аймағына өтуі әбден мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу, болдырмау мақсатында қала тұрғындарын вакцинациялау мен ревакцинациялау қажет, әсіресе мүлдем вакцина алмағандарды»,- деп атап өтті ведомстводан.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста