Аллергиядан қалай құтылуға болады?

Алматы шаһарында тұратындардың ішінде аллергиямен ауырмайтындар, оның белгілерін басынан өткермеген­дер кемде-кем. Көктем шығысымен-ақ, көк шығып, өсімдіктердің гүлдей бастаған сәтінен қысқа дейін осы аурумен әлек боп, күрсінетіндер де көп.

 

Аллергия дендегенде өзін қоярға жер таппай кететінін айтып, мұңдарын шағатындар да аз емес. Арасында аурудан арыла алмай аласұрған­дарына бірнеше жылдың жүзі болғандары да бар. Бұл сырқаттың емін таппай, мазасыз күй кешкендер шарасыздықтан дәрігердің кеңесін­сіз, түрлі дәрілік заттарды пайдала­нуға көшіп жататыны да рас. Мұн­дайда, «Аллергиядан құлантаза айығуға бола ма?» деген сауал туындайды. Алдымен, аллергиядан запы көргендердің назына құлақ асайық…

 

Белгілі суретші Аңсаған Мұстафа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Адам­ның жанын қинамай, түшкіріп қалса болды, тарс еткізіп аллергия деп диагноз қоя са­ла­ды. 1995 жылы аллергия басталған. Ауылға барып едім, қалаға түшкіріп, мұрным бі­теліп келдім. Келе салысымен әке-шешем салқын тиген болар деп емдеді. Ем болмады. Уколға көштік, пайда жоқ. Екі аптадан соң бір дәрігер гайморит деп шығарды. Одан система қойып, жақсарғандай едім, бірақ кейін мұрын бітелуі тағы басталды. Не ке­рек, емделіп жүргенде күз де жетті. Жазыл­ғандай болдым. Бірақ келесі жылы ауру қай­та дендеп, жақсы дәрігер іздеп тентіреу тағы басталды. Содан бері, міне аттай 21 жыл өтіп кетіпті. Істемегенім жоқ, бір жылдары тұзды шахтаға да барғыш бол­-дым, ақыр-аяғында көзім жетті, бәрі тек ауру белгісін ғана басады, емдемейді екен. Бұның емін тапқан адам жоқ, неге? Қазір екінің бірінде аллергия бар, неге бәрін қойып осының емін таппайды екен? Бала­ларға обал» деп жазады.

 

Ал журналист Жұлдыз Әбділда: «Мұрын бырқылдап, көз қызарып, тамақ қышып, одан қалса аяқ-қолыңа, мойныңа қып-қызыл майда бөртпе қаптап жүру оңай емес. Мұрын дұрыс демалмағаннан кейін бас та ауырады. Оттегі жетпегеннен миға да сал­мақ. Аллергия алматылықтар үшін қалып­-ты ауру. Өйткені, қалада шаң-тозаң көп, таудан келетін самалдың жолын зәулім үй­лер жауып тастаған. Тозаң біздің мұрны­мызға барып қонақтайды. Әлбетте, бәрі­міздің емес, кімнің иммунитеті әлсіз, кім­нің зат алмасу процесі дұрыс емес, со­лардың. 2005 жылдан бері бұл аурумен күресуіндей күрестік. Үндістанда өсетін әнебір тікенек шөпті мұрынға иіскеуден бастап, істемегеніміз жоқ. «Тяньши» дегенді де көрдік. Жалпы, ББҚ (биологиялық бел­сенді қоспа) аллергиядан құлан-таза айық­тырады дегенге сену қиын. Тұз шахталары­на да бардық. Антигистаминнің түр-түрін сынақтан өткіздік. Дипроспанды да сал­дырдық. Ақыры асқындырып, демікпеге ай­налдырып, содан кейін емделудің (оған дейінгінің бәрі әйтеуір тұншықтырудың амалы болатын) жолын іздедік. Емдейді екен. «Қатарынан үш жыл емделсеңіз, со­сын гипоаллергенді диетаны ұстансаңыз, жазылады» дейді. Соған сендім, себебі бір жыл емделгеннен кейін екі жыл аллергия мүлдем мазалаған жоқ. Қатты қиналғанда дипроспанға жүгіреміз. Бірақ, бұл уақытша. Яғни, ауруды тұншықтыру. Ал емделу қыс­та» дейді ол.

 

Өзінің сырқатын аллергияның асқы­нып, демікпеге айналған түрі деген жур­налист Асылхан Мамашұлы Қырғыз­стан­ның На­рын облысы Кочкор ауданындағы Шоң­тұзға барып, жазылыпты.

 

Біз осы мәселеге орай, аллерголог-дер­матолог дәрігер Рахима Жақсылықоваға хабарластық. Оның айтуынша аурудан айығып кетуге болады. Көп жағдайда медицина аллергияның себебі ретінде ал­лергенді ғана қарастырады екен. Ал ал­лер­ген азық-түлік өнімдерінде, дәрілік зат­тарда, т.б. кездеседі. «Шын мәнінде, ал­лергия – нақты емді қажет ететін жұқпалы ауру. Өкінішке қарай, медицинада мұны көрмейді. Мәселе – осында. Қазір жұқ­-палы ауру кең таралып кетіп отыр. Аллер­гия демодекоздық акариаздың кішкентай ғана, жиі кездесетін бөлшегі екенін көр­се­теді. Мысалы, әрбір үшінші ақшыл терілі амери­калықтың денесі қызарған болып келеді және сол демодекоз. Демодекоз – Демодекс микрокенелері тудыратын теріге қабаттаса біткен қосалқыларының созыл­малы пара­зитарлық ауруы. Демодекс ба­сында көбіне аллергия ретінде көрінетін ауру. Мысалы, адам бөртпелерімен келеді делік, оған ал­лергия деген дигноз қойыла­ды. Ал негізінде ол аллергия емес, демоде­коздың алғашқы сатысы болуы мүмкін. Ме­ди­ци­нада демоде­коздың толық сипатта­масы жоқ, ол туралы 1981 жылдан бері айтып келемін. Демодекоз бүтіндей бір ауру ретінде тіркелмей отыр. Яғни, аллер­гия демодекоздың алғашқы бел­гілерінің бірі деуге болады. Дәрігерлер көп жағдайда аурудың себебін жоймайды, белгілерімен ғана күреседі» дейді маман.

 

Аллергияның шығуына тұрмыстағы шаңнан пайда болатын кенелер себепкер. Мәселен, жұмыс орындағы, үйдегі шаң-тозаң аллергия тудырушысы. Демек, халқы көп үлкен қалаларда бұл аурудың кең етек жаюы заңдылық. Негізі медицинада ал­лергия тұқым қуалайды делінгенмен, ма­ман­ның айтуынша, ол тек жұқпалы ауру. Сондай-ақ, ауруды емдеуге тұзды судың да пайдасы барын жоққа шығармайды. Ол – халық емінің бір түрі. Дегенмен, адам ағзасы бірдей болмайтынына байланысты, әр адамға әртүрлі ем тағайындалады.

 

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста