Әйел темекі шеккенде, құрсағыңыздағы бала қандай күйде болады (видео)

Қазіргі кезде көптеген әйелдер екі қабат екенін білсе де зиянды әдетін тастамайды. Шылым шегуден бірден бас тартсақ денсаулығымыз нашарлап шаранаға да әсер етеді деген сылтау айтады, дейді Қамшы порталы.

Аналардың темекі арқылы баласын қаншалықты улап, денсаулығына зиян келтіретінін дәлелдейтін видеоны назарларыңызға ұсынамыз. Бұл кадрлерден темекі тартатын ананың құрсағында жатқан баланың қалай тұншығып жатқанын көруге болады. Дәрігерлер жүкті әйелдерді зиянды әдетінен бас тартуға шақырады. Себебі ол уақытанан бұрын босануға және балада аса қауіпті аурулардың пайда болуына септігін тигізеді.

Ал мамандар болса жүктілік кезіндегі шылым шегудің зиянын былай түсіндіреді.

"Бала ана жатырында жатып бәрін соның организмінен алады. Қоректік заттар мен оттегі баланың организміне бала жолдасы және кіндік бауы арқылы түседі. Темекі тарту кезінде жүкті әйел бала ағзаларын шылымқор адамның қанындағы оттегінің бір бөлігінің орнын басатын ысты газбен улайды. Оттегі жетіспеуі ұрықтың жүрек ырғағын жиілетеді, өйткені оның оттегінің жеткілікті көлемін алғысы келеді. Уақыт өте келе қарқынды жүрек қызметінің мұндай ұстамалары жүрек бұлшықеттерінің ерте тозуына, сәйкесінше жүрек патологиясына жетелейді.
Екі қабат кезде темекі тартудың зардабы баланың аз салмақта туылуымен, кейбір ағзалардың дамуының жетілмеуімен, өкпе қызметінің болдыруымен білінеді. Анасы шылым шеккен балаларда ортаңғы құлақ қабынуы мен бронхиалды астма жиі кездеседі. Сондай-ақ бала жолдасының ажырауы, бала асфиксиясы, ерте босану сияқты елеулі патологиялар да болады" - дейді аға мейірбике Тұрсынкүл Убайдуллақызы Сариева.

baq.kz


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста