Жол-көлік оқиғасына себепші болған жаяу жүргіншіге қатысты жауапкершілікті қатаңдату керек пе?


Ғабиден ЖАЙЛИН, «Әділет» демократия­лық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынба­сары, заңгер:
– Бір ғана Алматы қаласының өзінде жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің қатысуымен 300-ден астам жол апаты тіркеліпті. Мұның көпшілігі жаяу жүргінші­лер­дің жолды белгіленбеген жерден кесіп өту салда­рынан орын алып отыр. Мұндай жағ­дай тек Алматыда емес, барлық жерде солай. Алай­да бізде жаяу жүр­гіншінің кесірінен жол апаты орын алса да, жеме-жемге келгенде бұған көлік жүр­гізу­шісі кінәлі болып шы­ғады. Сот тәжірибесінде жол-көлік оқиғасына себеп­ші бол­ған жаяу жүргіншіні жа­­залап не болмаса одан көлікке кел­тірілген шы­ғын­­ды өндірген жағдайды көрген емеспін. Егер жолды белгілен­беген жерден кесіп өтіп, жол апаты орын алса, оған се­беп­ші болған жаяу жүр­гінші бүлінген автокөліктің шы­ғы­нын төлесін. Егер осын­дай қатаң шаралар қолданылар бол­са, не десек те, бұл жаяу жүргіншіге ой салары анық.

Бақыткелді АЙҚЫНБЕКОВ, Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы:
– Мәселен, бізде заң бойынша жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өт­се, оған айыппұл салынады. Ал егер жаяу жүргінші жол ережесін бұзып, көлік апатын туғызса, онда оны әкімшілік қамауға алуымыз, шығынды өтетуіміз керек. Тек осындай қатаң шара қолданған жағдайда ғана жаяу жүргіншілердің жолдан қалай болса солай өтіп, апатты жағдай туын­датуын тыюға болады. Мысалы, шетелде түнгі уақытта жарық жеткіліксіз жер­дегі жаяулар жүретін жолақтан қараңғы кезде қара киім киіп өткен жүргіншіні байқамай көлік қағып кететін болса, бұған жаяу жүргінші кінәлі болып табы­луы мүмкін. Мұндай жағдайда оқиға егжей-тег­жейлі тексеріледі. Ал жаяу жүргінші жолдың белгіленбеген жерінен өтіп, көлікпен соқтығысатын болса тіпті көліктің шы­ғынын төлейді. Бізде көлікке келтірілген шығынды өтету бы­лай тұрсын, қайта жүргізуші жаяу жүргіншіге материалдық шығын төлеп құты­ла­ды. Осыны біліп алған жаяу жүр­гін­шілер қалай болса солай жолдан өте сала­ды. Тіпті қарсы бағытпен арадағы темір қор­шау­дан асып өтіп жатады. Сон­дықтан бұл төңіректе әлі де көптеген жұмыстар жүргізуіміз қа­жет. Жаяу жүр­гіншілерге қатысты жауапкершілікті қатаңдатып, жол ережесін бұзған жағ­дай­да оларға көлікке келтірілген шығынды өтейтіндей талаптар қоюымыз қажет.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Жалпы, жаяу жүргінші де, көлік жүргізуші де жол қоз­ға­лысының қатысушылары болып табылады. Сон­дықтан жол ере­жесін кім бұзса, сол жауапты болуы тиіс. Дегенмен жол ережесіне қатысты заңды қабыл­дау барысында осы мә­се­ле көп талқыға түсті. Бұл мә­селе гумандық, адамилық тұр­ғы­дан қаралып, жаяу жүр­гіншілердің құқықтары бұзыл­ма­сын деп, оларға артық­шылықтар берілді. Дегенмен менің жеке пікірім – кім айыпты болса, сол жауап беруі тиіс. Өрке­ниет­ті ел­дерде солай. Біз осы тұста көлік жүргізушінің де құ­қ­ы­­ғын ескеруіміз қажет. Әри­не, көлік жүргізушілер де жол ере­желерін қатаң сақтауы қа­жет. Мен кейде өз кө­лі­гіммен қа­ла­да жүргенде, жастардың, әсіре­се жас қыз­дар­дың жол ере­жесін өрескел түрде бұзатында­ры­­ның талай рет куәсі бол­дым. Сондай-ақ жаяу жүргін­шілердің де жолды кез кел­ген жерден кесіп өте­тінін көріп жүрміз. Бізде жол жүру мәде­ние­тін жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілері де сақтай бермейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста