Жоғары білімді жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың қандай жолдары бар?


Айдар ҚЫРЫҚБАЕВ, Алматы қалалық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның баспасөз хатшысы:
– Жоғары білімді жастардың жұмыссыз атануы – үлкен мәселе. Жас­тардың мамандық таңдау кезінде оның сұранысқа ие ма­ман­дық екеніне емес, «сәніне» қарай таңдауы да бұл мәселеге әсер етіп тұр. Мәселен, соңғы кездері елімізде заңгер, экономист ма­ман­дықтары қаптап кетті де, базбір мамандық түрлері тапшылық ту­дырып отыр. Оқу орындарының сұраныстағы мамандарды емес, ақысын төлеген мамандық иелерін дайындауы қоға­мы­мыз­да дипломы бар, жұмыссыз жастардың қатарын еселей түсуде. Шы­ны керек, бүгінде мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы са­ла­сында кадр тапшылығын сезініп отырмыз. Кейбір салаларда ва­кансия жарияланса да жұмыс істеуге мамандар келмейді. Се­бе­бі сол сала бойынша дипломы болса да, жалақысының мар­дым­сыздығынан мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейтін жас­тар жетерлік. Сондықтан жұмыссыздық мәселесін қа­рас­тыр­ғанда осы мәселелерді тереңірек зерттеп, жастарды мүмкіндігінше жұ­мысқа тартудың тетіктерін жете қарастыру керек секілді.


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, Орталық Азия университетінің ғылыми істері жөніндегі проректоры, техника ғылымының докторы, профессор:
– Еліміздегі қаптаған саны көп, сапасы жоқ ЖОО-лар дайындаған ма­ман­­дар саны көп болғанымен, сапа жағынан біліктілігі, білімділігі та­лапқа сай кел­мейді. Сондықтан ЖОО-ларды барынша қысқартып, оң­ды-солды ма­ман даярлауды қою керек. Сапасыз маман қоғамды әл­сіз­дендіретінін ұмыт­­пауымыз қажет. Бүгінде жұмыс берушілер та­лапқа сай не заңгер, не ин­женер жоқтығын жиі айтып жатады. Негізі, жан-жақты, сапалы маман еш­қашан жұмыссыз қалмайды. Мәселен, мен өзімнің компаниямды талапқа сай кадр, бухгалтердің жоқтығынан жа­уып тастадым. Дипломы бар бол­ға­нымен, мамандығына сай іс жүр­гізуді мүлдем білмейтін маманнан қайыр жоқ. Сондықтан сапалы ма­ман даярлауға көңіл бөлуіміз керек. Дипломды оңды-солды таратып, ақы­лы білім арқылы диплом сатуды ғана кәсіп еткен оқу орындарын қыс­қартуымыз керек. Жоғары білімдінің бәрін маман деп айтуға бол­майды. Мен өзім де ұстаз болғаннан кейін жақсы білемін. Бүгінде оқу орындарында талапқа сай ұстаз да аз. Ал олардан білім алған тәлім­гер­лерден қандай маман шығатыны белгілі. Сондықтан жоғары білімді жас­тардың жұмыссыз қалуына әсер ететін факторлар өте көп деп ойлаймын.


Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:
– Бүгінде мамандарды қоғам сұранысына сай дайын­дай ал­май отырмыз. Мемлекеттік жұмыс орындарын айт­па­­ғанда, ірі ком­паниялар мен оқу орындары арасында бай­­ланыс жоқ. Осы­дан келіп қоғамда дипломды жұмыс­сыз жас­тардың саны артып кетіп отыр. Сондай-ақ дипломы бар жастардың барлығы жо­ға­ры білімді, өз саласының маманы деп айта алмаймын. Біз қазір ди­пломды біліммен шатастырамыз. Қаптаған университет, қап­таған ақылы оқу орындары қаптаған студенттерді оқытып шы­ғарып, диплом таратып жатыр. Диплом – адамның білімін рас­тайтын құжат. Бірақ біз біршама уақыт осы нәрсеге үстірт қарап кел­дік. Нағыз білімі бар азамат жұмыссыз қал­майды. Бүгінде ешкімді жұмысқа шақыратын заман емес, бәсекенің заманы. Сондықтан білімді, өзінің біліктілігіне сенетін азамат жұмысты өзі тауып алуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста