Жаза түрлерін ізгілендіреміз деп қылмысқа қарсы күресті әлсіретіп алмаймыз ба?

Жаза түрлерін ізгілендіреміз деп қылмысқа қарсы күресті әлсіретіп алмаймыз ба?


Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:
– Депутат Владимир Нехорошев жазаны ізгілендіру арқылы қылмысты өршітіп аламыз деген пікір айтты. Бұл пікірмен толық келісе алмаймын. Себебі қылмыстың да түр-түрі бар. Мәселен, жемқорлық қылмыстарға жаза­лау­ды күшейту керек дегенге келісемін. Депутат Нехорошев те осыны меңзеп отыр­ған шығар. Қоғамға қауіп төндіретін қылмыстардың қатарына жат­пайтын қылмыс түрлері де бар. Мәселен, алғаш қылмысқа барған адамдарға абайсыздан жасаған қылмыстар үшін, әсіресе жастарға жеңілдіктер болуы керек. Құр босқа түрмеге тоғыта бергеннен ешкім ұтпайды. Оның үстіне адам­дар темір торда неғұрлым көп жатқан сайын олардың қылмыстық «квалификациясы» арта береді. Ал экономикалық қылмыстарға қатысты жазалауды күшейту керек, бірақ қалай? Меніңше, қомақты айыппұл төлету керек. Мұндай қылмыскердің Үкіметтің қаржысына түрмеде жатқанынан ешкімге пайда жоқ. Салық төлеуден жалтарған бизнесмендерге де солай істеу керек. Бизнесін жауып тастап, өздерін қамап қойғаннан гөрі, артығымен айып­пұл төлеп берсін. Яғни жазалауларды қылмыстың түрлеріне байланысты реформалау керек.

І Нәбижан МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, тарихшы:
– Жаза түрлерін ізгілендіреміз деп жүргенде қылмыстың артып кетуі – заңдылық. Адам саналы түрде қылмысқа барған болса, жазасын өтеуі тиіс. Әсіресе экономикалық қылмыстар, жем­қор­лық, мемлекет қаржысын жеке мүд­десіне пайдалану, жымқыру, банк тонау сынды қыл­мыс­тарға қатаң қара­масақ, оны жоя ал­маймыз. Нәтижесінде қоғамның дамуына кедергі болады. Қытайда экономикалық қыл­мыстар ауыр қыл­мыстардың қатарына жат­қызылады. Ол үшін тіпті өлім жазасы белгіленген. Яғни ұрлығы әшкере болған жағдайда алдында өлім күтіп тұрғанын түсінетін кез келген адам өмірін ақшаға айыр­бастағысы келмейді. Сон­дықтан Батысқа еліктеп, жазаны шектен тыс ізгілендіру дұрыс емес.

Толғанай ҮМБЕТАЛИЕВА, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының директоры:
– Бұл тақырыптың екі ұшы бар. Сондықтан жазаны күшейту керек немесе жұмсарту керек деп кесіп айта алмаймыз. Жалпы, қылмыскерлердің жаза өтеу жүйесін ізгілендіру керек екендігімен келісемін. Елімізде қылмыстық оқиғалар өршіп тұр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жем­қорлық та азаяр емес. Олар қылмыстың алдын алу емес, жаза­лаушы органға ғана айналып кетті. Сондықтан мен кейбір қыл­мыстарға қатысты жазаны күшейтуді ұсынамын. Ең алдымен жемқорлық, қызмет бабын асыра пайдалану деген сияқты қылмыс түрлерін атар едім. Дегенмен әлемдік тәжірибе жаза­лауды күшейткенмен, қылмыстық көрсеткіш азаймайды дегенге саяды. Сондықтан оның басқа да жолдарын іздеу керек. Жем­қорлықпен күрес мәселесінде де алдын алу шараларына көп күш салу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста