Түркі тілдес мемлекеттердің интеграциясын дамыту үшін нақты қандай шаралар ұсынасыз?

Түркі тілдес мемлекеттердің интеграциясын дамыту үшін нақты қандай шаралар ұсынасыз?


Ғарифолла Әнес, филология ғылымының кандидаты, лингвист-ғалым:
– Соңғы уақыттарда түркі тілдес мемлекеттердің бірігу қа­жет­тілігі турасында жиі-жиі айтылып, биік мінбелерден тал­қы­ла­на бастады. Бұл идеяны енді нақты іс-шаралармен жүзеге асы­ру ғана қалды. Түркі тілдес мемлекеттердің тарихи тамыры бір болғандық­тан, олардың өзара ынтымақтастығын дамыту аса қиын шаруа емес. Бұл үшін ең алдымен Түркі кеңесіне кі­ре­тін өзге елдермен қатар, Қазақстан да латын алфавитіне кө­шуі керек. Бұлай болмаған күнде ақпараттық кеңістігіміз та­рыл­ған үстіне тарыла бермек. Бұған қоса түркі халықтарына ор­тақ Терминологиялық қор жасауымыз қажет. Бірақ біз жаңа сөз ойлап табудан аулақ болуымыз қажет. Ол үшін ғалымдар бас қосып, үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілуі тиіс. Осы орайда бір айта кетерлік мәселе, біз түркі мемлекеттері арасында ор­тақ тіл қалыптастыра алмаймыз. Бұл мүмкін де емес. Біз тек ор­тақ алфавит, яғни ортақ жазу ғана қалыптастыра аламыз. Бұлай бол­ған жағдайда түркі әлемінің байланысуы мен өзара тү­сінісуі арта түсер еді.

Асылы Осман, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі:
– Қазақ айтады: «Бармасаң, келмесең, жат боласың». Осы бір қарапайым ғана сөздің түбінде үлкен мән жатыр. Сол себепті бүгінгідей жаһанданған әлемде түркі мем­ле­кеттерінің интеграцияға нақты қадам жасап отырғаны біздің тұтас­ты­ғымыздың кепілі бола алады. Күні кеше ғана алты түркі тіл­дес мемлекет басшылары бас қосып, осы мәселелердің бір шешімін тапқандай болды. Бұл ретте түр­кі әлемін біріктіру бас­тамасы Қа­зақстан тарапынан бас­тау алғандығы біздің шын мәнінде ықпалды мемлекетке ай­нала бастағанымызды көр­сетіп отыр. Түркі ха­лық­та­рының бір мәмілеге келіп отыруы – заңды құбылыс. Өйт­кені біздің дініміз бен тарихымыз бір. Сон­дықтан да бұл бас­тама алдағы уақытта ары қарай жетіліп ке­туі үшін түркі дүниесін зерттеп жүрген тілші, тарихшы ға­лымдар ортақ та­рихымыз бар екендігін әлемге барынша жа­рия етуге тиіс. Бұл идея әсіресе бүгінгі жас ұрпақтың са­на­сына мық­­тап сіңірілуі қажет.

Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Түркі тілдес халықтардың ынтымақтасуын нығайту үшін бірқатар мәселелер өз шешімін табуы тиіс. Біріншіден, Түркі ке­ңесінің барлық мүше мемлекеттеріне ортақ латын ал­фа­витін қабылдауымыз шарт. Бұл өз кезегінде рухани ке­ңіс­ті­гімізді кеңей­тумен қа­тар, саяси, экономикалық бағыттағы қа­рым-қатына­сы­мыз­дың жақ­саруына септігін тигізбек. Екін­ші­ден, Түркі кеңесіне кі­ріп отыр­ған алты мемлекет арасында­ғы ірі экономикалық бай­ла­­ныс­тар мен шағын сауда-сат­тық­тағы алыс-берісті жеңілдету үшін ор­тақ кедендік жүйе жа­сақ­тау қа­жеттігі туындайды. Бұл Қа­зақстан на­рығының экспортқа шы­ғуына кең дәліз ашып береді.  Үші­ншіден, әскери саладағы ын­тымақтастығымызды жетілдіру ке­рек. Жалпы, түркі ха­лықтарының интеграцияға бет бұруы бұл біз­дің саяси қа­уіп­сіз­дігіміздің күшеюіне мүмкіндік береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста