Түнгі уақытта жасөспірімдердің көшеде жүруіне тыйым салатын заң керек пе?

Қатипа ҚАСҚЫРҚЫЗЫ, Алматы қалалық білім басқармасының тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім бастығы:

– Қазіргі таңдағы жасөспірімдер қылмысының көбеюі бала тәртібіне тек мектеп инспекторы ғана жауапты еместігін, ата-аналар комитеті мен ұстаздар қауымы, құқық қорғау орындары мен жалпы қоғам тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажеттігін аңғартып отыр. Осы орайда жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде жүруіне тыйым салатын заң қажет дер едім. Өйткені аталмыш заң жасөспірімдердің тәрбиесіне ықпал етуге өз көмегін тигізер еді. Жасөспірімдер түнгі мезгілде түрлі түнгі клубтар мен көшелерде бейберекет жүріп, түрлі жаман әдеттерге ұрынуы әбден мүмкін. Бала өтпелі кезеңде ненің жаман, ненің жақсы екенін көбінесе айыра бермейді. «Ата-ананың балаға берген ең үлкен сыйы – тәрбие» дегендей, оларды біз бүгін осындай жаман әдеттерден сақтандыра алсақ, жарқын болашағымыздың кепіліндей болар еді.

Аманқос ДҮЙСЕНБАЕВ, Алматы қалалық №58 жалпы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі:

– Жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көшеде жүруіне тыйым салатын заң қажет. Бүгінгі күні орын алып отырған ахуалдың өзі осындай заңның қажеттілігін көрсетіп отыр. Жыл басынан бері 2000-дай баланың беймезгіл уақыттағы қылмыстардың құрбаны болуы – алаңдатарлық жағдай. Әсіресе, жасөспірімдер өтпелі кезеңде ойланбай қылмыс жасап, артынан опық жеуі әбден мүмкін. Сондықтан балалар сабақ кезінде мектептің, ұстаздарының қарамағында болса, сабақтан тыс уақытында ата-аналарының жанында болса, жаман әдеттерге ұрынбас еді. Сондай-ақ айта кетер бір жайт, демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған аулааралық клубтар көбейіп, ата-аналардың қалтасына салмақ салмайтын деңгейдегі сан түрлі спорттық, мәдени үйірмелер көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Рахым Толоқұлов, Алматы қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

– Осы уақытқа дейін жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне тыйым салынған болатын. Егер жасөспірім рұқсат етілмеген уақытта түнгі ойын-сауық орталықтарынан табылса, ата-аналар мен көңіл көтеру орындарының қожайындары айыппұл төлеуге міндетті болатын. Енді Мәжілісте қаралып жатқан арнайы заң жобасы бойынша жасөспірімдердің түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көшеде жүрулеріне тыйым салынайын деп тұр. Өз басым бұл заң өте қажет дер едім. Қазіргі таңда елімізде 17 мыңнан астам жасөспірім қылмыстық есепте тұрса, жыл басынан бері 2000-дай бала кешқұрым мезгілде жасалатын қылмыстың құрбаны болып үлгерген. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, тіркелетін қылмыстардың 80 пайызы қас қарайған кезде жасалады екен. Егер аталмыш заң жобасы қабылданар болса, жасөспірімдерді түнгі қылмыстардан сақтандыруда үлкен рөл атқарар еді. Айта кетер жайт, тиісті орындардың тізе қосып жасап жатқан жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдердің қылмыс жасау деңгейі жыл өткен сайын төмендеп келеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста