Тиісті заңдар бола тұра, қазақ тіліндегі қате жарнамалардың жойылмай отыруының сыры неде?

Алдан Смаил, ҚР Мәжіліс депутаты:

– Ең алдымен, қате жарнамалардың жіберілмеуіне, ілінбеуіне әкімдіктер мен тіл басқармалары жауап беру керек. Үлкен қалаларда, облыс орталықтарында қайта-қайта қате жарнамалардың ілініп жатуы әкімдіктегілердің өз міндеттерін дұрыс атқара алмай отырғандығынан. «Тіл туралы» заңда да, «Жарнама туралы» заңда да жарнаманың мәтінін сауатты жазу мәселесі қарастырылған. Тек грамматикалық қателер ғана емес, рухани қателерді жібермеу мәселесі де назардан тыс қалмаған. Жарнамада жіберілген қателер үшін заңда тиісті жауапкершілікке тартудың жолдары да көрсетілген. Жергілікті әкімдіктер Әділет министрлігіне немесе сотқа жүгінсе де, жекелеген компаниялардың жіберген қателерін түзетіп, болашақта қатенің қайталанбауын қадағалауы керек. Біз бар заңды дұрыс пайдалана алмай отырмыз. Негізінен, жарнамамен айналысатындар қазақша сауатсыз. Әсіресе, тарихи тұлғаларға қатысты атаулар, қазақтың байырғы сөздері өрескел қатемен жазылады. Сондай-ақ жер-жердегі дүкен, мейрамханалар секілді мекемелердің атауларын да Тіл басқармасы қадағалауы керек.

Айгүл Ісмақова, филология ғылымының докторы, профессор:

– Біз шетелдерде жиі болып жүрміз ғой, басқа елдердің үлкен қалаларында билбордтарда ұлттық саяси құндылықтар көрсетіледі. Өйткені қай елдің болсын рухани деңгейі осы билбордтардан көрініс табады. Жақында ғана шетелден бір танысым келіп, қаламыздың әр жеріндегі кока-коланың жарнамасына қарап таңғалды. «Қазақтар кока-коланы өздері шығарған ба?» деп күледі. Біздің елде қаламыздың көрнекті жерлеріне ұлттық құндылықтарымыздың орнына кім болса сол өзінің майын, сабынын жарнамалай береді және онымен қоймай, ол жарнамалар қазақ тілін қорлап отыр. Тіл басқармасында сауатты жігіттер отыр, бірақ осы жарнамалар олардың қадағалуынан қалайша тыс қалып жатқандығына таңғаламын. Жарнама жасаушы мекемелер кім ақша төлесе, соның тауарын жарнамалай береді, яғни ақшаға ғана бағынады. Сондықтан, меніңше, кез келген жарнаманы қала көшелеріне жарқыратып іле бермей, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын дүниелер қаланың көркін кіргізу үшін соны қолға алатын арнайы ұлттық-этикалық комиссия құрылуы керек деп ойлаймын. Қасіретке ұшырап, қисық жазылған қазақ сөздері ақша деген құдіреттің құрбаны болып тұр. Мұндай өрескел қателіктер кішігірім шенеуніктердің жауапсыздығынан орын алып жатыр деп ойлаймын.

Нұрперзент Домбай, «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары:

Бұрынғы «Тіл туралы» заңдағы талаптар қазір ескірді, уақыт өткен сайын өзгертіліп, толықтырылып тұруы керек. Балтық жағалауындағы елдерде жарнамалардағы қателерді қадағалайтын тіл полициясы, тіл комиссиясы деген секілді ұйымдар бар. Бізде де осындай мекемелер құрылса, артық болмас еді. Белгілі бір мекеменің қолында қате жарнамаларды жоятындай билік болуы тиіс. Ал қазіргі тіл басқармалары жарнама берушілерге бір ескертеді, екі ескертеді, айғайлап жүріп бір билбордты жұлғызып тастайды, айыппұл салады, бірақ келесі жарнама тағы да қате жазылып шығып тұрады. Тіл мемлекетіміздің басты нышаны болғандықтан, бұл бағыттағы кемшіліктерді жою үшін үлкен заңдық күші бар талаптардың болғаны дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста