Тері және жүнді экспорттауға уақытша тыйым салу арқылы контрабанданы тоқтата аламыз ба?

Тері және жүнді экспорттауға уақытша тыйым салу арқылы контрабанданы тоқтата аламыз ба?


Азамат ӘБІЛДАЕВ, Мәжіліс депутаты:
– Біздің елдің негізгі экспорты мұнай мен газ және басқа да табиғи қазба байлықтарымыз ғой. Десек те, бұлардың қа­та­рынан ауыл шаруашылығы саласын шығарып тастауға бол­май­ды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің болашағы зор. Пре­зи­дент те әркез ауыл шаруашылығына көңіл бөлу керек­тігін ерек­ше айтып жүр. Үкіметтің осы саланы дамытуға арналған ке­шенді бағдарламалары да бар. Демек, біз ауыл шаруа­шы­лығы саласындағы экспорттарға тыйым салмауымыз керек. Экспортта табиғи байлықтардан кейін осы ауыл шаруашылығы өнім­дері тұр. Қазір бізден бұл өнімдерді Қытай алып жатыр екен. Өз елімізде оны өңдеп, кәдеге асырып жатқандар мал шару­ашылығымен айналысатындарды қанағаттандырып отыр­ған жоқ. Сонымен қатар тері мен жүн экспортын тоқтату ар­қылы біз контрабанданы ауыздықтай алмаймыз. Контра­бандамен күресті өзге тәсілдермен де жүргізуге болады. Ол үшін қолда­ныстағы заңның орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Оразәлі СӘБДЕН, экономика ғылымының докторы:
– Тері мен жүнді экспорттауға тыйым салу дегеніміз – жай айтыла салынған, жеңіл дүние. Қытай арзан бағамен алады деп жатыр. Ал қымбат бағамен сатып алып, ауыл шаруашылығындағы азаматтарды жарылқайтын зауыттар қайда? Контрабандамен күресті желеу етіп, экс­порт­қа тыйым салғанды өзім құптамаймын. Кезінде Жамбыл облы­сын­да тері мен жүн өңдейтін үлкен зауыт болатын. Қазір бұл сала кенжелеп тұр. Малдың еті ғана адал, жүні мен терісі арам болып, түкке керексіз болып қалды. Түрік ағайындардан үйренетін кез жетті ғой. Түркия қазір осы те­рі және жүн өнімдерімен бүкіл Еуропаны қамтамасыз етіп отыр. Ал біз ауыр­дың үстімен, жеңілдің астымен жүре бергіміз келеді. Жүн мен теріні кә­сіп еткенше, мұнай мен газды сатқанды қалаймыз. Табиғи қаз­ба бай­лықтар мәңгілік емес. Сондықтан стратегиялық шараларға кө­ңіл ауда­руы­мыз керек. Мемлекеттен ақша бөлініп жатыр. Неге соны ауыл­­ шаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыт-фабрикалар салуға жұм­самасқа?! Экспортқа тыйым саламыз десек, шаруаларды жарылқайтын тері мен жүнді сатып алатын жергілікті зауыттар болуы қажет.

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы:
– Біріншіден, нарық заманында қандай да бір кіріс көзіне ты­йым салу деген болмайды. Оның үстіне біз нарыққа жасалатын әкім­шілік кедергілерді жоямыз дейміз. Екіншіден, ешқашан контрабанданы экспортқа тыйым салу арқылы жоя алмаймыз. Сон­дықтан бұл салаға шынайы көңіл бөлінуі қажет. Үдемелі индус­триялық-инновациялық бағдарламада ауыл шаруашылығын дамыту туралы айтылды. Бізге жаңадан зауыттар салудың қажеті жоқ. Бұрын бізде тері мен жүн өңдейтін зауыт-фабрикалардан бастап, ауылдық деңгейде де арнайы цехтар болған. Сол тәжі­ри­бемен бәрін қайта қалпына келтіруді ойластыру керек. Егер мем­ле­кет бұған көңіл бөлмесе, мал шаруашылығындағылар Қытай асып, контрабандалық жолмен жұмыстарын жүргізе береді. Жүн, тері дегендер не өртеуге келмейді, тастасаң, шіриді. Сондықтан Ота­нымызда өңдеуді қолға алуымыз шарт деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста