Телеарналардың мемлекеттік тілге түбегейлі бетбұруы үшін нақты қандай шаралар ұсынар едіңіз?

Телеарналардың мемлекеттік тілге түбегейлі бетбұруы үшін нақты қандай шаралар ұсынар едіңіз?


Мұрат Ахмадиев, Мәжіліс депутаты:
– Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қалың бұқара арасында ықпалы өте күшті. Сондықтан да кез келген жақсы идеяларды жүзеге асыру үшін солардың потенциалын пайдалану керек. Мысалы, бір ғана мемлекеттік тіл төңірегінде қордаланып қалған көптеген мәселені ақпарат құралдарының көмегімен шешуге болады. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық телеарналар өзгенің дүниесін насихаттауға кірісіп кеткендей әсер қалдыруда. Егер де осы істі арнайы жоба-жоспар жасап қолға алатын болсақ, алдағы он жылда біраз түйінді сұрақтардың шешімін табар едік. Осы орайда мемлекеттік тілдің теле-радиоарналар мен газет журналдардағы насихатын күшейтуді қажет деп санаймын. Бұған қоса қазақ киносының ұлттық бояуын айшықтай түсу керек. Бір өкініштісі – біз көп сөйлейміз де, аз жұмыс істейміз. Бұл мәселеде бүкіл ел болып жұмыс жасауымыз қажет.


Арман Сқабылұлы, «Хабар» арнасы бас продюсерінің орынбасары:
– Телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлес салмағын арттыру мәселесі кезінде жап-жақсы басталған еді. Мысалы, 50 де 50 талабы бойынша эфир жасауға кіріскен телеарналар бірте-бірте қазақтілді хабарлардың көрсеткішін алпысқа, жетпіске, сексенге және одан арыға дейін де жеткізуі керек болған. Алайда телевизия саласындағы қазақ тілінің үлесі қазіргі кезеңде баяғы 50 деген көрсеткіштен де едәуір түсіп кетті деуге негіз жоқ емес. Қазір қарап отырсаңыз, кез келген өзге тілдегі телеөнімді дубляждап, «тірі дауыспен» аудармай, жазбаша түрдегі қазақша аудармасының мәтінін, яғни субтитрін бере салу белең алып кетті. Ал бұл әдіс мемлекеттік тілдің дамуына қаншалықты оң ықпал ететінін білу қиын. Осындай айла-амалдар арқылы әрбір электронды ақпарат құралдарының субтитрлы өнімдерді «қазақтілді бағдарламалар» ретінде есепке алынуда. Егер де субтитрлі өнімдерді есепке алмайтын болсақ, онда телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 50 де 50-дің жартысына жетпей қалады. Сондықтан да біз өзге тілдегі өнімдерді аударумен айналыса бергенше, өзіміздің мемлекеттік тілдегі төл өнімдерімізді көбейтуіміз керек.


Серік Әбікенұлы, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары:
– Бұл – бұрыннан көтеріліп, әлі күні шешімін таппай келе жатқан мәселе ғой. Күні кеше ғана үлкен мінберге шығып, бір-екі депутат тағы «шырылдағандай» болды. Жоғарыда отырғандар «неге бәрі түгелімен қазақша сайрап ала жөнелмейді?» деп жал­ған жанашырлық танытқанша, олардың өздері елге нақты ұсыныспен шығып, үлгі болса керек еді. Ал отандық телеарналар мемлекеттік тілге қырын қарайды деп жазғыра беру де орынсыз. Олардың қолында не бар? Соңғы уақыттарда тек қазақша сөйлейтін бә­ленше арна ашамыз, түгенше бағдарлама жасаймыз деп уәдені үйіп-төгіп отырған басшы­лардың бастамалары аяқсыз қалып отыр. Сөз бар, іс жоқ. Жоқ жерден жаңалық ізде­генше неге біз бар дүниелерімізді ұқсатуға құлықсызбыз? Мысалы, қарапайым халықтың салығынан күн көріп отырған мемлекеттік арналарды неге түбегейлі мемле­кеттік тілді арна жасамас­қа?!
Алдымен бізге мүмкіндіктер беріп, мемлекеттік тілде хабар тарататын арна қалыптастыруға жағдай жасалсын. Мысалы, БАҚ туралы заңда «электронды ақ­парат құралдарындағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 пайыздан кем болмауы керек» деп жазылған. Бұл қатып қалған сан емес. Мұны 100 пайызға жеткізуге болады ғой. Бұдан «өзге ұлттардың құқығы шектеледі деп қорқудың қажеті жоқ».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста