Суға кетушілер санының азаймауы құтқару қызметі деңгейінің төмендігінен емес пе?


Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Суға кетушілер санының көп болуы құтқару қызметінің әлсіздігінен деп айта алмаймын. Әрине, осыған тікелей жауапты болғаннан кейін оларға да сын айтуға болар. Дегенмен көпшілік арнайы дайындалмаған жерлерге барып суға түседі. Қазір Қызылорда облысында «каналдағы немесе жағажайдағы суға батып кетті» деген әңгімелер көп. Ал барлық өзеннің қасына судан құтқарушыларды қоя алмаймыз ғой. Сондықтан арнайы жағажай жасап, жазда демалыс орындарын дайындамасақ, мұндай оқиғалар азаймайды. Облыс орталықтарында суға түсетін арнайы жағажайлар болғанымен, аудан-ауылдарда жоқтың-қасы. Бассейндер тіптен сиреп кетті. Қазір Қызылорда облысында бір-ақ бассейн бар, жұрттың барлығы сонда барады. Ал бір облысқа бір бассейн жете ме? Сол үшін суға кету мәсе­лелерін алдын алудың бірден-бір амалы — көптеп бассейндер ашу. Жергілікті әкімдік осыған назар аударуы тиіс. Содан кейін барып, судан құтқарушылар жұмысын тиімді етуіміз керек.

Марат АХАШЕВ, Алматы облысы Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:
– Мен судан құтқару қызметінде біраз жыл жұмыс істеген адаммын. Сондықтан бұл саланың қыр-сырын жетік білемін. Суға кету фактілерінің көбеюіне құтқару қызметтерінің еш қатысы жоқ. Ол халықтың суға түсу мәдениетінің төмендігінен. Көпшілік белгіленбеген жерлерге келіп суға түседі, біреулер ішімдік ішіп алады, жастар алдымен суға денелерін үйретпей жатып, бірден малтып кетеді. Осындай қарапайым ережелерді сақтамағаннан келеңсіз оқиғалар жиілейді. Демек, бұл көпшіліктің өз қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан болады. Сондықтан суға түсер кезде алдымен денені судың температурасына бейімдеп, бойды қыздырып шомылған жөн. Мұны ескермесе, адамның аяқ-қолы тартылып, қозғала алмай қалады. Тойып тамақ ішіп алған соң да, ішімдік ішкеннен кейін де суға түсуге болмайды. Онымен қоса, кішкентай балаларды суға шомылуға ересектердің қадағалауынсыз жібермеу керек.

Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Қазақстанда қаншама өзен-көлдер, каналдар бар, олардың барлығын құтқарушылармен қамтамасыз ету өте қиын. Мұның алдын алу үшін мәселені кешенді түрде қарауымыз керек. Бассейнмен қамтылған спорт мектептерін дамытып, жастарымызға малтуды үйретуге тиіспіз. Әрине, күн ысып, суға түсу маусымы басталғанда Алматы, Астана және облыс орталықтарындағы судан құтқару қызметтерінің жұмысын оңтайландырғанымыз дұрыс. Олардың техникалық жабдықталуын жетілдіріп, сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз керек. Онымен қоса, бізде судан құтқарушы білікті мамандар да өте тапшы. Сонымен қатар небір жағажайларды, демалыс орындарын коммерциялық ұйымдарға беріп қойдық. Олар қауіпсіздік шараларын сақтауды емес, ең бірінші пайда табуды көздейді. Шомылуға арналған жерлерге құм төсеп, адам бірден суға батып кетпейтіндей етіп жасамайды. Мәселен, шетелдерде мұндай орындардың барлығы тамаша ұйымдастырылған. Ал бізде олай болмай тұр. Сондықтан ірі қалалардағы суға түсетін демалыс орындарының қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алу қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста