Құрылыс нормалары мен ережелеріне сай болмаған нысандарды қабылдаған комиссия мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек пе?

Құрылыс нормалары мен ережелеріне сай болмаған нысандарды қабылдаған комиссия мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту керек пе?


Ізбасар БОЗАЕВ, Алматы сауда палатасының төрағасы:
– Әрине, құрылыс нысандарын қабылдайтын комиссия мүшелерінің жа­уапкершілігін арттырып, керек болса, қылмыстық жазаға тарту қажет. Өйткені әрбір сапасыз салынған құрылыс адамның өміріне қауіп төндіреді. Шынында да, соңғы кезде бой көтерген нысандардың құрылыс нормалары мен ережелері өрескел бұзылса да, оны комиссия мүшелері қабыл­дап, пайдалануға беріп жіберген жағдайлар кездесіп жатыр. Өкініштісі сол – қазір құрылысты қабылдайтын комиссия мүшелері нысанды пай­да­лануға рұқсат беретін кезде құжаттарға қол қоюы үшін ақша талап ете­тінін екінің бірі біледі. Жоқтан бар шығар, неше түрлі құйтырқы амалдармен құрылыс компаниясының иесінен пайда тауып қалуды көздейді. Өрес­кел заңбұзушылықты көре тұра, көзін жұ­мып, қол қояды. Сондықтан мұн­дайға жол бермес үшін адамдардың қауіп­сіз­­дігін сақтау мақсатында олар­дың жауапкершілігін арттырып, заң негізінде қыл­мыстық жазаны да қол­дану керек. Бұл жерде мәселені екіге бөліп қарас­тыр­ған жөн. Мәселен, тұр­ғызылған нысанның сейсмикалық жағы немесе тех­­­никалық нормалары өрескел бұзылатын болса, онда сөзсіз комиссия мү­ше­лерін қылмыстық жа­заға тарту керек. Ал егер ақтау, сырлау жағынан кемшілік­тер орын алса, он­да комиссия мүшелерін әкімшілік жауапқа тартып, құ­ры­лысты салушы ком­па­нияға кеткен кемшілікті түзеттіруге міндеттеуіміз керек.

Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы:
– Негізі, бізде сапасыз салынған нысандарды қабылдаған комиссия мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң бар. Бірақ мұндай қылмыстар көп қозғала бермейді. Өйтіп-бүйтіп жеңіл-желпі тәртіптік немесе әкімшілік жазамен жауып қоямыз. Әйтпесе қылмыстық кодекстің 245-1-бабында «Сапасыз құрылыс» туралы арнайы заң бар. Мысалы, құрылыс ұйымдары басшыла­рының, құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған ғимараттарды пайдалануға тапсыруы немесе пайдалануға қабылдауы, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын айыруға жазаланады. Бірақ барлық сапасыз құрылыс нысандарында адам денсаулығына зиян келтіретін жағдай ұшыраса бермейді ғой. Сондықтан барлық жағдайда жауапкершілікке тарту мүмкін болмайды. Сол үшін заңның орындалуына прокурорлық қадағалауды күшейту керек. Әйтпесе сапасыз құрылыстар өте көбейіп кетті.

Рамазан САРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– Елімізде құрылыс қарқынды жүріп тұрған кезде құрылыс компаниялары ғимараттарды тездетіп салып, оның сапасына немқұрайды қараған кездері болған. Одан кейін біз құрылыстың сапасы өрескел бұзылса, одан адамдардың денсаулығына зиян келсе, онда құрылыс компанияларының басшылары ғана емес, соны қабылдап, пайдалануға рұқсат берген мемлекеттік комиссия мүшелерінің де қылмыстық жауапкершілікке тартылатын­дығы жөнінде заңға өзгерістер енгізгенбіз. Бірақ өкініштісі сол – нысанды қабылдап алған мемлекеттік комиссия төрағасының немесе мүшелерінің әрқайсысының жеке-жеке жауапкершілігін анықтау тұрғысындағы жұмыстар әлі жолға қойылмаған. Демек, құрылыс сапасы өрескел бұзылса, оны кімнен даулаймыз? Құры­лыс компаниясы басшысынан ба, мемлекеттік комиссия­ның қай мүшесін жазалаймыз? Міне, осы ретке келмеген. Сон­дықтан комиссия мүшелерінің әрқайсысының жеке-жеке жауапкер­шілігін анық­тап барып, қылмыстық жаза қолдануымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста