Құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмектерді дәріханаларда рецептісіз сатуға қалай тосқауыл қоюға болады?


Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ психиатрия, психотерапия және наркология кафедрасының профессоры:
– Дәріханаларда құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәр­мек­терді рецептісіз, еркін сатуға тосқауыл қоюдың жалғыз ғана жолы бар деп есептеймін, ол – тиісті заң жобасын жасау. Әйтпесе қазір құ­рамында есірткі қоспалары бар дәрілердің сатылымын реттеу мен қадағалау жұмыстары министрліктердің бұйрықтары бойын­ша ғана жүзеге асады. Ал бұйрық деген не? Дәріханалардың бар­лығы жекеменшік. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын олар шыбын шаққан құрлы көрмейді. Заң бойынша жеке мүлікке қол сұғуға немесе бұйрықты күштеп орындатуға болмайды, сон­дықтан қазіргі дәріханалардың бірінен есірткі қоспасы бар дәріні ала алмасаңыз, келесісінде еш қиындықсыз қол жеткізесіз. Бұрын бұл мәселені Үкімет қадағалайтын, мына заманда бизнес атау­лының тө­ңірегінде тек ақша табу мақсаты ғана орындалатын бол­ған. Әри­не, тек осындай дәрілерді сататын дәріханалар ашуға болар еді, бірақ кәсіпкерлер мұндай қадамға бара бермейді. Себебі тағы да сол – ақша. Халық күнделікті қолданатын заттарды сатып кәсібін дөң­гелетпесе, біртүрлі ғана тауарды сатумен ай­на­лысуға кез кел­ген­нің келісе бермейтіні анық.


Мырзабек АМАНБАЙҰЛЫ, заңгер:
– Құрамында наркотикалық заттар бар дәрі-дәрмектер адам­­дарды психологиялық ауытқуларға итермелейді. Жалпы, мұн­­дай өнімдерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бе­кі­тіл­ген арнайы қау­лыларға сәйкес, тек дәрігерлік нұсқаулық пен мөр басылған ре­цепт бойынша ғана сатылады. Қазақстанға сырт­­тан әкелінген кез кел­ген фармацевтикалық өнім ми­нистр­лік­те тексерістен өтіп, рұқсат қа­ғазы берілгеннен кейін ғана са­ты­лымға шығады және патент бе­ріледі. Сондықтан бұл тәртіп пен талаптың барлығы ве­дом­с­тво­ара­лық заңнамаларда қа­рас­ты­рылған. Ал мұндай дә­рілерді сататын ар­найы дәріханалар аша алмаймыз, сатылымға ты­йым да сала ал­май­мыз. Себебі ха­лықтың әлеуметтік жағдайы келмейді. Құқықтық-нор­ма­тив­тер бойынша да сәйкес емес, бір адам бір дәрі үшін не­ліктен ша­­қырым-шақырым жол жүруі тиіс? Екіншіден, мұндай дә­рі-дәр­мекке мұқ­таж науқастар бар, сондық­тан шектеу де қоя ал­май­­мыз. Тек қадағалауды күшейтіп, учаскелік ма­мандардың тек­­­серіс жұмыстарын жиілету қажет. Тіпті заңмен бұған тосқауыл бо­­­ламыз дегеннің өзінде де қылмыстық аты – қылмыс, адам бар жерде қылмыс міндетті түрде бола береді. 


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Бұл мәселенің шешімін табу аса қиын емес. Бар бол­ға­ны министрлік немесе Үкімет жаңа қаулыны қайта қа­рап шы­ғады. Ал, негізі, бүгінгі қоғамда құ­ра­мында есірткі қос­па­сы бар дәрілердің еркін сау­далануы, ра­сымен-ақ, ең өзек­ті мәселелердің біріне ай­на­лып ба­рады. Антибиотиктер мен наркотикалық қоспалары бар дәрілік өнімдерді қатаң дә­рігердің нұсқаулығы негізінде ғана сату керек деген де пі­кір айтылып жүр. Ақыры осыған келетін сияқты. Себебі қоғам талап еткен кез келген мәселе қысқа мерзімде заң­мен бекітіледі. Дегенмен мұндай май­да-шүйде дүниелерге бо­ла заң шығарудың қажеттілігін кө­ріп тұрған жоқпын. Тек 13-14 жастағы, яғни ауыспалы ке­зең­дегі жасөспірімдер үшін бұл мәселе қауіп төндіріп тұр. Бі­­рақ аса бір алаң­дау­шылық танытудың қажеті шамалы, се­­бебі бұл мәселе жиі ай­тылып, күн тәртібінде тұр. Алдағы уа­қытта Үкімет қау­лысы қабылдануы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста