Қазақстанда ерлер мен әйелдер мүмкіндігі тең бе?

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша жаһандық рейтингте 15 орынға алға жылжыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сингапур сияқты"

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша рейтингте 80-орыннан 65-орынға көтерілген. Бұл туралы Еңбек министрлігі өкілі Дүниежүзілік экономикалық форумның "Жаһандық гендерлік алшақтық 2022" баяндамасына сәйкес айтты.

"Қазақстан гендерлік теңсіздіктің жаһандық индексі бойынша рейтингте Италия, Израиль, Грузия және Сингапур сияқты елдерден сәл төмен, бірақ Словакия, Моңғолия, Чехия, Польша, Армениядан алда. Орталық Азия елдері арасында Қазақстан 4-орында", - деді министрлік өкілі.

Сарапшылар Қазақстанның критерийлер арасындағы ең үлкен жетістігі - әйелдер үшін де, ерлер үшін де білімге қол жеткізу бойынша толық теңдік болуы екенін атап өтті. Сонымен қатар, әйелдер Қазақстандағы жоғары білікті мамандардың басым бөлігі болып отыр.

Басшылық лауазымдар және жалақы

Басшылық лауазымдардағы әйелдер ерлерге қарағанда аз. Сондай-ақ, біліктілігі төмен еңбекпен айналысатын әйелдердің саны ерлерге қарағанда едәуір көп.

"Негізгі жұмыс топтары бойынша ерлердің орташа жалақысы әйелдерге қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, басшы қызметін атқаратын ер адамдар әйелдерге қарағанда, орта есеппен 12,4 пайызға артық жалақы алады", - делінген хабарламада.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, мұнай өндірісі және өнеркәсіп дамыған өңірлерде ерлер мен әйелдердің жалақысы арасында айтарлықтай айырмашылық байқалады, ал оңтүстік және аграрлық өңірлерде айырмашылық аз.

"Соның ішінде Маңғыстау облысында ерлердің орташа жалақысы әйелдерге қарағанда, 86 пайызға артық", - деді Молчановская.

Үлкен қалаларда жалақы айырмашылығы 16-дан 19 пайызға дейін болады. Бір қызығы, Алматы облысы мен Шымкентте кәсіптердің барлық негізгі тобы бойынша еңбекақы салыстырмалы тең екені байқалады.

Саяси құқық

Сонымен қатар, саяси құқықтар мен мүмкіндіктерге тең қол жеткізу өлшемі бойынша Қазақстан 146 ел ішінде 103-орында тұр.

"Мұндай төмен көрсеткіштер Орталық Азияның барлық еліне тән", - дейді Молчановская.

Ranking.kz мәліметтері бойынша, 2022 жылғы қаңтардың аяғында Қазақстанда ерлер мен әйелдер арасындағы цифрлық теңдікке қол жеткізілген. Елімізде мобильді интернетті пайдалануда тепе-теңдік бар. Интернет қолжетімділігі ерлерде 87,1 пайыз және әйелдерде 84,9 пайыз болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста