Қазақ сатирасын анекдот деңгейінен алып шығу үшін не істеу керек?


Берік САДЫР, сатирик жазушы:
– Теледидар арқылы ұсынатын дүниелерді өресі бар адам қарап шықпаса болмайды. Сондықтан телеарналардың қай-қайсысында болсын солардың мәтінін сұрыптап, тексеріп отыратын сатирадан хабары бар редактор отыруы керек. Меніңше, ешбір арнада сондай арнайы маман жоқ-ау, өйткені ұсақ-түйек, адам түсінбейтін нәрселерді беріп жүргені ақиқат. Әйтеуір, жоқтан бар құраудың әрекеті секілді. Негізі, түпкі бір ой «ел-жұртты әзіл-оспаққа қарық қылсақ» дейді, бірақ сол мақсатқа жете алмай отырғаны анық. Сахна сатирасының репертуары да қазір әлсіз. Өйткені олардың қоржындары бос тұр. Қандай әзіл-сықақ театры болсын басында ашылған кезде бар күшін салады да, кейін осындай анекдоттық деңгейге түсіп кететіні өкінішті. Себебі кейін шығаратын дүниенің сапасынан бұрын ол театрларда «біз көрінбей кеттік, көрерменді жоғалтып алмайық» деген үрей жатады. Көрерменге ұсынатын дүниенің сәтті шығуы үшін маңызды үш нәрсе болуы керек, бірінші – режиссер, екінші – автор, үшінші – актер. Осы үшеуі бірігіп жұмыс жасаса, сапалы дүние шығар еді, ал бізде қазір өздері – сценарист, өздері – әртіс. Осыдан соң анекдот араласпай қайтсін?!.

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ, сатирик жазушы:
– Біріншіден айтарым, әлгіндей анекдот араластырып жүрген КВН болсын, тележобалар болсын, олар қазақ сатирасы емес. Ол жерде әдебиетке қойылатын талаптың біреуі де орын­далмайды. Көркемдік деңгей, мәдениет деген жоқ. Қазақтың мінезіне, жаратылысына тән сыпайы әзіл, сыпайы күлкісі жоқ. Дарақылық. Тіпті әлгі клоун­дардың өзінде әдеп болады ғой. Сондықтан қазақ сатирасын олардың деңгейімен өлшеуге мен қарсымын. Біздің қателесетін тұсымыз да осы – сол нәрселерді қазақ сатирасына әкеп тірейміз. Ал егер қазақ сатирасы туралы әңгіме айтылатын болса, газет беттеріндегі көркем дүниелер – осы, міне, нағыз қазақ сатирасы! Сондықтан біздің шын сатириктер жүрген қазақ сатирасында анекдот деңгейіндегі дүниелер жоқ.

Марат ӘЛІБАЕВ, сатиралық тележобалардың сценарисі әрі актері:
– Күлкі өмірден туындайтын құбылыс десек, анекдот та сол өмірдегі адамдардың күлкілі іс-әрекетінен шығады ғой. Қанша жерден біз оны қосқымыз келмей, қоспауға тырысқанымызбен, кейде еріксіз жасаған дүниеміз формасы жағынан анекдотқа ұқсап кетеді. Ал, негізі, КВН не тележобаларда болсын арнайы редактор осы жағын қадағалайды. Одан бөлек те басқа бір коман­далардың немесе ресейлік шоумендердің әзіліне плагиат боп кетпеуін қадағалау керек. Негізінен, тележоба жасау, елге күлкілі дүние ұсыну – әлдебіреулер ойлағандай оп-оңай шаруа емес. Ол үшін қаншама жігіттер мен қыздар кәдімгідей идея іздеп, елді күлдіретін тың ой ойлап жүреді. Бүгінде арналарда тележобалар жасап жүргендер – бір кездердегі КВН мектебін көріп, сол арқылы қалыптасқан жігіттер. Олар өз кезегінде осы күлкі саласында неге тыйым салынып, қандай шектен шықпау керек екенін біледі. Жалпы, қазақ сатирасына келсек, бүгінде оның деңгейі өте биік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста