Қарттарды қорғайтын заң қабылдайтын уақыт жеткен жоқ па?


Мақсат ЖАҚАУ, саясаттанушы:
– Әрине қажет. Деректерге сүйенсек, соңғы он жылдың ішінде елімізде 400-ден астам қарттар үйі құрылған екен. Былайша айтқанда, бұл үлкен әлеуметтік дағдарыс. Жастар өз туған әке-шешесінен безініп, олардың үйін, дүние-мүлкін иеленіп, өздерін далаға қаңғытып жіберіп жатыр. Енді мұның алдын алу үшін заң арқылы қарттардың әлеуметтік-құқықтық статусын белгілеуіміз керек. Мәселен дамыған елдердің көбі жасы мен қартының жағдайын жақсартып қойғаннан кейін, ол елдер өркениетті мемлекет атанып отыр. Біздің де бағытымыз – осы. Ата Заңымызда еліміздің негізі зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітілген. Оның үстіне жастарды әлеуметтік топ ретінде қарастырамыз, «Жастар туралы» заң бар. Ендеше неге қарттарды қорғайтын заң шығармасқа? Оның уақыты әлдеқашан жеткен. Бұл ретте ең бірінші отбасылық институтты дұрыстап негіздеуіміз керек. Сонымен бірге жастар ата-аналарын бағып-қағуды өз мойнына алатын жауапкершілік міндеттеуіміз керек. Мемлекет тарапынан емес, қоғам тарапынан жауапкершілікті арттыруымыз керек. Бұл еліміздің стратегиялық маңызы бар жаспарларының бірі болуы тиіс.


Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– «Қарттар туралы» заң көрші Ресейде де, Түркіменстанда да, тіпті Қытайда да бар. Мәселен Қытайда ата-анасын еркінен тыс қарттар үйіне өткізсе, онда оның баласы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ұзақ уақытқа бас бостандығынан айрылады. Түрікменстанда әке-шешесін қарттар үйіне өткізгендерге арнайы айыппұл салынады. Демек, ұл-қыздарының айлық табысынан белгілі бір пайызын алып отыратын арнайы заң бар. Ресейде де еңбекке қабілетсіз ата-аналарына балалары қамқорлық жасауға заң жүзінде міндетті. Бас тартқан жағдайда сот шешімімен балаларынан алимент өндіріліп алынады. Ал бізде баласынан бас тартқандардан алимент өндіру тәртібі бар да, еңбекке қабілетсіз ата-аналарынан бас тартып, оларды қарттар үйіне өткізген балаларға ешқандай жаза да қолданылмайды, айыппұл да салынбайды, олардан алимент те өндірілмейді. Тіпті шын мәнінде қарттардың құқықтары да қорғалмаған. Олардың үйі мен дүние-мүлкін тасбауыр балалары меншіктеп алады да, өздерін қуып шығады. Бұл әділдік пе? Біз баласынан безгендерге арнайы алимент төлетеміз де, ал ата-анасын өзектен тепкендерге неге осындай жаза қолданбасқа? Егер ата-ананың парызын өтеу дегендерді ересек бала білмейтін болса, ондайды ойлауға ұғымы, сана-сезімі жетпесе, әке-шеше еңбегін еш етсе, неге заң арқылы төлетпеске? Сондықтан ата-анасын асыруға құлық танытпағандарды осылайша мемлекет заң арқылы міндеттеуі керек. Мұндай заң жобасы мәжілісте талқыланғанымен, алайда ол жоба талқыдан ары аса алмай отыр.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Жалпы қазақы ұғыммен қарағанда, қазақ дүниетанымында қарттар үйі деген болмаған. Мұндай үйлер болуға тиіс емес. Бірақ өкінішке орай қазір мұндай орталықтар көбейді. Егер осылай кете беретін болса, түбі біз «Қарттар туралы» заң қабылдауға мәжбүр боламыз. Алайда бұл заң біздің елімізге лайықты құжат емес. Егер қарттар мәселесі ушыға беретін болса, онда оларды міндетті түрде қорғайтын боламыз. Ал әзірге әке-шешесін асыраудан бас тартқандарға айыппұл төлетуіміз керек. Кезінде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында, Алланың ашуы – ата-ананың ашуында», – деп тегін айтпаған. Жаратқан иеміз адамға әке-шешелеріне жақсылық қылуды әмір еткен. Олар қартайса, «Туһ» деп кейіс білдіруге де болмайды. Сондықтан бүгінгі жас ұрпақты имандылыққа, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін барынша қарастыруымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста