Оқушы дәптерлерінің мұқабасына оқу үдерісіне қатысы жоқ суреттерді салуға қалай тыйым саламыз?

Оқушы дәптерлерінің мұқабасына оқу үдерісіне қатысы жоқ суреттерді салуға қалай тыйым саламыз?


Дарья ГАЙДЕНРАЙХ, Қазақстанның  балалар өнімдері индус­триясы қауымдас­ты­ғының президенті:
– Білуімше, еліміздегі оқушы дәптерлерінің көпшілігі Қытай сынды көршілес елдерге тапсырыс беру арқылы елге жеткізіледі. Ал Қытай ойына келген суреттерді тапсырыс берушінің тауарына жапсыра бермейді, бұл – оқушы дәптерлерінің мұқабасына оқу үдерісіне қатысы жоқ суреттерді салуға біздің кәсіпкерлердің өздері тапсырыс береді деген сөз. Бұл жерде, әрине, баласына тап сондай оқу құралдарын сатып алып беретін ата-ананың да кінәсі бар. Әйтпесе мән-мағынасы түзу суретті дәптерлер сатылымда жетерлік. Жалпы, қоғамда мұндай проблема болса, балалардың сана сезіміне дәптер мұқабасындағы суреттер кері әсер етіп жатқан болса, Стандарттау мен сертификаттау органдары мен білім басқармалары бірігіп қадағалау шараларын қатаң қолға алып, бақылау жүргізуі тиіс деп есептеймін.


Маргарита ӨСКЕМБАЕВА, Қазақстандағы тең құқық пен мүмкін­дік­тер институтының директоры, балалар психологі:
– Жасыратыны жоқ, менің сертификаттау орталық­та­рына көңілім толмайды. Себебі дәптерлердің басым бөлігі өндіріс шығыны төмен Қытайдан келіп жатса да, қолданысқа рұқсат беретін құжаттарды кәсіпкерлерімізге бере береді. Еліміз бай, сапалы тауар шығаруға қаржысы жетеді, бірақ біздің бизнесмендер ақша үнемдеу мақсатында дизайнермен жұмыс жасап, шығынға батқысы келмейді. Кәсіп иелерін балалардың психикасы қайдан қызықтырсын, пайда көзі болса болды. Әйтпесе оқушы дәптеріне «барби» мен өрмекші адамның қорқынышты суреттерін салудың не қажеті бар? Бала сабақ оқымай алданатыны былай тұрсын, сапасыз сия езіліп, қолына жағылып, көзіне түседі, эстетикалық тұрғыдан да қарап тұрып көңіліңе түрпідей тиеді, ал біздің қадағалаушы органдардың шара қолданар түрі жоқ.


Ерғали БАҚАШ, Халықаралық «Бөбек» қоры орталығының баспа ісі-редакциялау бөлімінің жетекшісі:
– Бұл мәселені қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мәжіліс де­пу­таты Бекболат Тілеухан ағамыз Парламент мінберінен бірнеше мәрте көтер­гені анық. Бірақ оң нәтиже бермеді. Шынымен де, кіршіксіз ақ қағаздың бе­тінен жалаңаш қыздардың не болмаса басқа да мән-мағынасы жоқ сурет­тердің тұрғаны дұрыс емес. Егер міндетті түрде сурет қою керек болса, өзіміздің Қыз Жібек, Әлия, Мәншүк секілді есімі дара аталатын апала­ры­мыз­дың суретін неге салмасқа? Ұлы жазушы М.Әуезов «Ел боламын десең, бе­сі­гіңді түзе» дегенді тектен-текке айтпағанын әлі күнге жете түсінбейтін сияқ­ты­мыз. Еңсесін енді тіктеп, мектеп партасынан бойын түзейтін оқу­шы­ларға жала­ңаш қыздардың суреті басылған дәптермен сабақ беріп, қалай ұлтжанды ұрпақ тәрбиелей аламыз? Мұны өзгерту қиын емес, ол біздің қолы­мыз­дан келеді. Тауарды сатып алушы, яғни тұтынушы өз тарапынан сұраныс біл­дір­месе, тапсырыс та, өндіріс те болмайды. Тұтынушының талап қоюға мүм­кін­дігі мол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста