Мұражайдағы тарихи жәдігерлерді міндетті сақтандыру керек пе?

Мұражайдағы тарихи жәдігерлерді міндетті сақтандыру керек пе?


Қырым Алтай, суретші-реставратор:
– Қазақстанның мұражайларында  көне тарихымыздан, мәдениетімізден мәлімет беретін заттар өте көп. Мұражайдағы жәдігерлер археологиялық қазбалардың нәтижесінде немесе жекелеген адамдардың коллекциясынан жиналады.  Бұларды сақтандыруға қомақты қаржы қажет. Сондықтан, ең бастысы, жәдігерлер орналасқан мұражайларды мемлекет ерекше назарға алып, жағдай туғызуы керек. Егер жәдігерлер мұражайда бүлін­бей, дұрыс сақталып тұрса, оны тек шетке шығарғанда ғана сақ­тандыру қажеттігі туады. Алайда біздің елде осы құндылықтарды сақ­тап, қалпына келтіріп отыратын жағдай жоқтың қасы. Мұның себептері көп. Әр жәдігердің жасалған материалына қарай  сақ­тау­дың өз шарттары болады, оларды сақтайтын заманға сай құ­рыл­ғылар болуы керек.  Бүгінде мұндай құрылғыларды немістер, жа­пондықтар жасап шығаруда. Жәдігерлерге реставрация, кон­сер­вация жасайтын мықты мамандар бізде тапшы. Жәдігер мұ­ражайға алғаш алынғанда ол жан-жақты зерттеліп, оған арнайы паспорт жасалады. Осы паспортта әр жәдігердің сақталу мерзімі, шарттары түгел көрсетіледі.

Кәмилә Кәбекқызы, тарихшы, Астана қаласындағы мұражай маманы:
– Бұл мәселенің көтеріліп отырғанының өзі мемлекеттің, қо­ғам­ның, халықтың материалдық жағдайының жақсарғанын біл­­діреді. Кезінде жәдігерлерді сақтандырмақ түгіл, оларды сақ­­тай­тын бөлмені бір қалыпта ұстаудың өзі қиын болатын. 90-жыл­дары мұражайлар жабылып қалды. Біздің есептеуіміз бо­­йын­ша, бір жәдігерді сақтандырудың өзі бірнеше миллион­да­ған қар­жы­ны қажет етеді. Сондықтан, ең алдымен, орта­лық­та­ғы ірі мұ­ра­жай­лар біздің тарихымызға қатысты ерекше құнды жә­ді­герлерді сақ­тандыруды тәжірибеге алып көрсе болады. Бір қа­ладан екінші қа­лаға жәдігерлерді шығарып, көрмелер ұйым­дастыру бүгінде үр­діске айналды. Осындай жылжымалы көр­меге шық­қан жағдайда жәдігерлерді міндетті түрде сақ­тандыру және  арнайы күзет қызметі де қажет.  Өйткені тарихи жә­дігерлерде біздің бар болмысымыз, руханиятымыз, асылымыз жа­тыр. Менің ойымша, Қазақстанның мұражайлары жә­ді­гер­лерді сақтандыруға біртіндеп келеді. Сақтандырудың белгілі бір ережелерін жасап, жалпыға бірдей  ыңғайлы механизмін ойлап табуымыз керек. Мұның бәрі заң жүзінде іске асуы тиіс.

Мұхамбетқали Кипиев, тарихшы, ҚР Орталық мұражайының бас қор сақтаушысы:
–  Сақтандыру мәселесі, біріншіден, әрине, қаржыға келіп ті­реледі. Шетелге шығарған күннің өзінде сақтандырылатын жә­­­ді­гер­лер 200 бірліктен аспайды. Бұлардың өзі әр жә­ді­гердің құндылығына қа­рай, 100-200 бірліктің жалпы құны млн доллардан асып кетеді. Біз­дің мұражайдың өзінде 300 мыңнан астам жәдігер бар. Оның бә­рін сақтандыратын болсақ, сақтандыру компанияларына қомақты қар­жы аударуымыз керек болады. Жәдігерлердің бәрі – мемлекеттің мен­шігіндегі дү­ние­лер. Ал мұражай – мемлекеттің меншігіндегі жә­ді­герлерді сақ­таушы, қалпына келтіруші мекеме. Мұражайдың үлкен мін­­дет­терінің бірі – осы және осы қызметі үшін де мемлекет мұра­жай­­ларға қаржы бөліп отыр. Сондықтан мұражайда тұрған экс­по­нат­тарды сақтандыру деген қисынға келмейді. Мысалы, Ре­сейдің мұ­ражайларында  да жәдігерлерді сақтандыру мә­селесі қа­рас­ты­рылмайды. Жәдігерлер мұражайдан тыс шы­ға­рылғанда ғана бү­лін­беуі, жоғалмауы үшін сақтандырылуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста