Мемлекеттік қызметкерлерді қысқартудың ең әділ, ең қажет қағидалары қандай болуы керек?


Әлихан Бәйменов, «Ақ жол» партиясының төрағасы:
– Менің ойымша, мемлекеттік қызметкерлерді қысқартпастан бұрын алдын ала шаралар жүргізілуі керек деп ойлаймын. Бұл саладағы шығындардың барлығы қызметкерлердің жалақылары десек, қателесеміз. Бізде қосымша шығындар өте көп. Мысалы, мемлекеттік қызметке ешқандай қатысы жоқ көліктер бар. Ұсақ-түйек деп қаралатын осындай салада жоғарыдан бастап тексеріс жүргізілсе, басы артық шығындарға тосқауыл қоя алатын едік. Мұны неге айтып отырмын? Сол көліктерге кететін ақша көлемі бес-алты қызметкердің айлық жалақысымен бірдей. Екіншіден, ұлттық компаниялардағы «бекер мал шашпақты» тоқтату керек. Міне, осы екі мәселенің басын ашып алғаннан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлерді ықшамдауға болады. Оларды қысқартпастан бұрын функционалды анализ жасалуы қажет. Қазір қызметкерлерді қысқарту туралы айтылады, бірақ интернетті қадағалау туралы заң қабылданады. Бұл дегеніңіз – кереғарлық. Өйткені ғаламторды бақылау үшін де арнайы қызметтік орындар ашылады ғой. Қысқартудағы ең қажет қағида – дәл қазіргі уақытта мемлекетке керексіз қызметтерді ықшамдау болып табылады. Ал бұдан кейін де қысқартулар қажет болып жатса, онда аттестациялаудың рөлін күшейту керек деп ойлаймын. Аттестациялау жұмыстарына органның басшылары қатыспауы керек, сұрыптау жұмыстарымен кадр бөлімі айналысуы шарт. Сонда ғана әділ қысқартулар болады деп пайымдауға болады.

Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы:
– Мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту тура­лы шешім қабылданғанымен, көп жағдайда орын­далмай жатады. Президенттің әкімшілік ре­формасы бойынша да 10 пайыз қысқартылу керек еді, ол әзірге жүзеге асқан жоқ. Мемлекеттік қыз­метті жемқорлық дендеген. Ал жемқорлық болған жерде қысқартулар әділ жүргізіледі деп айта алмаймын. Әділ әрі қажетті қағидалар ор­нату тек қана органдардың басшылығында отырған жеке­леген азаматтардың жауапкершіліктеріне тікелей байланысты. Бірақ бізде жауапкершілік те төмен деңгейде. Министрдің орынбасары ұсталса, сол кү­ні қызметтен өз еркімен кетуге тиіс министрлер жауапкершілікті ұмытып, жұмысын әрі қарай жал­ғастыра береді. Менің ойымша, бұл үрдістің ең әділ жолы жауапкершілікпен тығыз байланысты.

Мырзакелді Кемел, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры:
– Мемлекеттік қысқарту кезіндегі ең әділ жол еңбек мотивациясын пайдаланған кезде ғана қалыптасады. Еңбек мотива­циясын жүргізгенде үш адамның жұмысын бір өзі тындыра алатын адамдар белгілі болып, қолынан іс келмейтіндері судың бетіне қалқып шығады. Бізде мынадай бір жазылмаған заң бар, жұмысқа соңынан кірген және жас мамандар бірден қыс­қартылады. Ал ол жас азамат содан кейін өмір бойы мемлекеттік қызметке өкпелі бо­лып жүреді. Осындай әділетсіздіктердің алдын алу еңбек мотивациясын жүргізу деп білемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста