Мектептегі ауыр қылмыспен күресті жалғыз инспектор шеше ала ма?


Кәрібай Тасшабаев, заңгер:
– Тәрбиесі қиын балалардың мәселесін тек қана мектеп инспекторының мойнына іліп қою мүлдем дұрыс емес. Баланы ата-ана, ұстаз болып, керек десеңіз, бүкіл қоғам болып тәрбиелеу ке­рек. Адам тәрбиесі құрсақта жатқан кезден басталса да ерте болмайды. Соңғы кездері қылмыс жасаушылар жасарып бара жатыр. Бұрын жасөспірімдер 16 жастан асқан соң ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қазір 14 жастан асқан соң, ауыр қыл­мыс жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы­­ған орай 2008 жылы күзде арнайы Еуропаның тәжірбиесімен ашылған жасөспірімдерді жауапқа тартатын мамандандырылған сот та ашылды. Бұл, бәлкім, тәртіп қатайса, жасөспірімдер қыл­мысы азаяр деген ойдан туындаған әрекет. Сондай-ақ қазір балалар тәрбиесіне сырттан қабылданатын ақпараттар ағыны өз әсерін тигізіп жатыр. Шетелдің тәрбиелік берері аз атыс-шабыс, зорлық-зомбылыққа толы кинолары мен интернеттегі тым ашық жарияланатын жабайы әрекеттерге толы сайттарына да тосқауыл қажет.

Ернар Мәсәлім, №154 мектеп директоры:
– Әл-Фараби атамыздың «Тәрбиесіз білім апат әкеледі. Ол білімді бола тұра зиянды нәрсе ойлап табуы мүмкін. Сондықтан білім мен тәрбиені қатар қою керек» деген сөзі тәрбиесіз беріл­ген білімнің қауіптілігін аңғартып тұр. Қазір ата-аналар «бала­мыз­дың көп уақыты мектепте өтеді» деп бала тәрбиесін мектепке артып қойып, өзі баласының қажеттіліктерін ғана өтеп, «міндетім­нен құтылдым» деп санайды. Ұстазы «сыныптағы 30 баланың қай­сы­біріне жауап беремін»  деп ата-анаға сенеді. Ал мектеп инспек­торының әрекеті көп жағдайда жасөспірімдер қылмысының алдын алу, профилактикалық жұмыс жасаумен ғана шектеледі. Сондықтан бала тәрбиесіне құзырлы орындардың жүйелі түрдегі жұмысы қажет. Осы орайда жасөспірімдермен жұмыс істеуге құқықтық бі­лім­­­мен қатар, педагогикалық білімі бар адам керек. Және жас­өспірімдер қылмысы өршіп тұрған аймақтармен арнайы жұмыс тобы тәрбие ісін жүргізсе де артық емес. Себебі еліміздің кейбір аймақтарында жасөспірімдер қылмысы жылдар бойына қайта­ланып келеді.

Рахым Төлеуқұлов, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі басқар­маның аға инспекторы:
– Қазіргі таңдағы жасөспірімдердің қылмысының көбеюі бала тәртібіне тек қана мектеп инспекторы ғана жауапты еместігін, ата-аналар комитеті мен ұс­таздар қауымы, құқық қорғау орындары мен жалпы қоғам тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажеттігін аңғартып отыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген­дей, балалардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, компьютерлік ойындарға әуес­тенбеуі секілді мәсе­лелерді әрдайым қоғам болып қадағалап отыру қажет. Теледидардан қатыгездікке толы өнім­дердің орнына, балаларды жақсылыққа баулитын арнайы бағдарламалар көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста