Мейрамханаларда орындалатын музыкалық шығармалардың қаламақысын сол мекеме есебінен өндіру дұрыс па?


Байғали ЕСЕНӘЛИЕВ, әнші, актер, Қазақстан авторлар қоғамының бас директоры:
– Кез келген мейрамхана, дәмханаларда орындалатын музыкалық шығармалар үшін келушілерден белгілі бір мөл­шерде ақша талап етіледі. Тыңдағыңыз келсін-кел­ме­сін, сізден музыка үшін кемі 200-500 теңгеден ақша ұста­лы­нады. Сондықтан да мейрамханалар авторлар есебінен қо­сымша табыс тауып отыр десек болады. Әрине, қазіргі бел­гіленген заңдық талаптарға сай мейрамханалар мен ав­торлық қоғам арасында тиісті келісімшарттар жа­са­лын­ған. Алайда көптеген мекеме қаламақы төлеу­ден мүл­де бас тартады. Біз өз кезегінде мұндай жағдай­лар­да Әді­лет департаментіне шағымданамыз. Бір қызығы, та­­быс­тары орташа шағын дәмханалар келісімшартта бел­гі­лен­ген қаламақы сомасын жүйелі түрде аударып тұрады да, керісінше кәсібін өрге сүйреп отырған кейбір ірі мей­рам­­­­­хана иелері авторлық қоғамға тіпті мұрын шүйіріп қа­рай­ды. Бұл жерде ең бірінші кезекте автордың құқығы тап­­та­лып отыр. Осы мәселелерді түбегейлі шешуге біздің ав­­­т­ор­­лық және сабақтастық құқық туралы заңымыз өте әлсіз.


Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ, ҚР мәдениет қайраткері, «Аруана» продю­серлік орталығы­ның жетекшісі:
– Шығармашылық бағыттағы дүниелер мен авторлық құқық мәселесінде түсінбеу­ші­ліктер болмас үшін нақты заңдарға сү­йене отырып жұмыс жасау керек.  Мысалы, өзім басшылық ететін «Аруана» мейрам­­хана­сы «Абырой» сияқты авторлар қауым­дас­тығымен жасасқан арнайы келісімшарт негізінде тиісті мөлшерде авторлық қала­ма­қы аударып келеді. Біздің де мейрам­ха­нада өзге жерлердегідей отандық және ше­т­елдік авторлардың шығармалары орын­далып жатады. Музыка үшін төленетін ақша мейрамхана қонақтарына қызмет көр­сету ақысына кіреді. Демек, біз автор­лар­­дың еңбегін пайдаланып отырмыз. Осы орайда табысымыздың бір бөлігін оларға беруге тиіспіз. Бәрін заңмен шешіп отырса, меніңше, бұл төңіректе дау болмауға тиіс.


Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Осы мәселе қоғамда талай пікірталас тудырып келеді. Бұл ретте заңдық тұрғыда әлі пі­сіп-жетілмеген нәзік түйткілдер, даулы мә­селелер өте көп. Мейрамханаларда орында­ла­тын ән, күйлер мен өзге де музыкалық шы­ғармалар үшін неге сол мекеме иесі қа­­ламақы төлеуге тиіс? Мұнда келушілер ас мә­зірімен қоса, музыка үшін де ақша төлейді. Алай­да қаламақыны тек мейрамхана иесінен өн­діріп алу жайы біржақты ғана қарасты­ры­луда. Қазір елімізде бірнеше авторлық қа­уым­дастық жұмыс істейді. Бірақ олардың бәрі белгілі бір ортақ талап-негізде қызмет етіп отыр деп айта алмаймын. Сондықтан да ав­тор­лық және сабақтас құқық проблемала­рын авторлар, орындаушылар, заңгерлер, кә­сіпкерлер мен басқа да осы салаға қатысы бар адамдар бас қосып, бір шешімге тоқталуы тиіс.


Қаншайым БАЙДӘУЛЕТҚЫЗЫ, журналист, «Серпер» сыйлығының лауреаты:
– Дәмханаларда қойылатын ән-күй, әуен-саздардың қаламақысын қызмет көрсету  орындары тапқан табыс, түскен кіріс, көрген пайдасынан төлеп отыр деп ай­та алмаймын. Керісінше, көпшілік ортада, жиын-тойларда ән тыңдағаныңыз үшін са­лық сізге салынады. Ақшаны сіз бен біз тө­лей­міз. Мекеме басшы­ла­ры авторлық қо­ғам­дарға аударылуы тиіс мөл­шерленген па­йыз­ды қуаныш иелерінен өн­діріп алады не­месе, жалпы, көңіл көтеруге, дем­алуға, ас ішу­ге келген қонақтардың есе­біне қосып тір­кей­ді. Мейрамханалық бизнес одан зардап шек­пейді. Айналып келгенде, сор­лайтын – бая­ғы жай халық. Сондықтан қа­ра­пайым ел­дің қалтасын теспей сорып, мәде­ниет­ті түр­де тонау дұрыс емес деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста