Көркем әдебиет бүгінгі күн талабына жауап бере алмай отырған жоқ па?

Герольд БЕЛЬГЕР, жазушы:

– Әлбетте, бұл тұрғыдан алғанда, біржақты көзқарас болуы мүмкін емес. Яғни «жоқ» дегенді де, «әдебиетіміз керемет дамып отыр» дегенді де айта алмаймыз. Жалпы, менің түсінігімде, қазақ әдебиеті өте мықты әдебиеттердің бірінен саналады. Ал кемшілігі, біріншіден, қазіргі қоғамдық жұмысқа тікелей араласып, оның келеңсіз жақтарын ашық айта алмай жүр. Мысалы, біздің қоғамды «қарапайым қоғам» дей алмаймыз. Қазір неше түрлі жағдайлар орын алуда. Көркем әдебиет соның қай-қайсысына болсын өз көзқарасын білдіруі керек. Ал біздің қаламгерлеріміз ештеңеге араласпай, әлеуметтік үлкен мәселелерден көбінесе сырт қалып қояды. Билікке руханият, әдебиет, тіл мәселесіне қатысты ашық пікір айтуға жоқпыз. Осы жағы мені қатты ойлантады. Екіншіден, әдебиетімізді насихаттауда үлкен кемшілік бар. Біз барымызды көрсете алмай жүрміз. Бұл ретте, қазақ әдебиетін орыс тіліне және басқа да шет тілдерге аудару шаралары қолға алынуы тиіс. Былайынша жақсы шығармалар да, мықты жазушылар да жоқ емес. Тек соларды дүниежүзілік әдебиет деңгейінде көрсету жағы кемшін.

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы-публицист:

– Бүгінгі күн талабына жауап бере алатындай шығармалар бізде сирек болса да бар. Мысалы, мен кеше ғана Герольд Бельгердің «Жазушы» баспасынан орыс тілінде шыққан «Разлад» атты романын оқып бітірдім. Қазақ қоғамындағы ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістерді, рухани құлдырау, отбасының ажырауы, буынаралық қожырау секілді жағдайларды өте дәл жазған. Бізде сынның жоқтығынан осындай шығармаларға екпін түсірілмейді, көбінесе әркім өзінің танысын, жақсы көретін жақын адамдарын мақтауға үйреніп алған. Меніңше, көркем әдебиет деген – ешқашан сөнбейтін от. Бірақ көбінесе жалған дүниелердің нөпірі басып кетеді. Бірен-саран сыншылардың өзі әдебиетке эстеттік көзбен қарайды, жаман нәрселерді айта бергісі келмейді, айтқан күнде де бәрібір пайда жоғын біледі де, халтураны айналып өтуге тырысады...

Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ, жазушы:

–Бүкіл әдебиетті бір-екі адамның мысалымен қарастыра алмаймыз. Яғни бүгінгі талапқа сай керемет мазмұнды, мағыналы шығарма жазып жүргендер бар да, ненің не екенін әлі білмей, «баяғы, Қойшыбайдың таяғы» күйінде қалып қойғандар бар. Бірақ солар үшін Мұхтар Мағауинді кінәлауға болмайды ғой. Сол себепті де, жалпылама пікір айту – орынсыз. Бұл мәселеге әр жазушының жеке шығармашылығы тұрғысынан келу керек. Мәселен, Тұрсынжан Шапай сын жазбай кетті. Бірақ соған қарап, «қазақ әдебиетіндегі сын жанры мүлде тоқтап қалды» деген ой түюге бола ма? Ол жазбаса да қазір, мысалы, мен сын жазып жүрмін. Баяғыда біреу И.Бродскийден: «Сіз қазір шетелде тұрасыз. Бұрынғыдан өзгердіңіз бе?» – деп сұрапты. Сонда ол күліп: «Мысалы, басқа үйге көшсеңіз, содан сіздің таным-түсінігіңіз, көзқарасыңыз өзгерер ме еді?» – деген екен. Сол сияқты, қандай жағдайда да, әр қаламгер өзінің ой-өресіне, таным-талғамына орай еңбек етеді. Және бір жазушының қарым-қабілетіне, шығармашылық қуатына қарап, бүкіл әдебиет туралы ой түю мүмкін емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста