Көпұлтты театрдың концепциясы қалай болу керек?


Сұлтанәлі Балғабаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы-драматург:
– Мен осы уақытқа дейін еліміздегі өзге ұлт театрларына күмәнмен қараушы едім. Жақында бұл пікірімді өзгерттім. Осыдан біраз бұрын Қазақстан театрларының фестивалі өткен болатын. Сонда республикамыздың түкпір-түкпірінен келген әртүрлі театрлар өнер көрсетті. Осы фестивальға қа­тыс­қан өзге ұлт театрларының ішінен маған кәріс театры қат­ты ұнады. Мұны айтып отырған себебім – біз өзге ұлт театр­ла­рының потенциалын өзімізге пайдалана алмай жүрміз. Мы­салы, сол театрлар өзде­рінің тарихи Отанынан, немесе бас­қа да шетелдерден көптеген шақыртулар алып жатады. Гас­трольға барғанда олар, әрине, өздерінің ұлттық шығарма­ла­рын сахналайды. Егер де біз сол өзге ұлт театрларының ре­пертуарына қазақ драматургиясын енгізуді міндеттесек, идео­логиялық тұрғыдан да көп нәрсе ұтқан болар едік. Ме­ніңше, Қазақстандағы әрбір өзге ұлт театрлары өздерінің ұлт­тық дүниелерін насихаттаумен қатар, қазақ мәдениеті мен өнеріне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да көпұлтты театр құ­ру концепциясы осы мәселелер төңірегінде өрбуі керек.

Ғаббас Қабышұлы, жазушы-сатирик:
 – Қазір Қазақстанда қазақтың өз театрынан басқа немістің, орыстың, ұйғырдың және тағы басқа ұлттардың да театрлары жұмыс істейді. Бұлардың әрқайсысы тек өздеріне тән концеп­ция қабыл­дап, өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне сай репертуар таң­дай­ды. Ал енді осылардың бәрінің басын қосқаннан біз не ұтамыз? Мәселен, осындай көпұлтты театр құрыл­ды делік. Сонда бір сахнада бір шығарма әртүрлі тілде қо­йыла ма? Қалай болған күнде де, бұл үрдіс театр­ларымыздың шы­ғар­машылық тұрғыдан дербес өсіп-өркен­деуін тежейді. Осы ойды жоғарыдан қолдап отырғандар ақ­шаларын қайда жұмсарын біл­мей отырғанша, қазақ театр­ларының заманға лайық дамуына көмектеспей ме? Бүгін­де еліміздің үлкен қалаларынан бөлек аймақтарында жаңа та­лаптарға сай жабдықталған театрлар жоқтың қасы. Ұлты­мыз­дың рухани ахуалын жақсартуды мақсат етсек, біз ең алды­мен өзімізді жарылқап алуымыз қажет. Әрине, театр­лардың өзара байла­нысы болған жақсы.

Ахметжан Ашири, Қазақстан Жазушылар одағы ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы, жазушы-драматург:
– Көпұлтты театр құруды әркім әрқалай түсінеді. Мысалы, бір бақшада әртүрлі жемістер өсіп тұрады. Олардың әрқайсысы өзінің түрімен, дәмімен, иісімен ерекшеленіп тұрады. Әрқайсысының өз орны бар. Бірақ бәрі бір үйлесімге бағынып өседі. Егер біз миуалы бақтың әр тұсында жайқалып тұрған жеміс ағаштарын бір-біріне қосып, араластырсақ, онда бақшада берекесіздік орнайды. Сол сияқты еліміздегі әртүрлі театрлардың басын біріктіріп, бір жерге шоғырландыруға ұмтылғанша, бұлардың арасындағы жан-жақты байланысты жандандыруымыз қажет. Мысалға алатын болсақ, осы күнге дейін қазақ театрларында бірде-бір ұйғыр жазушысының шығар­масы қойылмаған. Есесіне, ұйғыр театры қазақтың классик қалам­гер­лерінен бастап, бүгінгі драматургтердің туындыларына дейін сахна­лап келеді. Меніңше, көпұлтты театрды құруды емес, осылар­дың рухани-шығармашылық, әріптестік байланыстарын күшейтуді ойлас­тыру керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста