Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегінің іске қосылуы Сырдария тасқынын толықтай ауыздықтай ала ма?

Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегінің іске қосылуы Сырдария тасқынын толықтай ауыздықтай ала ма?

Әмірқұл ЖЫЛҚАЙДАРОВ, Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар, табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы:

– Көксарай су реттегішінің жобасы ұзақ жылдардан бері айтылып келе жатқан еді. Көпшілік арасында қызу пікірталасқа айналған сауалдың нүктесі осыдан екі жыл бұрын қойылды. Елбасы Көксарай су реттегіші жобасын мақұлдап, оның құрылысын жүргізуге тапсырма берді. Биылғы жылдың ақпан айында су реттегіштің алғашқы кезегі пайдалануға беріледі деп күтілуде. Расын айту керек, дарияның төменгі бөлігіндегі жұрт қыс айларында мол суды қайда жіберерін білмей абдырап қалады. Ал сол сәтте Көксарай өз жұмысын атқаратын болады. Ел-сел су келгенде, су реттегіш біршама суды өзіне қабылдап алады. Ал жағдай реттелген тұста ол қайтадан дарияға құйылатын болады. Сондықтан оның алғашқы кезегі пайдалануға берілген тұста дариядағы қауіп біршама сейіледі. Жоба толықтай жүзеге асқаннан кейін дарияның төменгі бөлігіндегі жұрт су тасқыны проблемасына кезікпейді. Биылғы жылы да дариядағы су деңгейі елді елеңдетіп отыр. Көксарай су реттегішінің алғашқы кезегі жағдайды қалыпқа түсіреді.

Сайлаубай ЖҰБАТЫРОВ, жазушы-эколог:

– Мен көп жылдан бері Арал мәселесіне байланысты қалам тербеп келемін. Көксарай жобасы да менің назарымнан тыс қалған жоқ. Ол жайында бірнеше мақалам жарыққа шықты. Су тасқыны қаупі жыл сайын қайталанады десек те артық емес. Кейбір жылдарда дария ернеуіне сыймай, жағасына жайылып жатады. Мұндай оқиғалар елдің есінен шыға қойған жоқ. Сол тұста тығырықтан шығудың жолы ретінде қаншама су Арнасайға жіберілді. Қазір есепке салып көрсек, сол аймаққа 38 млрд текшеметр су шығын болыпты. Ол су кейін қайтпайды. Сол аймақта жерге сіңіп кетеді. Көксарай осындай олқылықтың алдын алуға септігін тигізеді деген оймен қолға алынды. Осыған байланысты бұрынғы жылдарда басқа да жобалар назарға ұсынылған. Алайда жеме-жемге келгенде Көксарай нұсқасы таңдап алынды. Биылғы жылы су реттегіштің алғашқы кезегі пайдалануға берілмекші. Ол су тасқынының алдын алуға септігін тигізе ала ма? Оны алдағы уақытта көретін боламыз. Жалпы, аталмыш жобаға байланысты түрлі пікір бар. Ол кей жерде «су қоймасы» деп те аталады. Егер ол сондай міндетті атқаратын болса, дарияның төменгі тұсындағы біздің облысымызға зияны тиеді. Ал су реттегіш болса дариядағы су деңгейі көтерілген кезде артық суды өзіне қабылдап алып, жағдай қалыпқа түскеннен кейін қайтадан өзенге құятын болады. Менің ойымша, аталмыш жобаға байланысты толық қорытынды жасау әлі ерте.

Жұмахан НҰРСЕЙІТОВ, «Арал-Сырдария» алаптық су шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары:

– Көксарайдың алғашқы кезегі пайдалануға берілгеннен кейін біршама проблемалар өз шешімін табады деп ойлаймын. Қазіргі кезеңде дариядағы су деңгейі былтырғыдан біршама жоғары болып отыр. Әзірге күн суыта қойған жоқ. Алайда күні ертең ауа райы құбылған жағдайда дарияда мұз ұстасады. Ол қандай деңгейде қатады? Бұл негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Шардара су қоймасындағы су деңгейі де өткен жылғыдан жоғары болып отыр. Ендеше, Көксарайдың дарияның төменгі бөлігіндегі су ресурстарын реттеуде маңызы ерекше болмақшы. Оған үрке қарауға болмайды. Өйткені ол артық суды өзіне қабылдайды. Қажетті кезеңде қайтадан дарияға құяды. Арнасайға қаншама су шығын болмайды. Сондықтан су реттегіштің алғашқы кезеңінің іске қосылуы ел өміріндегі маңызды оқиғаның біріне айналады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста