Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, «Ұлан» газетінің бас редакторы:
– Есімде, кезінде бір ғана ауылдың өзінде мектепте бір, ауыл клубында бір кітапхана болатын. Оған барушылар да соншалықты еді. Жекешелендіру басталды да, ненің қайда, кімнің атына өтіп кеткенін білмей қалдық қой. Тек мектептегі кітапханаларды ғана сақтай алдық, бірақ ондағы кітап қоры өте жұтаң. Бұл мәселе Алматыда жақсы жолға қойылғанымен, ауылда жағдай мүлдем басқа. Бір кітап сатып алу үшін кемінде 600 теңге керек, мұны әр ауыл мектебі не кітапханасы ала ала ма? Бүгінде бірді-екілі қалталы азаматтар батырлар жыры, ертегі томдықтары, балаларға қатысты энциклопедияларды мектептерге сыйлап жүр. Бірақ ондай азаматтар барлық ауылдарда табыла бермейді ғой, сондықтан жаппай барлық ауылдардағы кітапханалар жағдайын, кітап қорын мемлекет өз қолына алуға тиіс. Неге? Өзім университетте сабақ беремін, сонда байқағаным, оқушылар тек бірыңғай даталарды жаттап алады да, оның ар жағындағы себеп-салдарды білмейді. Мен оларға «дата бастар» деп ат қойдым. Мұны шұғыл қолға алу керек, мемлекет қоғамға өңкей «дата бас» масылдарды емес, кәдімгі асылдарды дайындауы керек қой.
Шәкен КҮМІСБАЕВ, балалар жазушысы:
– Бұл – өте өзекті мәселе. Бір кездері ауыл қандай еді? Үлкен-кішісі түгел газет-журнал, кітап оқитын, нағыз зиялылар ордасы болатын. Бүгінде сол көзден бұл-бұл ұшты, себебі кітапхана атаулының бар деген аты болмаса, кітап қоры жылдан-жылға молаю орнына азайып барады. Аузымызды қу шөппен сүрткен жарамас. Еліміздегі қала, аудан, ауыл мектептерінде кітапханалар бар. Балалар кітапханасы бүгінде солар енді. Алайда сұрақ, ондағы жұмыс қалай жүріп жатыр? Әдеби кітабы бар кітапханалардың картотекаларын ақырын шолып шықсаң, қанша баланың кітап оқып, қаншасының оқымайтыны содан-ақ белгілі болады. Кітапханашылар олармен қалай жұмыс істеп жатыр? Сондықтан мемлекет балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүйесін құрып, балаларды кітап оқытуға еліміз кірісуі керек.
Сұлтан ҚАЛИЕВ, балалар жазушысы:
– Әрине, балаларымыздың болашағын ойласақ, мұны құрғанымыз өте тиімді болар еді. Өйткені бүгінде Алматы, Астана секілді үлкен қалаларда ғана республикалық балалар кітапханасы болмаса, аудан, ауылдарда жоқ. Егер осы ретте кітапханалар жүйесін құрар болсақ, онда оған кейінгі жылдары шығып жатқан жаңа кітаптар түсер еді. Оны ауылда жүрген балаларымыз оқып, білімге, имандылыққа, тәрбиеге жүгінер еді. Бірақ кейде кітапханаларға кітап барғанымен, сол күйінде бумасы ашылмастан жататынын көріп қалдым. Ал ол кімнің кінәсі? Кітапханашылар жақсы жұмыс істеп, жас жеткіншекті кітап оқуға құмарта білуі керек. Сондай-ақ, менің білуімше, мектеп кітапханаларына кітап алуға, балалар басылымына жазылуға облыстық, аудандық әкімдіктерден қаржы бөлінетін секілді көрінді. Ал басшылар тарапынан кейде қаржыны үнемдеу себебімен кітапқа арналған қаржы бөлінбей қалады екен. Сондықтан балалар әдебиеті мен басылымдары бүгінде мемлекет тарапынан бақылау мен қамқорлыққа өте зәру.
Елімізде балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жүйесін құруымыз керек пе?
Читайте также
Қаржыны талан-таражға салған топ-менеджерлерді тыюдың механизмдері бар ма?
Білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізуге не бөгет?
Орта мектептерді заман талабына сай сапалы оқулықтармен қамтамасыз ете алып отырмыз ба?
Су тасқыны қауіп төндіріп отырған аймақтарда қазірден бастап төтенше жағдай жариялау керек пе?
Қазақ сатирасын неге дамыта алмай отырмыз?
Ұлттық архитектура неге дамымай отыр?
Последние статьи автора