Билік өкіліне тіл тигізу мен лауазымды тұлғаларға жала жабу туралы бапты Қылмыстық кодекстен алып тастау керек пе?


Арықбай Ағыбаев, заңгер:
– Қазір кез-келген азаматқа жала жабу, азаматтық, адамдық арына тіл тигізу мәселелері көбейіп кетті. Интернетті ашсаңыз да, баспасөз құралдарын қарасаңыз да азаматтар бір-біріне негізді, негізсіз айып тағып, жағаласып жатады. Олар сөз еркіндігі, баспасөз бостандығы деген секілді демократиялық құндылықтарды бетперде етіп, ойына келгенін істейтін болды. Көп жағдайда ондай авторлар аттарын жасырып, лақап есіммен де жаза береді. Мұндайда лақап есімдердің иелері кім екенін табудың өзі қиын. Сондықтан да, біз алдымен азаматтың қадір-қасиетіне, жеке басына нұқсан келтіретін  ақпараттардың тарамауын қадағалап, сол қадамға барғандарды қатаң жазалауға тиіспіз. Мәселен, біреулер негізсіз бір азаматты «ауыр қылмыс жасады» деп айыптай салады. Оны әкімшілік жазамен жауапкершілікке тартсақ, ешкім айылын жимайды деп ойлаймын. Бүгінде кейбір қаламгерлер мен журналистер «Қылмыстық кодекстегі лауазымды тұлғаларға тіл тигізу туралы бапты алып тастайық» деп жатыр. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Өйткені, жала азаматтың жүрегіне дақ салып, абыройын төгуі мүмкін. Сол үшін де халқымыздың азаматтық санасы биіктеп, мәдениеті толық қалыптасқанша, бұл бапқа өзгеріс енгізбегеніміз дұрыс.


Майра Айсина, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты:
– Мен Қылмыстық заң жобасын талқылайтын депутаттық топтың мүшесі емеспін. Десе де, бұл мәселеге жеке пікірімді білдіруге болады. Меніңше, Қылмыстық кодекстен билік өкіліне тіл тигізу мен лауазымды тұлғаларға жала жабу туралы бапты алып тастау керек секілді. Себебі, еліміздің азаматтарына қолданылатын әр заң ешуақытта да лауазымды тұлға немесе қарапайым азаматтарға қатысты деп бөлінбеу керек. Біздің елдің азаматтары – тең құқылы. Мәселен, жай азаматтардың ар-намысын таптап, жеке басына жала жапқандарды әкімшілік жауапкершілікке, ал лауазымды тұлғаға негізсіз сын таққандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқанымыз қаншалықты әділетті деп ойлайсыз. Шенеуніктерді лауазымды қызметке тағайындаған кім? Халық. Сондықтан да, бұл мәселеде халық пен мемлекеттік қызметкерлер тең тұрғаны дұрыс. Егер де, Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізбейтін болсақ, жай азаматтардың арына тигендерді де сол кодекстің бабтарымен жауапкершілікке тарту қажет.


Әбдіқаһар Сейітжанов, заңгер:
– Азаматтың ар намысына тию деген мәселеге өте абай болған жөн. Болмайтын бір жаланың салдарынан бір адамның өмірі жүз пайызға өзгеріп кетуі мүмкін. Азаматтың аты-жөніне, жеке басына, отбасылық жағдайына күйе жағуға ешкімнің құқысы жоқ. Бұл мәселе қазір көбіне сот арқылы шешімін тауып келеді. Жала жабушылардың дені моральдік шығын төлеп, құтылып жатады. Сондықтан да, бұл кодекске өзгеріс енгізілмегені дұрыс. Егер де азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге немесе лауазымды тұлғаларға қатысты ойын білдіретін болса, тек дәйекке сүйенуі керек. Біз сонда ғана әр азаматтың ар-намыс құқығы сақтай аламыз. Бұл тек шенеуніктерге ғана қатысты емес, жалпы Қазақстан азаматтарының жеке басына негізсіз айыптауларды болдырмауға ықпал етуі керек. Біз лауазымды тұлға, қарапайым азамат деп бөле жармай қарағанда ғана діттеген мақсатымызға жетеміз.
«Алаш айнасы» үшін дайындаған

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста