Әлеуметтік желілер мен блогтарда бейәдеп сөз жазылғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастыру керек пе?

Әлеуметтік желілер мен блогтарда бейәдеп сөз жазылғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастыру керек пе?


Абзал ҚҰСПАНОВ, заңгер:
– Менің ойымша, бұл жерде қылмыстық жауапкершілік қарастыру қажет. Өйткені, кей азаматтар әлеуметтік желіде, блокта, пікір жазғанда нақты адамдардың ар намысына тиетін бейәдеп, балағат сөздер жазады. Күллі қауымның алдында намысын таптайды. Бір сөзбен айтқанда азаматтың құқығын бұзады. Ал, құқық бұзғандарға жауапкершілік қарастырылуы тиіс. Қалай болса, солай ойға келген бейәдеп сөздерді жазуға жауапкершіліктің жоқтығы жол беріп отыр. Егер қылмыстық жауапкершілік қарастырылса, онда әлеуметтік желілерде мұндай бассыздық болмас еді. Бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды. Себебі, кейде өзге ұлт өкілдері қазақ ұлтына, қазақ еліне қатысты кемісітетін сөздер жазып, ұлттық намысымызға тиіп жатады. Мұны назардан тыс қалдырмау керек. Бұл ұлтараздыққа соқтыруы мүмкін. Мемлекеттік қауіпсіздікке де жік түсіруі ықтимал. Жалпы, қазір әлеуметтік желілерді баспасөз құралына жатқызып жүр. Егер ақпарат құралында біреудің намысына тиетін сөз жазылса, ол баспасөзді жауапкершілікке тартады. Осы тұрғыдан келетін болсақ, неге әлеуметтік желілерде азаматтың ар-намысына тиетін бейәдеп сөз жазғандарды жазаламасқа? Меніңше, әркім айтқан сөзі үшін жауап беру керек. Жауапкершілік болмаған жерде құқық сақталмайды. Егер қылмыстық жауапкершілік қарастырсақ, адамдар сөйлеу мәдениетін, этикалық нормаларды сақтайтын болады.


Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, сясаттанушы:
– Әр адам айтатын сөзін ашық айтып, сол сөзі үшін жауап беруі тиіс. Ал әлуметтік желілерде елдің сыртынан өсек айтып, ойына келгенді жазатындар маған қорқаулар сияқты көрінеді. Өзге атпен тіркеліп, тасада тұрып тас лақтыратындар көбейді. Қазір өз ойыңды ашық айтуға барлық мүмкіндік бар. Өркениетті түрде газет бетінде, телеарнада ой жарыстыруға еш кедергі жоқ. Әлеуметтік желіде мен жайлы, достарым туралы да өсек-аяңның айтылып жүргенін естимін. Бірақ соған аса мән бермеймін. Дегенмен кей айтылған өсек-аяң біреудың шаңырағын шайқауы мүмкін. Ондайларды міндетті түрде жазалау керек. Соңғы кезде байқағаным, қазір күні-түні әлеуметтік желіде отыратындар қатары көбейіп кетті. Олар шынайы өмірден алшақтап барады. Тіпті бір жерде отырып, ауызекі сөйлесу орнына, бір-бірімен әлеуметтік желі арқылы сөйлесетіндер бар. Меніңше, жастарды әлеуметтік желілерден шығарып, шынайы өмірге қайтаруды ойлау керек.  


Мұрат ӘБЕНОВ, ҚР «Асық ату» ұлттық федерациясының президенті:
– Әрине, әлеуметтік желілерде жазылған бейәдеп сөздер үшін жауапкершілік қарастыру керек. Бірақ, бейәдеп сөз жазатындардың көбі жаңадан, өзге атпен тіркелген қолданушылар. Олардың көбі саналы түрде жазбайды. Ойын көріп, ойланбай жаза салатындар да бар. Соны ескеріп, бірден қылмыстық жауапкершілікке тартпай, жазылған жазбаның келтірген залалы, қоғамға қауіптілігі зерделегені абзал. Егер, бейәдеп сөздер нақты бір азаматқа қаратылып айтылмай, жалпы негізде жазылған болса, оған ескерту шарасын қолдану керек. Екінші рет қайталаса, айыппұл салу қажет, ал үшінші рет қайталаса, онда қатаң шара қолдану керек. Ал, егер біреудің отбасын бұзып немесе ұлтараздық тудырып, ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіріп жатса, ондайларға қылмыстық жаза қолдану қажет. Өзге атпен тіркелсе де, ондайларды анықтау соншалықты қиын емес. Сөздің құдіреті күшті екенін ескеруіміз керек. Сондықтан әлеуметтік желілерге бақылау қажет.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста