Жүйкені сақтаудың жеті жолы

Жүйкені сақтаудың жеті жолы

Біз бәрінен бұрын неден шаршаймыз? Уақыттың жетіспеуі, ұйқының қанбауы, ерте тұру, көшедегі кептеліс, ұстаздармен, басшылармен арадағы кикілжіңдер… Иә, әрине, мұның брлығы да оңай емес. Бірақ өмірлік энергиямызды жеп қоятын басқа да себептер бар екен. Солардың бірнешеуін қарастырып, алдын алуға тырысайық.
Ұнжырғаң түсіп, көңіл-күйдің болмауы асқазанның нашар жұмыс істеуінің белгісі ғана емес, иммунитет әлсіздігінен туындайтын  басқа да аурулардың көрінісі. Психологтардың айтуынша, егер сіз үнемі шаршап жүретін болсаңыз, мұны өз күшіңізбен жеңе аласыз. Шын мәнінде адам бәрінен бұрын өзінің әлдебір құбылыстарға деген қарым-қатынасынан шаршайды. Демек, ең бастысы – қазір естіген ақпараттың жақсы жағын ұстап қалуды ескерген жөн. Мәселен, таңертең теледидарда бүіннен бастап күн суытады дегенді естісеңіз, бірден ренжіп қоя берудің орнына, жуырда ғана алған жаңа етікті тағы бір киіп шығу мүмкіндігі туды, деген сияқты титтей де болса нәрсемен өзіңізді қуантуға тырысыңыз. Өйткені, егер ауа райы бұзылатын болса, бәрібір бізден сұрамайды. Демек, сіздің ренжігеніңіз өзіңізге ғана зиян әкеледі. Ал жүйке жасушалары қайта қалпына келмейді.
Тұңғиыққа шын мәнінде батып бара жатқан адам өз өмірінің нақты бағасын бере алады. Яғни, бұрын көңіліңіз толмайтын нәрселердің бәрі сіздің батып бара жатқан кезіңізде түк те емес болып көрінеді. Оның үстіне «Басқа түссе, баспақшыл» демекші, егер басыңызға бұдан да қиын жағдай туындаса да көтеретініңіз анық. Сондықтан, осы өмірге «like» белгісін қоюды ұмытпаңыз.
1 мәселе: озаттық синдромы
Жүйке тозуына бастайтын ең бірінші жол – кемеледікке ұмтылу. Жан-жағымыздан бизнесте жолы болған, аяқ астынан байып кеткен, отбасында бақытты жандар турлы көп естиміз. Былай қарағанда бұлар өте жақсы ақпараттар болғанымен және мұндай жаңалыққа қуанғанымызбен, санамыздың түкпірінде жүйкеге әсер ететіндігі анықталған. Яғни, біз де бейсаналы түрде озат болуға тырысып, ойша өз алдымызға еңсере алмас мақсаттар қойып аламыз. Ол адамды қатты шаршатады. Және не үшін шаршап жүргенімізді ұқпай қаламыз. Бұл жерде де өзіңіздің жақсы жағыңызды қарастыру керек. Мәселен, сіз аяқ астынан жұлдыз болып шыға келген актерді көрсеңіз, сіз де өз ісіңіздің маманы екеніңізді еске алыңыз. Немесе жолыңыз болған жағыңызды ойлауға тырысыңыз. Ең маңыздысы – өзіңізді өзіңіз кешіре алуыңыз керек. Және өзіңіздің жеке тұлға екеніңізді, біреулердің ойынан шығуға тиіс ойыншық емес екеніңізді еске алыңыз.
2 мәселе: қызғаныш
Бұл сіздің бойыңыздағы энегрияны жоғалтатын ең жаман нәрсе. Біреулердің шыққан шыңын қызғану, көре алмау, аяғынды өзіңізді кіналау болып шығады. «Ой соны қойшы,мен одан да күштімін» деп ойлаудың астарында бәрібір, «мен неге ондай бола алмадым» деген ой жатады.
Негізі қызғаныштың емі жоқ. Егер тумысынан қызғаншақ адам болсаңыз, мәселені шешу қиындау. Сонда да, өнер туындысынан, табиғат сұлулығынан ләззат алуға талпынып көріңіз. Сіз қызығып, қызғанып отырған адамның да қолы жетпеген нәрселер бар екенін ойлаңыз.
3 мәселе: өзіне өзіне деген сенімсіздік
Босқа жүйке тоздырудың тағы бір жолы – елдің сіз туралы не ойлайтынына бас қатыру және оларға жағуға тырысу. Бүкіл елге бірдей жағу ешқашан мүмкін емес. Сіз шынымен жақсы адам болуыңыз да мүмкін. Алайда әркімнің талғамы әртүрлі. Бәзбіреулерге бәрібір жақпайсыз. Сондықтан бұл да босқа жүйке тоздыру.
Шындығына келгенде, сіздің жетістіктеріңіз бен құлдырауларыңыз ешкімді де қызықтырмайды. Және сіз туралы ойлаған ойын да, айтқан сөзін де сәлден соң ұмытып кетеді. Сіз де сөйтіңіз. Есесіне жүйкеңіз орнында.
4 мәселе: азға қанағат ете білмеу
Қазіргі қоғамда «мүмкін емес нәрсе жоқ» деген пікір етек алды. Бұл дұрыс емес. Ешкім де өз мүкіндігінен артық жасай алмайды. Қолда бардың қадірін біліп, бағалай біліңіз. Бастық болмаған адамның бостандығы өзінде екенін ойлаңыз. Жанталасып жан бағып жүрген біздерден гөрі тау бөктерінде таза ауа жұтып атпен серуендеп, қой баққан ата-бабамыздың бізден гөрі бақыттырақ болғанын ойлаңыз.
5 мәселе: үнемі сақтанып жүру
Жүйкеңізді үнемі әлденеден қорқып, қауіптің алдын алып, сақтық жасап жүру де жеп қояды. Біреудлер материалдық құндылықтарын қалай сақтап қалуды ойласа, біреулер қалай көбейтуді ойлайды. Қалай десеңіз де маңдайға жазғаны болады. Бәрінің алдын алу мүмкін емес. Өмір өз дегенін істеп өзгеріп отырады. Сондықтан, үнемі «қатып» жүрудің қажеті жоқ.  
6 мәселе: сараңдық
Ішкі қорғаныс күшін сараңдық та әлсіретеді. Бұл жерде әңгіме үнемі «біреу мені сатып кетуі, алдап кетуі, сазға отырғызып кетуі мүмкін» деп күдіктеніп, өз күшін, еңбегін, ақшасын қорқа-қорқа жұмсайтын адамдар туралы болып отыр. «Не ексең – соны орасың», «Береген қолым – алаған» деген мақалдарды еске алыңыз. «Шығын шықпай, кіріс те кірмейді». Демек бұл жолы да жүйкені тоздырып, қатты «тырысудың» қажеті шамалы.
7 мәселе: селқостық
Бір қызығы, селқостық та жүйкеңізді тоздырады. Кез келген әрекеттің 5 бөлігі бар: мақсат, жоспар, орындау, бақылау және іштей бағалау. Осы бесеуінің біреуін жасай алмаған адам психологиялық жағынан күйзеліске ұшырайды. Бір іске кіріскенде мақсатсыз болса немесе жоспары құрылмаса, болмаса осының бәрінің бағасын өзге біреу беретін болса, қиын әрине.
Сондықтан жүйкені қалпында сақтау үшін, бәріне бірдей қолды бір сілтеуге де болмайды.
http://www.kalaisyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста