Құралай ханым: «Өтініш қазақтар... Неге өлім шақырып отырсыз?!»

Құралай ханым: «Өтініш қазақтар... Неге өлім шақырып отырсыз?!»

Белгілі психолог Құралай ханым әлеуметтік желіге өлім туралы ақпараттар мен жаназа фотоларын сала беруге болмайтынын айтты.

Ақпан айы Қазақстанның барлық өңірлерінде ауа райының қатты суытқанымен ғана емес, суық хабарлармен де басталды. Астанадағы бес баланың өрт салдарынан өлімі және Түркістан облысында тұтастай бір отбасының иісті газдан уланып өлгені қайғылы оқиғалар. Бұдан өзге де жан түршіктіретін оқиғалар ақпан айында өте көп орын алып жатыр. Неге?

Осы оқиғаларға орай, белгілі психолог Құралай Ошақбаева (Құралай ханым) инстаграм парақшасында былай деп өз ойын білдірді: kuralay_hanum: Соңғы кезде негативке көп түсіп, бес періштенің мәйіті салынған фотолар әлеуметтік желіні шарлап, одан кейін де екі-үш отбасының о дүниелік болған фотоларын қорықпай парақшаларымызга салып жатырмыз. Бұрын апам жаназаға барып келгенде, ешқайда бұрылмай тікелей үйге, сырт киімін далада шешіп, сілкіп, дәрет алып үйге бірақ кіретін... - Апа, ана көшеде, ата қайтыс болыпты, - деп шәй үстінде айтсаң - Тек, тиыш отыр, сен қызға суық хабарды жеткіз деп кім айтты, өлім балалап кетеді, аузыңа ие бол!, - дейтін. Жаман нәрсе айта қалсаң: "Бәле шақырмай тыныш отыр! - дейтін. Бейіт басына әйелдер, балалар жіберілмейтін... Өлікті ұстауға, құшақтап жылауға үлкендер рұқсат бермейтін...

Қәзір осы әңгімені айтып, "Тек!" дейтін апаларымыз азайды ма, өлікті видеоға түсіріп, міз бақпай әлеуметтік желіге сала саламыз. Қандай ақпарат көп айтылады, сол елімізде орын алады! Бір жерден "баласын туып тастап кетіпті" - деген ақпаратты ТВ көрсетсе бітті, жер-жерден баланы қоқыстан тауып жатамыз! Енді міне, атам қазақ қорқа қарап, өз өмірінен алыстатуға тырысатын, өлімді, тым жақындатып жіберген жоқпыз ба?! Суық хабар, әсіресе имуннитеті төмен, нәзік жандарға, балалар жүрегіне өте қатты әсер етеді! Өлікке арналған өлең жолдарын, титтей балаларға айтқызып, просмотр, лайк жинамай-ақ қойыңыздаршы!

Түбіне жетіп түсінбей отырған, бала көңіліне, суық хабарды жаттатқызып, неге өлім шақырып отырсыз?! СОНДЫҚТАН ӨТІНІШ ҚАЗАҚТАР! ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ФОТО САЛҒАНША, БӘЛЕ ЖАЛАДАН ТЕК ДҰҒА ЖАСАП, МАРҚҰМДАРҒА БАҒЫШТАП ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ОҚЫҒАНЫМЫЗ ӨЗІМІЗГЕ ДЕ, ХАЛЫҚҚА ҚА ДА ПАЙДАЛЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН! Оқырмандар пікірі «Осы пікіріңе қосыламын», «Өте орынды айттыңыз», «Менде кеше осыны тура осылай ойлап едім... көбі парақшасына салып... мен парақшама салғым келмеді... жаман нәрсені», «Осыны мен де қолдаймын. Негативті айтқанды суханым сүймейді», «Иә, соны айтам. Қазақ "Мал құлағы саңырау" деп бекер айтпаған. Өлімді жерге барған күні еш жерге соқпай бірден үйге бару керек», «Жұрттың бәрі сіздей болса ғой, әсіресе журналист ақылды сымақ армия...», «Дұрыс айтасыз, бұрын жаман аурулардың да атын айтпайтын көбейіп кетеді деп», «Дұрыс айтасыз! Көкейімдегі осы ой еді», «Керемет аиттыңыз. Жаназасын шығарғанына деиін салғаны дұрыс болмады»... Құралай ханымның айтқаны ойландырарлық екен. Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

Фото: @kuralay_hanum

ERNUR.KZ

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста