Емтиханды қалай табысты тапсыруға болады?
Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады.
Жабығу жағдайына ұшырамау үшін психологиялық қорғанысты қабылдау
Емтихан – жай ғана білімді тексеру ғана емес, жабығу жағдайындағы білімді тексеру болып табылады. Емтиханға дайындық және оны тапсыру кезінде жүйке және жүрек-қан тамыр жүйесіне салмақ түседі. Сондықтан емтиханға психологиялық дайындық қажет. Ол өз кезегінде емтиханға дайындалу және тапсыруға адекватты қатынас үлгілерін жасайды. Емтиханға дайындық кезінде өзіңізге сену керексіздер. Өз күшіңізге сенімсіз болған сайын, үрейде артады. Ол үрей сал болдырып, тіпті барлық әрекетті жоққа апарады.
Егер сіз ішіңізден: «Менің есте сақтау қабілетім нашар!», «Мен математикаға қабілетті емеспін!», «Мен бұл емтиханды ешқашан тапсыра алмаймын!», деп ойласаңыздар, сіздің жүйке орталығыңызға берген бұйрығыңыз әлсіз болады. Таңғаларлық ештеңесі жоқ, барлығы тек еңбектің арқасы. Өзіңізді жаман бағалауды қойыңыз.
Емтиханға қалай дайындалу керек? Педагогтың кеңестері
Емтихан – сіздің не білетініңізді бақылау пікірінен бастайық… бұл сұраққа жауаптан сіздің емтиханға дайындығыңыз басталады.
І кезең. Сіздің «білу» және «білмеу» деңгейіңізді анықтаңыз. Барлығын қайталап, уақыт кетірудің орнына нені білмейсіз соған уақытты көбірек бөліңіз.
ІІ кезең. Қайталау жоспарын құрыңыздар. Емтиханға дайындықты екі ай бұрын бастау керек. Ұмытылған пәндерді үш апта қайталаған дұрыс. Емтиханға бір апта қалғанда жоспарды, қайталау кезінде жазған конспектіні көруді ұмытпаңыздар.
ІІІ кезең. Емтиханға бір күн қалғанда, ештеңені қайталама, жаттама!!! Басыңызда білім орнығу үшін кем дегенде бір күн керек.
Емтиханға және күнделікті сабаққа дайындалу арасында қандай айырмашылық бар?
1 — Есіңізде сабақ оқыған кезге қарағанда, материалдар көлемі үлкен болады
2 — Бұл материал жөнінде мұғалім сізден сұрамайды, сіз өз бетіңізбен істейсіз немесе өзге біреумен.
3 — Жаңа нәрсені оқымайсыз, қайталайсыз. Бір кездері оқығанды еске түсіресіз.
4 — Егер бір нәрсе түсінбесеңіз, сыныпта түсіну үшін мүмкіндік бар.
Емтиханды қалай тапсыру керек? Психологтың кеңестері
Жалпы ереже: емтиханға спортшы жарысқа келетін түрде келу керек. Басқаша айтсақ: емтихан тапсыру кезінде «спортшының» миы ең жоғарғы өнімділікпен жұмыс істеуі қажет. Білетін нәрсенің үштен бір бөлігін ғана қолданатын кездер болады! Неліктен?
Емтиханды жақсы тапсыруға үш жағдай әсер етеді:
1 — Жақсы дайындық
2 — Емтиханды тапсыру барысындағы мидың табысты жұмысы
3 — Емтиханды тапсыру техникасы
Жақсы дайындық
Жақсы дайындалып, орташа тапсыруға болады, онша емес дайындалып, өте жақсы тапсыруға болады. Бұл сәттілік қана емес, емтихан тапсыру барысындағы мидың жай-күйі. Емтиханға тынығып келу керексіздер. Егер материалды соңғы секундқа дейін қайталасам, көп білемін деп ойласаңыздар – қателесесіздер! Емтихан алдындағы қорқыныш тапсырам ба, әлде тапсыра алмаймын ба?/ өте үлкен кедергі болады. Егер сіз өз күшіңізге сене алатын адам болсаңыз, қорқыныш қатты кедергі болмайды.
Емтихан күндерінде ағзаңыз бен миыңыз ең жақсы күйде болу үшін не істеу керек?
1 — Емтиханға бір күн қалғанда зияткерлі жұмыспен айналыспаңыз. Таза ауада дем алыңыз. Кешке кино, бірақ тек комедия көруге рұқсат! Дау-жанжалдан аулақ болыңыз. Бұл кедергі етеді.
2 — Емтихан алдында, түнде, конспект көруге бір сағатыңызды арнаңыз. Дұрыс білмеймін деген негізгі пунктерді қараңыз.
3 — Емтихан күні ұйқыңыз қанып тұруы керек. Емтиханға ерте келмеңіз, 15 минут жеткілікті. Әйтпесе, көп толқып қоясыз.
4 — Бірінші болып тапсырыңыз. Емиханды көп күту, психологиялық түде жалықтырады.
5 — Емтиханға бара жатып, өзіңізбен бірге конспектіңзді алуға ұмытпаңыз. Көшіріп жазу үшін емес, өзіңізді қорғалғандай сезіну үшін.
Формула – емтиханды табысты тапсыруға деген икем
1 — Мен емтихан тапсырғым келеді
2 — Менің қалауым – берік білімді болу
3 — Мен өзімді қабілетті, бәрін білуші адам ретінде көремін
4 — Мен өз мақсатыма қол жеткізе аламын – емтиханды табысты тапсырамын
5 — Мен бәрін істей аламын, емтиханды да тапсырамын, мен ешнәрседен қорықпаймын
6 — Емтиханды жақсы тапсыратыныма күмәнім жоқ
7 — Барлық адамдар мені барлығын білетін, өз-өзіне сенімді адам ретінде көреді
8 — Барлық мұғалыімдер мені бір оқығаннан жаттап алатын, қабілетті оқушы ретінде біледі
9 — Мен барлық рухани күшімді саламын
10 — Маған емтиханды жақсы тапсырған ұнайды
11 — Менің білімім жақсы, берік
Емтиханды тапсыру техникасы. Жазбаша жұмыстар
1 — Емтиханда жылдам жұмыс істеу керек. Жылдам жұмыс жайлы емтихан алдында ойлап, жылдам жұмысқа дайындал.
2 — Тапсырманы назар салып оқығаннан кейін, 1-2 минут үзіліс жасаңыз. Бұндай үзілісьер, уақыт аз болса да, жақсы көмектеседі. Өйткені тыныш ойлану үшін жеке уақыт бөлесіз. Табысқа жету шарттарының бірі осы.
3 — Әр әрекетті тексеріңіз. Қатені табу және оны түзетуге қарағанда уақыт үнемдейсіз.
Емтихан тапсыру техникалары. Ауызша кеңестер
1 — Сіздің миыңыздың дәлдігі сіздің тұрған кейпіңізге байланысты, еркін, тік, басыңызды көтеріңкі етіңіз. Қатты және еркін сөйлеңіз. Емтихан қабылдаушылардың көзіне тура қарап, ештеңеден қорықпаңыз.
2 — Сізге ыңғайлы болатындай киініңіз.
blogtime.kz