Зиялылардың саяси беделі қандай болу керек?

Қазір қазақта зиялы қалмады деген пікір жиі айтылып жүр. Бұған нен­дей себептер бар екен? Жұртшылық зиялы деген ұғымның қатарына негізінен, халықтың сөзін сөйлейтін адамдарды жатқызады. Қалай дегенмен, зиялы ұғымы – адамның білімінің деңгейіне ғана емес, сол білімнің әртүрлі жолдармен қоғамның игілігі үшін жұмсалуына қарай телінеді. Кеңестік заманда интеллигенция атаулының саяси беделі аса күшті еді. Тоталитарлық, авторитарлық жүйедегі қоғамда биліктен қысым көретін халық, белгілі бір топ білімді, жігерлі адамға үміт артатыны заңдылық. Ал капиталистік қоғамда, демократиялық елдегі зиялының рөлі мен бағыты, саяси салмағы қандай болмақ?

Күрескер болмаса, зиялы емес
Бейбіт заманда әскери сарбаздың шен алып, батыр атануы қиындайтыны сияқты, демократиялық қоғамда зиялы қауымның да толыққанды көрініс беруі сирек жағдай. Қайбір заманда болса да интеллигенция өкілі атанған есімдер, ең алдымен, күрес­кер болған. Халықты қанаушы билікке қар­сы, кедейлерге күн көрсетпейтін шон­жар­ларға қарсы немесе надандыққа қарсы кү­реседі. Ал енді бүгінгі күні бұл жағдай қалай болады? Мәселен, Дания мемлекетін алайық – экономикалық һәм саяси мәсе­ле­­лер толық шешімін тапқан деп айтуға бо­­лады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 39 мың доллардан келеді, елдегі қыл­мыстық көрсеткіштер өте төмен, сырт­қы әскери қауіптер жоқтың қасы, елдің ғылым-білім және денсаулық сақтау саласы көптеген елдермен салыстырғанда көш ілгері жатыр. Мұндай жағдайда қоғамда күрескер тұлғалардың пайда болуы қиындайды және оған қажеттілік те ша­ма­лы. Дегенмен бүгінде Батыс елдерінде зия­лы қауымның саяси салмағы басым деген пікір жиі айтылады. Алайда мұнымен то­лық келісуге болмайды. Себебі онда зиялы, білімді адамдардың емес, өнерлі адам­дар­дың дәурені жүріп тұр. Саясаткерлер мен партиялар халықтан басым дауыс жинау үшін сайлаушылардың құрметіне ие болған Леди Гага, Джастин Тимберлейк секілді ән­шілерді, актерлерді немесе Дэвид Бекхем секілді футбол жанкүйерлерінің «құ­дайы­на» айналған есімдерді өз жағына тартуға ты­рысады (көбіне ақшалай ынталандыру арқылы).
Ал енді «бүгінгі қазақтың зиялылары қай­да кетті» деген сауал туындайды. Бұған беретін алғашқы гипотезалық жауабымыз – қазақ осы өміріне толық қанағаттанып отыр. Сан жылдар бойы Кеңестік заманның қысымы мен теперіштерін көріп келген ха­лық осы еркін өміріне риза. Дегенмен елі­міз­де тіл мәселесі, дін мәселесі, тіпті эко­но­микалық проблемалар да баршылық қой. «Зиялы қауым соны көре тұра қалай ты­ныш жатады» деген тағы бір сауал туын­дауы мүмкін. Қазақта тек деген ұғым бар. Қазақ қана емес, әлемнің көптеген елдері тектіден текті туатынын, тектілік тұқым қуа­тынын мойындайды. Ендеше, сталиндік репрессияның қазақтың қаймағын құ­рай­тын 125 мың текті азаматты оққа ұшыратып, тұ­қымын құртқанын ескерсек, қазақтың қаймағының қайта түзілуіне біраз уақыт қажет-ау деген ой туындайды.
Зиялы қауым болашаққа бара ма?
Жалпы, демократиялық қоғамда «ин­тел­­­ли­ген­цияның салмағы жоғалып, интел­лек­туал­дардың беделі артады» деген ауызекі қағида бар. Бұл бір жағынан асыра айтыл­ған тұжырым болғанымен, нақты өмірде осы қағиданың растығын дәлел­дей­тін құ­былыс­тар көптеп байқалады. Мә­се­лен, қайбір замандағы интеллигенция қо­ғам­да болып жатқан кез келген салаға, кез келген оқи­ға­ларға тікелей араласып отыр­ды. Бір кездегі Алаш азаматтары ғы­лым мен өнерді қатар игеріп, нақты ма­ман­­­дық­тан гума­ни­тар­лық салаға, одан билік істе­ріне араласып кете береді. Саяси-мәдени қай­­раткер атан­ған Смағұл Сәдуа­қасов әде­биет пен театр өнеріне ерекше еңбек сіңір­генімен, негізгі мамандығы – ин­же­нер­лік. Қазақстанның шикізат көзіне айна­лып кетпеуі үшін Мәс­кеумен күрес жүргізеді. Академик Қаныш Сәтбаев қазақ геология ғылымының атасы бола тұра, әдебиетке сіңірген еңбегі орасан баға­ла­нады. Ал қазірде көпшілік зиялы атап жүр­ген жазу­шы­лар мен өнер қай­рат­кері елі­міз­дің эко­номикалық мәселелері мен сырт­қы саяси құбылыстар жөніндегі пікірлері көп­шілікке қарабайыр болып көрінуі мүм­кін.
Біреулер «зиялы қауым жоқ» дегенді айтса, енді біреулер «зиялы жоғалған жоқ, ол жаңа заманға бейімделіп, транс­фор­ма­ция­ланып жатыр» дегенді айтады. Бұл – ойға қонарлық пікір. Мәселен, бұл күнде есімі елге танылған адамдар тар шеңбердегі салаларға кетіп жатады. Немесе артынан өсіп келе жатқан балаларын міндетті түрде биз­неске, басқа да нақты салаға қарай икемдейді. Дегенмен «болашақта зиялы ұғымы жойылып, атауы пайдаланылмай кетуі мүмкін» деген пікірлер бар. Бірақ бұл «болашақта халық құлақ асатын элита бол­майды» дегенді білдірмесе керек. Қоғам әр істе өзінің маманына құлақ асуға ба­рын­ша бейімделуі мүмкін. Мәселен, қазіргі қоғамда жекелеген салаларға қатысты жиі қолданылатын сарапшы ұғымдары (саяси са­рапшы, экономикалық сарапшы деген сияқ­ты) кеңінен қолданысқа енеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста