Жастар неге жаппай дінге бет бұрып жатыр? Бұл қауіпті ме?..

Қазақтың бір топ зиялы қауымы мен ғалымдары ел жастарының жаппай дінге бет бұруының себебін саусақпен санап, оның қауіпті жағын да Алматыда сәрсенбіде өткен «Жастар және дін: таңдау диллемасы» атты дөңгелек үстел басында түсіндіріп берді деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Елімізде дін атын жамылған жат пиғылдылар арбауына түсіп, өмірден баз кешетіндердің басым бөлігі - жастар. 2014 жылы Дін мәселелерін зерттеу орталығына осындай шағыммен 215 жас көмек сұрап хабарласқан. Ресми емес дерек көздері бойынша, 500 мыңнан астам қазақстандық соқыр сенім (оккультті дін) жетегінде кете барған, оның 80 пайызы – тағы жастар.
Философия, саясаттану және дінтану институтының докторанты Мұрат Смағұловтың мысалға келтірген әлеуметтік сауалнамасы бойынша, сұрақ қойылған жастардың 75 пайызы Құдайға сенетінін, басым бөлігі дін жолында жүргенін растаған.
Дөңгелек үстелде келтірілген деректің біріне сүйенсек, ТМД бойынша жүргізілген зерттеулер ғаламторда көп ашылатыны – діни сайттар, содан кейін ғана порнография екенін айқындайды. Бұл - мәліметтің өзі де дінге тарту таласының біздің аймақта үдеп тұрғанын дәлелдейтін факті. Сонда қайтпек керек? Жалпы, жастар жаппай дінге неге бет бұрып жатыр? Бұл қауіпті ме? Бұған Қазақстан саяси шешімдер институты (КИПР) мұрындық болған арнайы дөңгелек үстел басына жиналған қауым жауап беруге тырысты.

Дін – идеялар нарығы


Павел Банников, ақын, редактор, үш діни ағым қатарында болып атеизмге келуші:
1. Дін – идеялар нарығы. Мұндағы бәскелестік өте қатал жүруде. Өкінішке қарай, зайырлы идеялар бәсекеге қабілеттілердің қалтарысында қалып барады. Жалпы, қоғамның діншіл бола түсуі мені қатты қорқытады. Өйткені мұндай жағдайда қоғамның алды-артына өз тұрғысынан сыни қарау функциясы біртіндеп жойылады, адам өз ісіне өзі баға беруден қалады. Сондықтан бұл тақырыпты қоғамда міндетті түрде жиі көтеріп, арнайы зерттеулер жүргізіп отыру керек деп санаймын. Себебі емделмесе, сыздаған ірің өзі жарылады.
2. Ал мемлекет дінге араласу керек пе? Меніңше, жоқ. Себебі мемлекет тарапынан жасалған кез келген шектеу немесе қолдау шаралары оны саясиландыра түседі. Бұл қоғамның өзімен реттелуі тиіс дүние.
3. Кімдер дінге бет бұрады? Менің тәжірибемде, екі бағытты байқадым: біріншісі, қорғансыз жандар, екіншісі, қылмыстық жазаға тартылғандар. Бұл екі әлеуметтік топ мемлекеттен ала алмаған демеуді діннен тауып, қоғамдағы орнын айқындағысы келеді.

Асыра мұсылмандандыру процесі ұлттық салт-дәстүрді жоюы мүмкін


Қанат Нұров, «Аспандау» ғылыми-білім беру орталығының президенті:
1. Әр адам рухани азықты қажет етеді. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан онымен санасып, рухани азықты қоғамға ұдайы ұсынып отыру керек. Әйтпесе рухани кеңістік діни және дін атын жамылғандардың құндылығымен толыға бастайды, өйткені адамдар морал мен ар-ождан ілімін қажет етеді. Алайда қандай да бір моралды күштеп тануға болмайды.
2. Асыра мұсылмандану процесі қауіпті ме? Әрине, қауіпті. Бұл арада үш қырын атауға болады. Біріншісі – теократизация. Қай заманды, қай уақытты алмасаңыз ислам мемлекеттік басқару ісіне араласуға ұмтылып отыратынын байқау қиын емес. Екіншісі – жаппай мұсылманданудың ақыры ұлттың салт-дәстүрдің, ұлттық құндылықтардың сұйылуына әкеп соғады. Үшіншіден, кез келген дін қоғамды жұмылдырады дегеннен гөрі, керісінше бөлшектейді. Қоғамдағы үрей, меніңше, осы үш қауіп-қатердің куәсі болуынан туындауда секілді.
3. Не істеу керек? Бұл арада зиялы қауым алдында үлкен жауапкершілік пен міндет тұр. Әрине, бұл іске мемлекеттің өзі мұрындық болуы тиіс. Сөйтіп үлгі-өнегелік дүнияуи (діни емес), ұлттық мәдениет пен идеологияны жандандырып, қоғамның діни көзқарасына қарай бөлшектелуіне нүкте қоюымыз шарт. Әрине, бұл өте ауқымды да қиын жұмыс.

Миы уланған жасты сауықтырудың бір құралы - Кристофер Хитченстің кітабы


Олег Борецкий, философ, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің оқытушысы:
1. Жастардың дінге бет бұруында ұлттық салт-дәстүр мен либералдық құндылықтар қақтығысының салдары бар деп есептеймін. Батыстан келген мәдениет осында қалыптасқан әдеп пен салт-сананы ақырындап ығыстырып жатқаны жасырын емес. Міне, жат мәдениеттен қорғанудың немесе оны жоққа шығарудың бір амалы дін болып алға тартылады. Тағы бір жағынан, дінді жастар тұлғалану үшін де қолданады, осы жағынан алғанда, бірқатар жастың түсінігінде ол сәнді (модный) нәрсе.
2. Көптің көңілінде деструктивті діни арбаудан айығудың жолы бар ма деген сауал болуы мүмкін. Мен шәкірттеріме бұл ретте Кристофер Хитченстің «Құдай ұлы емес: дін қалай барлығын улайды?» деген кітабын оқуға кеңес беремін. Оның көмектескен кездері болды.

Білім беру стандарттарындағы олқылықтар діннің кедергісіз өрістеуіне мүмкіндік беруде


Жанна Меңдібаева,UniverSity білім беру технологиялары бюросының директоры:
1. Маған кейде мемлекетіміздің өзі қоғамды бүтіндей дінге кетуі үшін қолынан келгеннің барлығын жасап жатқан секілді көрінеді. Әрі бұл істі аса бір ыждаһаттылықпен орындап жатқан сынды. Мысалы, еліміздің жоғары оқу орындарында үш мамандық бар: дінтану, теология және исламтану. Бұл үш мамандықты да ҚазМҰУ-дің философия факультетінен кездестіруге болады. Алдыңғы екеуі бойынша дүниежүзі тарихынан сынақтан өтсе, исламтанудан шығармашылық емтихан тапсырады. Сонда бұл қалай?.. Егер бұл мамандықтар салалық институтта (мысалы, Нұр Мүбаракта) қарастырылып, арнайы емтихан стандарты енгізілсе, оны түсінуге болады. Бірақ салалық емес жоғары оқу орындарына мұндай мамандықты арнайы енгізудің қандай қажеттілігі болды екен?..
Біз бөтен елдің осы негіздегі мамандық білім стандарттарын көшіріп алып, оны Білім және ғылым министрлігімен бекітіп қана қойған жоқпыз. Мысалы, елімізден Мысырдың ислам мәдениеті сынды университетін ашуға рұқсат беріп, оған грант бөлеміз. 2013 жылдың мәліметі бойынша, Нұр Мүбарак университетіне 152 грант бөлінген. Бұл - біз бен сіздердің салығыңыз. Сонда не үшін?.. Қазір ҚазМҰУ-дің философия мен саясаттану факультеті жабылу алдында тұр, өйткені оған бөлінетін гранттар мардымсыз. Бізде философтардан басқасына логика деген жақсы пән берілмейтін болған, тіпті логиканы заңгерлер де оқымайды. Жоғары оқу орындарының эстетика мен этика деген пәндермен қош айтысқалы қашан?.. Себебі мемлекет бұл пәндерге ақша бөлмейді, оны керексіз санайды. Әрине, бұдан кейін осы бос орынды толықтырған діни сана-сезім еш қиындықсыз қанатын жая түседі.
2. Бұ дүние соңына дейін зерттеліп болған жоқ. Сондықтан оған діни тұрғыда келуге мен қарсы емеспін. Бірақ адам осындай ізденісінде өз-өзін жоғалтып алмауы тиіс. Мені алаңдататыны осы. Ал адам өз-өзін жоғалтып алмас үшін бір діни таным жеткіліксіз. Сондықтан дүниені танитын өзге де білім мен аристократтық мәдениетті қоса алып жүруіміз тиіс деп санаймын.


Ерлан Смайылов, саясаттанушы, модератор:
1. Радикальдық діни ағымдар жетегінде кеткен қазақстандықтарға тоқталғым келеді. Олардың барлығы әлеуметтік жағдайы қиын болған үшін осылай адасты деп айта алмаймыз. Мәселен, олардың арасында ауқатты отбасынан, экономикалық өсім деңгейі жоғары аймақтардан шыққандар бар. Оны да айта кету керек. Мәселен, Жезқазған немесе мұнайлы өңір - Батыс Қазақстан облысы. Мұндайлар өз отбасына немесе басқа да жайттарға өзінің қарсылығын осылайша танытатын көрінеді. Ал радикальдық ұйымдарға олардың потенциалымен қатар, ақшасы да керек. Қазақстандықтар арасында бөтен елге, күмәнді топтардың шотына ақша салған бізде фактілер кездескен. Мамандар айтып отырғандай, қандай да бір күдікті ұйымның жетегіне кеткендер өзінше ойлап, пайым шығарудан қалып кетеді. Қауіптісі – осы.
2. Сондықтан мұның алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жасалуы тиіс. Біздің Дін істер агенттігі бастаған дәстүрлі діндер институттары бұл бағытта көп тер төгуде. Бірақ ол әлі де жеткіліксіз. Бұған қоғам болып ат салысқанымыз жақсы болар еді. Әрқайсымыз дін жолында адасқандарға қалай көмектесеміз, соны ойлауымыз керек. Олардан қорқып-үркудің еш қажеті жоқ, өйткені олар біздің көмегімізге зәру жандар.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста