Шыңжаң халқы үрей құшағында. Олай дейтінімз, соңғы бірнеше жыл көлемінде өлке аумағында ондаған ірілі-ұсақты жарылыс болған. Басты ұйымдастырушысы, Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесін өздерінің атақонысы санаған ұйғыр сепаратистері. Өткен жексенбі, Өлкеге қарасты Байынғолин моңғыл автономиялы облысының Лун Тәй ауданына қарасты бір сауда орталығының қақпасы, Яң Чия қалашығы, Терекбазар ауылында жарылыс болып, салдарынан 2 азамат қаза болып, 20 шақты адам жарақат алды. Қытайдың Чи Лу ақпараттық сайытының мәліметіне сүйенсек, бүгінде жергілікті өңірде жағдай қалыпты. Жарылыстан зардап шеккен жандар жақын маңдағы ауруханаға жөнелтіліпті.
Қытай сарапшыларының мәлімдемесіне сүйенер болсақ, Лун Тәй ауданы Тиян Чиян тауының оңтүстік бөктерінде, Тарым ойпатының солтүстік жағалауында болып, ол ежелгі Таң, Юан патшалығы тұсында-ақ «Лун Тәй» деп аталынып, көне жібек жолы бойындағы маңызды орталық саналған. Бүгінде Ұланбай су қоймасының оңтүстігінде Ұланбай (қытайша Лун Тәй) ежелгі шаһарының орны сақталған. Әрі 314 мемлекеттік автожолы, Оңтүстік Шыңжаң темір жолы, Такламакан құмды шөл авто дәлізімен тоқайласады. Құрамындағы 7 ауыл, 4 қыстақ, 3 ауыл шаруашылық алаңында ұйғыр, қытай сынды 7 ұлттан құралған 121 мың халық тұрады екен. Ондағы ұйғырлар 70 мыңнан асып, басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Өлке орталығы--Үрімжі қаласынан 360 шақырым, көршілес Корла қаласынан 187 шақырым қашықтықта орналасқан. Жалпы аумағы 14789 шаршы шақырым. Сепаратистердің бұл жерді таңдауының
- Мұндағы жарылыс бірдей уақытта мақсатты түрде ұйымдастырылған ба?,- деген заңды сұрақ туындайтыны рас. Қытай билік өкілдерінің пікірі төмендегідей:
- Лун Тәй ауданындағы жарылыстың басты ұйымдастырушылары Қытайдағы аз санды ұлт өкілдері. Оның ішінде ұйғыр ұлтшылдары. Көбінесе, өзі өмір сүріп отырған қоғамға, әрі күнделікті күн көрісіне көңілі толмаған, ойларында өздері отырақтасқан жерлерін Ішкі өлкелерден келгген ханзулар жаулап алуда деген ниеттегі адамдардың істеген арандатушылығы деп санауға болады. Мұның сыртында ат төбеліндей сыртқы лаңкестік күштердің, түрлі днни ұшқары ағымдардың да бұл жарылысқа қатысы бар. «Шыңжаң» деген бұл атау ханзу ұлтына бейтаныс емес. Ол—ұлан-байтақ Қытай елінің айрылмас бір бөлшегі. Тек, осыдан 300 жыл ілгері Чиң, Чау патшалықтары тұсындағы үлкенді-кішілі Қожалардың бұлгіншілігі кезінде аздап байланыс үзіліп қалғаны болмаса, әр кезеңде отанымыздың бір шеті болып есептелінген.
Естеріңізге салар болсақ, биыл 30 сәуір күні Үрімжі қаласының темір жол станциясында да жойқын жарылыс туылған болатын. Оқиға Қытай елінің төрағасы Ши Жииньпиннің Шыңжаңдағы сапарын аяқтауына тұспа-тұс келген. Өкінішке қарай, бұл жарылыс «Қытай қазір ең күрделі сыртқы және ішкі қауіптерге дүп келіп отыр. Шыңжаң автономиясы террозизммен күресудің «алғы шебі»… қазіргі жағдай күрделі, біз террористер және бүлікшілермен күресуде өнімді шаралар қолдануға мұқтажбыз,- деп Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Қашғар қаласында сөйлеген сөзінен күн өтпей туылып отыр.
Нәтижесінде, үш адам қаза тауып, 79 адам жараланған. Қытайдың Чинь Хуа ақпараттық агенттігінің мәлімдеуінше, жарылыс жергілікті уақыт кешкі жетілер шамасында Үрімжі қаласының оңтүстігіндегі темір жол станциясының жүк қоймасынан шыға берісінде орын алған. Қытай билігі бұл оқиғаны «Террористік шабуыл» деп хабарлады.
Осыдан көп өтпей ұйғыр ұлтшылдары ғаламторда мұнан кейінгі жарылыс нысаны автовокзалдар мен ірі сауда орталықтары екендігін айтқан болатын. Сондықтан, Қытай полициялары жолаушылар мен сауда орталықтарының алармандарын күнделікті тексерумен әлектенуде. Әсіресе, жолаушылар автобусына мінген бес түрлі сипаттағы азаматтарды (Басы-көзін әсіре тұмшалаған, қалыпсыз сақал-мұрт өсірген, ай, жұлдыз, бөрі тектес суреттер мен белгілер басылған киім немесе бұйыммен жүргендер, хиджаб кигендер) қатаң қадағалауда. Қытай билігін сарсаңға салған үздіксіз жарылыстардың құрбаны көбіне қарапайым халық екендігі анық. Мәселен, 2009 жылы Үрімжі қаласында туылған этникалық ұйғырлардың толқуында екі жүзге жуық адам қаза тапқан. Мұның басым көбісі көшедегі бейбіт тұрғын екендігінде дау жоқ.
Жарылыспен "тәуелсіздік" талап етуде
Последние статьи автора